Зәкәрия 1

1
Жаратқан Иенің Исраилді Өзіне қайтуға шақыруы
1Дарийдің (парсы патшалығына билік жүргізген) екінші жылының сегізінші айында#1:1 Б.з.д. 520 ж. қараша айында. (Хүстаспес ұлы Дарий парсы патшалығына б.з.д. 522-486 жж. билік жүргізді: Хақ 1:1; Езр 5:1.) Жаратқан Ие Барақияхтың ұлы, Иддоның#1:1 Иддо Бабылдан қайтып келген діни қызметкерлердің бірі болып тіркелген еді (Нех 12:4). немересі Зәкәрия пайғамбарға сөзін арнап былай деді:
2— Мен, Жаратқан Ие, сендердің ата-бабаларыңа қатты ашуланған едім. 3Сондықтан халыққа былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер! Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — 4Ата-бабаларың сияқты болмаңдар! Ежелгі пайғамбарлар оларға былай деп дауыстап ескертетін: «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Зұлым жолдарыңнан қайтып, сұмдық істеріңді тастаңдар!» Алайда ата-бабаларың Маған құлақ салып, тыңдаудан бас тартты, — деп сақтандырады Жаратқан Ие. — 5Сол ата-бабаларың қазір қайда екен? Ежелгі пайғамбарлар да мәңгі өмір сүрген жоқ. 6Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады.
Бірінші көрініс: жасыл бұталардың арасындағы салт атты
7Персияға Дарий патшалық құрған екінші жылының он бірінші, яғни шебат, айының#1:7 Демек, б.з.д. 519 ж. ақпан айында. жиырма төртінші күні Жаратқан Ие Барақияхтың ұлы, Иддоның немересі Зәкәрия пайғамбарға тағы да сөзін арнады. (Бұл туралы Зәкәрия былай деп баяндады:) 8Түнде мен жирен атқа мінген бір адамды көрдім. Ол аңғардағы жасыл бұталардың#1:8 Яки: мирта бұталарының. (Мирта: хош иісті, ақ гүлді мәңгі жасыл өсімдік: Иш 41:19; 55:13.) арасында тұр екен. Оның артында жирен, торы және ақбоз аттарға мінгендер болды. 9Сонда мен:
— Мырзам, бұл не екен? — деп сұрадым. Менімен сөйлесіп тұрған періште маған:
— Оның не екенін саған көрсетемін, — деді. 10Сонда жасыл бұталардың арасында тұрған салт атты:
— Бұлар Жаратқан Иенің жер бетін шолып келуге жіберген шолғыншылары, — деп жауап берді.
11Салт аттылар Жаратқан Иенің жасыл бұталардың арасында тұрған періштесіне:#1:11 Жаратқан Иенің періштесі: Бил 6:11,14; 13:3,9,16-20. «Біз күллі жер бетін шолып шықтық. Бүкіл жер беті тыныш та бейқам тұрып жатыр», — деп баяндады.
12Осыдан кейін Жаратқан Иенің періштесі: «Уа, Әлемнің Иесі, осы өткен жетпіс жыл бойы Сен Иерусалимге және Яһуда елінің басқа қалаларына қаһарланып келдің.#1:12 Ерм 25:11-12; Дан 9:2-3,11-16; Шеж2 36:21. Қашанға дейін оларға рақымыңды көрсетуден бас тартпақсың?» — деп өтінді.
13Сонда Жаратқан Ие менімен сөйлесіп тұрған періштеге мейірімді де жұбанышты сөздермен жауап қатты. 14Әлгі періште маған бұрылып, былай деді:
— Сен мына хабарды жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Мен Иерусалим қаласын және Сион тауын зор ынтызарлықпен сүйемін. 15Ал бейқам тұрып жатқан сол елдерге қатты ашулымын. Себебі Мен халқыма едәуір ашуланған кезде олар оған тым көп зорлық-зомбылық жасады.#1:15 1:19; Иш 10:5; 47:6; 54:8; Ерм 25:9; 51:24.16Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен Иерусалимге мейірімімді төгу үшін қайтып келе жатырмын. Осы қалада Менің киелі үйім қайтадан салынып, құрылысшылар өлшеуіш жіптерін тартатын болады». — Әлемнің Иесі осыны уәде етеді.
17Тағы былай деп те жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Менің қалаларым қайтадан ағыл-тегіл дәулетке кенеледі. Мен, Жаратқан Ие, тағы да Сионды жұбатып, Иерусалимді Өзімнің қалам деп таңдап аламын».
Екінші көрініс: төрт мүйіз бен төрт ұста
18Мұнан кейін мен жоғары қарағанда, көз алдымда тұрған төрт мүйізді көрдім. 19Өзіммен сөйлескен періштеден:
— Мыналар не? — деп сұрадым. Ол маған:
— Бұл мүйіздер Яһуданы, Солтүстік Исраилді және Иерусалимді бытыратып жіберген күшті елдерді білдіреді, — деп түсіндірді.
20Содан соң Жаратқан Ие маған төрт ұстаны көрсетті. 21Мен:
— Мына ұсталар не істейін деп жатыр? — деп сұрадым. Періште былай деп жауап берді:
— Әлгі мүйіз іспетті күшті елдер Яһуда халқын ешкім бас көтере алмайтындай етіп бытыратып жіберген еді. Бірақ мына ұсталар сол елдерді қорқытып, жерге құлатып құрту үшін келді.

Kleurmerk

Deel

Kopieer

None

Wil jy jou kleurmerke oor al jou toestelle gestoor hê? Teken in of teken aan