YouVersion 標識
搜索圖示

Мысырдан шығу 32

32
Халықтың жас бұқа мүсініне табынып күнәға батуы
1Ал Мұсаның таудың басынан ұзақ уақыт бойы төмен түспегенін көрген халық Һаронның қасына жиналып:
— Кәне, бізге алдымызда жүріп отыратын тәңір мүсіндерін#32:1 (20:3-5) Немесе: тәңірлерді, яки: тәңірді. жасап беріңіз! Себебі бізді Мысыр жерінен бастап алып шыққан анау Мұса болса, оған не болғанын білмейміз, — деді. 2Һарон оларға:
— Ендеше әйелдерің мен ұл-қыздарыңның құлақтарындағы алтын сырғаларын шешіп алып, маған әкеліп беріңдер, — деп жауап қайырды. 3Сонда бүкіл жұрт құлақтарынан алтын сырғаларын шешіп алып, Һаронға әкеліп берді. 4Һарон сырғаларды қолдарынан қабыл алып, балқытып, құралмен қағып, жас бұқа мүсінін жасады.#32:4 Немесе: балқытып, жас бұқа мүсінін құйып жасады (Бил 17:3-4). Сонда халық:
— Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы! — десті. 5Мұны көрген Һарон мүсіннің қарсы алдынан құрбандық ұсынатын орын тұрғызып, қатты дауыстап:
— Ертең Жаратқан Иеге арналған мейрам болады! — деп жариялады.
6Олар келесі күні ерте тұрып, құрбандық шалып, өртеп жіберді. Содан соң басқа да мал алып келіп, ризашылық құрбандығы ретінде шалды. Халық жайғасып отырып, құрбандықтан ішіп-жеді; біраздан кейін олар азғын ойындар ойнау үшін орындарынан тұрды.
7Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
— Тезірек төмен түс! Сен Мысырдан бастап алып шыққан халқың азғындыққа салынды! 8Олар Мен өздеріне өсиет еткен жолдан лезде тайып шығып, алтыннан құйылған жас бұқа мүсінін жасап алды. Соған иіліп құлшылық етіп, құрбандық шалып, «Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы!» десті.
9Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:
— Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін, оның тоң мойын қыңыр екеніне көзім жетті. 10Енді Мені тоқтатуға тырыспа! Қаһарым лаулап, оларды құртып жібермекпін. Содан кейін өзіңнен үлкен бір халықты жаратамын.
11Бірақ Мұса Құдай Иесіне жалбарынып былай деді:
— Уа, Жаратқан Ие! Өзің Мысырдан ұлы күшпен, құдіретті қолыңмен бастап алып шыққан халқыңа қарсы неге қаһарың лаулайды? 12Егер солай істесең, онда мысырлықтар: «Тәңір Ие оларды елімізден арам ниетпен, тауда қырып-жойып, жер бетінен жоқ қылу үшін алып шығыпты» деп жүрер. Қаһарыңды басып, халқыңа апат жіберемін деген райыңнан қайта гөр! 13Қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Исраилді#32:13 Яғни Жақыпты (Жар 32:28; 46:8). есіңе түсіре гөр. Оларға: «Сендердің ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейтіп, Өзім беруге уәде еткен осы жерді сыйлаймын, олар соны мәңгі иемденетін болады» деп өз атыңмен ант берген едің ғой.#32:13 Жар 12:7; 15:5,7; 17:8; 26:3-4; 28:13-14; 35:11-12.
14Сонда Жаратқан Ие халқына апат жіберемін деген ниетінен бас тартты.
15Мұса екі тас тақташаны қолына ұстап, кері бұрылып, таудың басынан төмен түсіп кетті. Тақташалардың екі бетінде: алдыңғы және артқы жақтарында Келісімнің ережелері#32:15 Яки: Келісім жайлы айғақтар. жазылған еді. 16Тас тақташаларды жасау да, беттеріндегі сөздерді ойып жазу да Құдайдың ісі болатын.#32:16 31:18.
17(Мұсаны жарты жолда қарсы алған) Ешуа#32:17 Мұса тау басына шыққанда Ешуаны сол жерге қалдырып кеткен болатын (24:13). халықтың қатты дауыстаған у-шуын естіп: «Ел қонысындағы бұл шу соғыс кезінде шығатын айқай ғой!» — деді. 18Ал Мұса: «Бұл жеңістің қуанышты үні емес, жеңілістің зарлайтын үні де емес. Қайта, мен айтылған ән-жырларды#32:18 Яки: Мен (кезекпен айтылған) ән-жырларды (15:21; Езр 3:11). естіп тұрмын», — деп жауап қайырды.
