Мысырдан шығу 31
31
Шеберлердің тағайындалуы
1Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
2— Біліп ал: Мен Яһуда руынан шыққан Һұрдың немересі, Ұри ұлы Беселиелді арнайы таңдап алдым. 3Оны Құдай Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойдым.#31:3 35:31; Жар 41:38; Пат1 7:14. 4Оған алтын, күміс, қола бұйымдарға көркем өрнектер жасауға, 5асыл тастарды қашап өңдеп, жиектемеге қондыруға, ағаш кесіп, жонып, оюлап әшекейлеуге және кез келген көркем өнер жұмысын істеуге қабілет бердім.
6Мынаны да біліп ал: Мен оған Дан руынан шыққан Ахисамах ұлы Аһолияпты көмекші етіп тағайындап отырмын. Мен өзіңе тапсырғандардың барлығын жасаулары үшін күллі ақылдыларға тағы да молынан ақыл-парасат дарытамын. Сондықтан олар Мен өзіңе бұйырған мына нәрселердің бәрін жасай алады:
7Кездесу шатырын, Келісім сандығын және оның үстіндегі қақпағын#31:7 25:17. әрі киелі шатырдың барлық басқа бұйымдарын; 8нан тартулары қойылатын үстел мен оның үстіндегі ыдыстарды, саф алтыннан жасалған шам қойғыш пен құралдарын, хош иісті заттарды түтету үстелін, 9шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді және оған керекті құрал-саймандарды, тазару рәсіміне арналған қазан мен оның тұғырын; 10сондай-ақ, кестеленіп тоқылған киімдерді: діни қызметкер Һаронның арнайы киімдерін және оның ұлдары діни қызмет атқарғанда киіп жүретін киімдерді, 11тағайындау рәсімінде қолданылатын майды және киелі орынға арналған хош иісті түтету заттарын. Шеберлер бұлардың бәрін Мен өзіңе бұйырғандай етіп жасайтын болады.
Демалыс күні туралы ереже
12Жаратқан Ие Мұсаға былай деп те тапсырды:
13— Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Менің демалыс күні туралы ережелерімді сақтаңдар! Себебі бұл — бүкіл келешек ұрпақтарың үшін Менімен сендердің араларыңда жасалған Келісімнің белгісі. Ол арқылы Менің сендерді жалғыз Өзіме бағыштап қасиетті еткен#31:13 Немесе: сендерді Өзіме бағыштап қасиетті меншігім еткен (19:3-6; 20:1-4,8-10; Леу 11:45). Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. 14Сонымен демалыс күнін сақтаңдар, ол сендер үшін қасиетті күн. Оны қорлаған әркім өлтірілуге тиіс. Демалыс күні жұмыс істеген адам өз халқының арасынан аластатылуы қажет. 15Аптасына алты күн бойы жұмыс істеулеріңе болады, ал жетінші күн — Жаратқан Иеге бағышталған демалыс, сол күні тынығыңдар! Кімде-кім жетінші күні жұмыс істейтін болса, сол өлтірілуге тиіс. 16Исраилдің үрім-бұтағы демалыс күнін сақтап, келешек ұрпақтары да оны тұрақты Келісім ретінде орындай берсін! 17Бұл мәңгі бақи Менімен Исраил халқы арасында жасалған Келісімнің белгісі болмақ!#31:17 31:13.
Себебі Жаратқан Ие алты күн ішінде аспан мен жерді жаратып, жетінші күні демалып тынықты.#31:17 20:11; Жар 1:31; 2:2-3.
18Жаратқан Ие Синай тауының басында Мұсаға арнаған сөзін бітіргеннен кейін оған өз қолымен Келісімнің ережелерін жазған#31:18 Немесе: өз саусағымен Келісімнің айғақтарын жазған. (Келісімге шақырған жақ пенде емес, Жаратқан Ие болғандықтан, соның шарттарын жазып немесе хабаршысына жаздырып қою Оның өз еркінде еді: 32:15-16.) екі тас тақташаны табыс етті.
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.