Мысырдан шығу 33
33
1Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып, былай деп бұйырды: «Өзің және Мысырдан бастап алып шыққан халқың бұл жерді тастап, әрі қарай жүріңдер! Мен «өз ұрпақтарыңа табыстаймын» деп Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа уәде еткен елге көшіп барыңдар. 2Сенің алдыңда жүріп отыратын періштені жіберемін, әрі қанахандықтар, аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді сол елден қуып шығамын. 3Періштем сендерді ағы мен балы ағыл-тегіл сол жерге бастап алып барады. Бірақ Өзім араларыңда жүріп бірге бармаймын. Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар, сондықтан сендерді жолшыбай қырып тастауым қажет болар еді».
4Мұндай қатты сөздерді естіген халық зар еңіреп, ешқайсысы да әшекейлерін тақпады.#33:4 Яки: әдемі өрнектелген киімдерін кимеді. 5Себебі Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырған болатын: «Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар. Мен араларыңда бір-ақ сәт бірге жүретін болсам, сендерді жоқ қылуым қажет болар еді. Қазір әшекейлеріңді шешіп тастаңдар. Ал Мен сендермен не істеуді ұйғарамын». 6Сондықтан исраилдіктер Хориб тауында#33:6 Яғни Синай тауында (3:1; 31:18). әшекейлерін шешіп тастап, енді қайтып тақпайтын болды.
Мұсаның Құдаймен кездесетін шатыры
7Ал Мұса (бұдан былай) ел қонысынан тыс,#33:7 Яки: ауылдан тыс. одан алысырақ жерде шатыр тігіп, оны кездесу шатыры деп атады. Жаратқан Иенің еркін сұрап білгісі келген#33:7 Жар 25:22; Пат1 22:5. әркім қоныстан шығып, осы шатырға баратын. 8Мұса кездесу шатырына беттеген сайын, бүкіл халық үйлерінің есіктерінің алдынан ол шатырға кіріп кеткенге дейін артынан қарап тұратын. 9Мұса шатырға кіргенде, бұлт бағанасы төмен түсіп, шатыр алдына орналасатын. Сол кезде Жаратқан Ие Мұсамен тілдесетін. 10Бұлт бағанасын шатыр есігінің алдынан көрісімен-ақ, күллі халық орындарынан көтеріліп, әркім өз шатырының кіреберісінен Құдайға иіліп ғибадат ететін. 11Жаратқан Ие Мұсамен адамның жақын досымен бетпе-бет сөйлескеніндей сөйлесетін.#33:11 33:9; Рул 12:8; Заң 34:10. Мұса кейінірек ел қонысына қайтып оралатын, ал оның жас көмекшісі Нұн ұлы Ешуа#33:11 24:13; 32:17. кездесу шатырының қасынан кетпейтін.
Құдайдың Мұсаға нұрлы салтанатпен аян беруі
12Бірде Мұса Жаратқан Иеге жалбарына тіл қатып:
— Я, Ием, Сен маған: «Халықты сол елге өрлетіп бастап алып жүр» деп келесің. Бірақ менімен бірге кімді жіберетініңді білдірген жоқсың. Алайда Маған: «Есіміңді жадымда сақтап сені жақыннан танимын және саған ризамын» деген едің ғой. 13Егер де маған риза болсаң, (бізді жүргізетін) өз жолдарыңды білдіре гөр. Сонда мен Өзіңмен тығыз байланыста тұрамын, келешекте де Сенің рақымың маған түсетін болады.#33:13 Яки: Егер де маған рақымың түскен болса, Сенің біз туралы ниетіңді аша гөр. Сонда мен Сені жақыннан танып, Сен маған келешекте де риза боласың (33:2-3). Мына ұлттың Өзіңнің таңдап алған халқың екенін есіңнен шығара көрме, — деді. 14Жаратқан Ие:
— Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды. 15Сонда Мұса былай деп өтінді:
— Егер Өзің бірге барып жар болмасаң, бізді бұл жерден уәделі елге апара көрме. 16Маған және өз халқыңа Сенің рақымыңның түсіп тұрғанын қайдан біле аламыз? Өзіңнің бізбен бірге жүргеніңнен емес пе? Мені және халқыңды жер бетіндегі басқа күллі халықтардан ерекше қылып ажырататын соның өзі ғой.
17Жаратқан Ие оған:
— Жарайды, сенің сұрағаныңды орындаймын. Өйткені Мен саған ризамын, сені жақыннан танимын да, — деп уәде берді.
18Сонда Мұса:
— Ендеше маған Сенің нұрлы салтанатыңды#33:18 (24:16; 33:22; 40:34) Яки: салтанатты ұлылығыңды. көрсете гөр, — деп өтінді. 19Жаратқан Ие оған былай деп жауап қайтарды:
— Мен сенің алдыңнан бүкіл игілігімді#33:19 Яки: салтанатымды. өте шығатын етіп, қасыңда «Жаратқан Ие»#33:19 Яки: «Мәңгі Бар Болушы» (3:14-15). деген есімімді атап шақырамын. Мен қалаған адамыма рақымды боламын, таңдап алғаныма мейірімімді шашамын. 20Бірақ бет-жүзімді көруіңе болмайды, өйткені оны көрген пенде тірі қалмайды. — 21Бұдан кейін Жаратқан Ие сөзін жалғастырып былай деді: — Алайда, міне, қасымда бір орын бар: мына жартаста тұр. 22Менің нұрлы салтанатым жаныңнан өтіп бара жатқан кезде сені жартастың жарығына тұрғызып,#33:22 Жыр 17:3; 26:5; 61:7. Өзім қасыңнан өтіп кеткенше алақаныммен көлегейлеймін. 23Содан кейін қолымды аламын, сонда Мені ту сыртымнан көре аласың. Ал бет-жүзімді ешкімнің көруіне болмайды.
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.