19Олар ел қонысына#32:19 Яки: шатырлы ауылға. таяп, Мұса жас бұқа мүсінін әрі би билеген халықты көргенде қаһары лаулады. Содан ол тау етегінде тұрып, қолындағы тас тақташаларды жерге лақтырып жіберіп, быт-шытын шығарды. 20Бұдан кейін исраилдіктердің жасап алған жас бұқа мүсінін алып, отқа салып құртты. Одан қалғанын ұнтақтап үгіп, суға араластырды да, соны халыққа ішкізді. 21Һаронға қарап:
— Осыншама зор күнәға батыратындай мына халық саған не істеді? — деген сұрақ қойды. 22Һарон:
— Қаһарыңызды лаулата көрмеңіз, мырзам. Бұл халықтың жамандыққа бейім екенін өзіңіз білесіз ғой. 23Олар маған былай деді: «Бізге алдымызда жүріп отыратын Тәңір мүсінін жасап беріңіз! Себебі бізді Мысыр жерінен бастап алып шыққан анау Мұса болса, оған не болғанын білмейміз». 24Мен оларға: «Кімнің алтын әшекейі болса, соларын шешіп алсын», — дедім. Олар маған алтындарын беріп, мен оны отқа салдым. Сонда одан әлгі жас бұқа шыға келді, — деп жауап берді.
Халықтың жазалануы және сапарын жалғастыруы
25Мұса халықтың жүгенсіз кетіп, Һаронның да олардың шектен шығуларына жол беріп, жауларына таба болғандарына көзі жетті. 26Сондықтан ол ел қонысының кіреберіс қақпасы алдына шығып алып:
— «Кім Жаратқан Иенің жағында болса, сол қасыма келсін!» — деп шақырды. Сонда оның қасына Леуі руының барлық ер адамдары жиналды. 27Мұса оларға:
— Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: әрқайсың семсерлеріңді белдеріңе байлап алып, қонысты бір қақпасынан екінші қақпасына дейін әрі-бері аралай жүре, (күнәға батқан) бауырларың, дос-жарандарың мен көршілеріңнің көзін құртыңдар! — деді. 28Леуіліктер оның айтқандарын орындап, сол күні халықтың үш мыңдайы өлім құшты.
29Содан кейін Мұса Леуі руының адамдарын тағы да жинап алып:
— Бүгін сендер Жаратқан Иенің қызметіне толықтай бағышталып, тағайындалдыңдар.#32:29 Немесе: өздеріңді бағыштаңдар. Себебі өз ұлдарың мен бауырларыңды аямай, (Оның еркін орындадыңдар). Содан Ол сендерге бүгін Өзінің жарылқауын төкті, — деді.
30Келесі күні Мұса халыққа:
— Сендер зор күнә жасадыңдар! Бірақ мен қазір қайтадан тау басына көтеріліп, Жаратқан Иенің алдына барамын. Мүмкін, сендердің жасаған күнәларың үшін Оның кешірімін ала алармын,#32:30 Яки: сендерді жасаған күнәларыңның арамдығынан тазарта алармын (Рул 25:13). — деді.
31Сонымен Мұса Жаратқан Иенің алдына қайтып барып:
— О, Ием, бұл халық зор күнәға батып, алтыннан тәңір мүсінін#32:31 Немесе: тәңір мүсіндерін. жасап алыпты. 32Дегенмен олардың күнәсін кешіре гөр. Егер олай істемесең, онда (өз адамдарыңның есімдерін) жазып қойған кітабыңнан#32:32 Яки: (Мәңгілік өмір) кітабыңнан (Жыр 68:29; Иш 4:3). менің де есімімді сызып таста, — деп өтінді.
33Ал Жаратқан Ие Мұсаға:
— Бұл кітабымнан Менің алдымда күнә жасағандардың (есімдерін) сызып тастаймын. 34Ал қазір бар да, халықты Мен айтқан жерге бастап алып бар. Міне, періштем#32:34 3:2-4; 14:19; 33:5. алдыңда жүріп отырмақ. Менің соттайтын күнім жеткенде оларды бұл күнәлары үшін жазалайтын боламын, — деп жауап берді.
35Кейінірек Жаратқан Ие халықты Һарон жасаған жас бұқа мүсініне табынғандарына бола індет жіберіп жазалады.

醒目顯示

分享

複製

None

想要在所有設備上保存你的醒目顯示嗎? 註冊或登入