YouVersion Logo
Search Icon

Малахи 2

2
Діни қызметкерлерге қатаң ескерту
1— Ал мынау Менің сендерге арнаған ескертуім, уа, діни қызметкерлер! 2Мені тыңдап, есімімді шын жүректен құрметтеуге берік шешім қабылдаңдар! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Әйтпесе Мен сендердің өздеріңе қарғыс жіберемін, әрі сендердің халыққа берген баталарыңды#2:2 Діни қызметкерлер Құдайдың атынан халыққа бата беруге міндетті еді (Рул 6:23-27). қарғысқа айналдырамын. Иә, тіпті қазірдің өзінде Мен оларды қарғысқа айналдырдым! Себебі сендер Менің есімімді шын жүректен құрметтемейсіңдер.
3Сендердің кесірлеріңнен Мен ұрпақтарыңды жазалаймын.#2:3 (Пат1 2:29-30) Немесе: Мен (егістікте сепкен) тұқымдарыңды бүлдіремін (Леу 26:16; Заң 28:38; Жое 1:17). Өз мейрамдарыңда ұсынылған құрбандықтарыңның жынын беттеріңе жағамын. Сонда сендер соларыңмен бірге қоқыс төгілетін жерге#2:3 Яғни ел қонысының сыртына (Леу 8:17; 16:27). әкетілесіңдер. 4Осылай сендер Леуі руымен жасаған Келісімімнің#2:4 2:5,8; Рул 3:11-13,45; 18:21-22; Заң 21:5; Нех 13:29. өз күшінде қалуын көздеп өздеріңе осы ескертуді жібергеннің Мен екенімді білетін боласыңдар, — дейді Әлемнің Иесі. — 5Менің Леуі руымен жасаған Келісімім өмір мен амандықты мақсат еткен. Мен осы екеуін де оларға сыйлап келдім. Леуіліктер Менің есімімді қастерлеуге тиіс еді. Бастапқы кезде олар Менің есімімнің алдында дірілдеп қорқып, оны терең қастерледі де.#2:5 Рул 25:1-13. 6Ауыздарынан тек шынайы тәлім ғана шығып, олар еш өтірік айтпайтын. Леуіліктер Менімен байланысып тыныш та әділ жүрді, әрі көптеген адамды теріс жолдарынан қайтарды.
7Себебі діни қызметкердің аузынан шыққан сөздері білімді сақтайды. Адамдар оның айтқандарынан тәлім алуға ізденулері керек. Себебі ол — Әлемнің Иесінің хабаршысы. 8Бірақ сендер осы жолдан тайып кеттіңдер. Берген тәлімдеріңмен көптеген адамды адастырдыңдар. Сендер Леуімен жасасқан Келісімімді бұздыңдар! — Әлемнің Иесі осыны әшкерелейді. — 9Сондықтан да Мен сендерді бүкіл халыққа абыройсыз етіп, олардың көз алдында масқаралап, төмендеттім. Себебі сендер Менің тура жолыммен жүрмедіңдер. Таурат заңымды жүзеге асырғанда адамның бет-жүзіне қарадыңдар.
Яһуда халқының опасыздығы
10Біздің бәріміздің көктегі Әкеміз бірдей ғой! Бәрімізді де бір Құдай жаратқан жоқ па?!#2:10 Иш 43:1; 63:16; 64:8; Заң 32:6. Ендеше неліктен біз бір-бірімізге опасыздық жасап, Жаратқан Иенің ата-бабаларымызбен жасаған Келісімін бұзамыз?
11Яһуда халқы опасыздық жасады. Исраил мен Иерусалимнің ер адамдары жексұрын іс істеді! Олар бөгде тәңірге табынатын әйелдерге үйленіп, Жаратқан Ие сүйген киелі орынды арамдады. 12Мұны істеген не соны жақтаған әрбір адам тіпті Әлемнің Иесіне арнап сый-тарту әкелетін болса да, Жаратқан Ие оны Исраилдің елді мекендерінен#2:12 Немесе: Жақыптың шатырларынан (Рул 24:5). аластатсын!
13Сендер тағы мынаны да істейсіңдер: Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне көз жастарыңды төгіп, қынжылып жылайсыңдар. Себебі Ол сендердің құрбандықтарыңа көңіл бөліп, оларды сендерден ризалықпен қабылдаудан бас тартады. 14Ал сендер: «Неге?» деп сұрайсыңдар. Өйткені сендер жастай үйленген әйелдеріңе адал болмай, өмірлік жар боламын деп берген серттеріңнен тайдыңдар.#2:14 2:15; 3:5. Бірақ сендердің әйелдеріңмен жасаған келісімдеріңе Жаратқан Иенің Өзі куә болған еді.
15Құдай ерлі-зайыптыны біртұтас болуға жаратпады ма?#2:15 Жар 2:24; 1:28. Олар жан-тәндерімен Оның меншігі. Құдай сендерден нені қалайды? Ол құдайшыл ұрпақтардың өсіп-өрбуін қалайды. Сонымен әрқайсың жан дүниелеріңді таза сақтап жүріңдер! Ешқайсың жастай некелескен әйелдеріңе опасыздық жасамаңдар!
16«Себебі Мен ерлі-зайыптының ажырасқанын жек көремін! — деп жариялайды Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие. — Сол ісі оның әйелін зорлықпен бүркеп тастағанымен бірдей болады. Сондықтан (әйелдеріңе) опасыздық жасамау үшін жан дүниелеріңе қырағы болыңдар!» — деп ескертеді Әлемнің Иесі.
Жаратқан Иенің жақында халқына келуі
17Сендер айтқан сөздеріңмен Жаратқан Иеге ауыртпалық түсірдіңдер. Бірақ та «Біз Оған қалайша ауыртпалық түсірдік?» деп сұрайсыңдар. Сендер: «Зұлымдық жасайтындарды Жаратқан Ие жақсы көріп, оларға риза болады екен!» дейсіңдер де, «Әділдікті қорғайтын Құдай қайда?»#2:17 (Иш 5:18-21; Соф 1:12) Немесе: «Сот жүргізетін Құдай қайда?» деп сұрайсыңдар.

Currently Selected:

Малахи 2: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy