YouVersion လိုဂို
ရှာရန် အိုင်ကွန်

Жоханның 3-хаты 1

1
Арнау және сәлем
1Ақсақалдан#1:1 Немесе: Қауым жетекшісінен. өзі шын жүректен жақсы көретін қымбатты Гайға дұғай сәлем! 2Сүйікті бауырым! Сенің рухани өміріңнің сау болғанындай, саған барлық жағынан да Құдайдан игілік пен денсаулық тілеймін. 3Кейбір бауырластар келіп, сенің шындыққа адал болып, үнемі шындық жолымен жүріп келе жатқаныңды хабарлағанда, мен қатты қуандым. 4Рухани балаларымның шындық жолымен жүріп жатқанын естуден артық маған қуаныш жоқ.
Құдайдың адал қызметшілерін жылы жүзбен қабылдау
5Сүйікті бауырым, сендерге сапарлап келген бауырластарымыз өзіңе таныс болмаса да, оларға демеу болып дұрыс істеп жүрсің. 6Олар осындағы қауым алдында сенің сүйіспеншілігіңе куәгер болды. Мұндайларды Құдайдың адамдарына лайық түрде жолға жабдықтап, шығарып салсаң, игі болады. 7Себебі олар бұл сапарға Оның атын таныту үшін#1:7 Немесе: Мәсіхтің аты үшін. шықты және Оған сенбейтіндерден ешқандай жәрдем алмайды. 8Сондықтан осындай кісілерді қолдау — біздің міндетіміз; шындықты таратуға осылай үлесімізді қосамыз.
Өркөкірек жетекші әрі адал сенуші
9Мен қауымға жазып жібердім, бірақ олардың басшысы болуға тырысып жүрген Диотреф бізді мойындамайды. 10Сондықтан барған кезде оның істегендерінің бәрін есіне саламын: ол бізді жаман сөзбен өсектеп жүр; ал соған да қанағаттанбай, сапармен келген бауырластарымызды өзі де қабылдамайды, басқаларға да қабылдатпайды. Оларды қарсы алғандарды тіпті қауымнан шығарып тастайды.
11Сүйікті бауырым, жамандыққа еліктемей, жақсылыққа елікте! Жақсылық істейтін адам Құдайдікі, ал жамандық жасаушы Құдайды білмейді.
12Деметір туралы елдің бәрі жақсы пікір айтады. Ол шындыққа сай әрекет жасайды.#1:12 Немесе: Оған шындықтың өзі де куә. Біз де соған куәлік етіп жүрміз, ал сендер шындықты айтатынымызды білесіңдер.
Қоштасу
13Саған әлі де көп нәрсе жазуым керек еді, бірақ оны жазғым келмейді. 14Сені жақын арада көретін шығармын деген үмітім бар, сонда екеуіміз ауызба-ауыз сөйлесеміз. 15Саған амандық пен тыныштық болсын! Бұл жақтағы достарың сәлем айтып жатыр. Сол жақтағы достардың бас-басына сәлем айт!

လက်ရှိရွေးချယ်ထားမှု

Жоханның 3-хаты 1: КК 2010

အရောင်မှတ်ချက်

မျှဝေရန်

ကူးယူ

None

မိမိစက်ကိရိယာအားလုံးတွင် မိမိအရောင်ချယ်သောအရာများကို သိမ်းဆည်းထားလိုပါသလား။ စာရင်းသွင်းပါ (သို့) အကောင့်ဝင်လိုက်ပါ