Яһуданың хаты 1
1
Арнау және сәлем
1Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі әрі Жақыптың#1:1 Мат 13:55; Елш 12:17; 15:13; Ғал 1:19; Жақ 1:1; осы жазба туралы мәліметті де қараңыз. туған інісі Яһудадан Құдай Әке сүйіспеншілікпен Өзіне бағыштап, қасиетті халқы болуға шақырған, Иса Мәсіх аман сақтап жүрген сенушілерге дұғай сәлем: 2Ол сендерге шапағатын жаудырып, амандық, тыныштық және сүйіспеншілікті молынан сыйлай көрсін!
Алдамшы тәлім берушілерге төнген қаһарлы үкім
3Сүйікті бауырластарым, мен бар ынтаммен бәрімізге ортақ құтқарылу туралы хат жазбақшы едім. Алайда Құдайдың Өзіне бағыштаған халқына#1:3 Яки: Құдайдың Өзіне бағыштаған (қасиетті) адамдарына (1:1; Еф 1:1; Түсіндірмедегі «Киеліні» де қараңыз). біржола аманаттаған, бәріміз сенетін шынайы ілімін жан сала қорғауды ескертіп жазуымды қажет деп есептедім. 4Себебі араларыңа бірқатар адамдар білдіртпей ұрланып еніп алыпты. Осы арсыздар#1:4 Яки: Құдайға ұнамайтындар (1:15; Пет2 2:5). сотталуға баяғыда-ақ белгіленген болатын. Олар азғындықтарына сылтау ету үшін Құдайымыздың рақымы туралы Ізгі хабарды бұрмалайды. Сонымен қатар олар Иса Мәсіхті бірден-бір Әміршіміз әрі Иеміз#1:4 Немесе: Әлемнің бірден-бір Әміршісі әрі Жаратқан Иеміз (Лұқ 2:29; Елш 4:24; Флп 2:10-11). деп мойындамайды.
5Сендер ежелгі замандағы мына жайттарды түгел білсеңдер де, оларды қайтадан естеріңе салып өткім келеді: Иеміз өз халқын Мысырдан құтқарып алған еді, ал кейін көпшілігі қасарысып, сенбегенде Ол солардың көздерін құртты.#1:5 Мыс 12:51; 14:11-12; Рул 14:1-4,20-30. 6Сондай-ақ, өздерінің билік жүргізуге тиесілі орындарын сақтамай, мекен-тұрағын тастап кеткен періштелерді де ескеріңдер:#1:6 Әйүп 4:18; 15:15; Жох 8:44. Иеміз оларды соттайтын ұлы күн жеткенше, тозақтың қара түнегінде мәңгі шынжырлап сақтап отыр.
7Сол сияқты, Содом, Ғомора және маңайындағы қалаларды ұмытпаңдар: олардың тұрғындары жыныстық азғындықпен әуестеніп, табиғатқа қайшы ұятсыздықтарға салынғандары үшін жазаланды.#1:7 Жар 19:4-5,24-25. Сонымен олар мәңгілік отта азап шегетіндердің мысалы болды.#1:7 1:15; Мат 25:41; Пет2 3:7; Сал2 1:8-9.
8Дәл осылайша, араларыңдағы сол «түс көрушілер» өз тәндерін масқаралап, ешбір билікті елемей, абыройлы билеушілерді балағаттап жүр. 9Ал тіпті бас періште Михайл Мұса пайғамбардың мәйіті туралы шайтанмен айтысқанда, оны балағат сөзбен айыптауға дәті бармады. Ол «Жаратқан Ие саған жазаңды тартқызсын!» — деп қана қойды. 10Бірақ сол алдамшылар өздері түсінбеген нәрселер туралы жаман сөз айтып, қарсыласады. Олар жабайы аңдар сияқты ақылдарымен емес, түйсіктерімен ғана білген нәрселері арқылы өздері жойылып кетпек.#1:10 Пет2 2:12. 11Бұлар қасіретке қалмақ! Олар Қабыл#1:11 Қабыл туған інісі Әбілді өзімшілдік пен қызғаныштан өлтірді (Жар 4:1-12). таңдаған жолмен жүреді және Балағам іспетті өздері алатын сыйына қызығып, алдамшылыққа беріледі.#1:11 Пет2 2:15-16; Рул 22:4-20. Ақырында олар Қорах сияқты қиқарлықпен (қауым жетекшілеріне қарсы) бас көтергендері үшін құртылмақ.#1:11 Рул 16:1-35.
12Осындайлар достық дастарқандарыңа#1:12 Алғашқы қауымдар бауырластық сүйіспеншілікті танытатын достық дастарқандарын Иеміздің құрбандығын еске алатын аспен бірге өткізетін (Елш 2:46). еш қаймықпастан келіп, тойынып алып, сендерді лас дақтар сияқты ұятқа қалдырады.#1:12 Немесе: тойынып алып, көзге көрінбей, су астында тұрған құздар сияқты өте қауіпті болады. Мұндай адамдар жаман шопандай тек өз қамдарын ғана ойлайды. Олар жел айдаған жаңбырсыз ақша бұлт іспетті, әрі күзде жеміс бермейтін, тамырымен жұлынған, біржола өлген ағаш секілді ешбір пайда келтірмейді. 13Қайта, олар ұятсыз істерін паш етіп, көбік шашып, қоқыр-соқыр әкеліп жатқан теңіздің буырқанған толқындарына ұқсайды. Осы азғырушылар кезбе жұлдыздай тура бағытты сілтей алмайды; оларға тозақтың мәңгілік қара түнегі дайын тұр.#1:13 1:6; Пет2 2:17.
14Бұлар туралы адамзаттың жетінші атасы Енох#1:14 Немесе: Адам атаның туажаты (Адам атадан бастағандағы жетінші буын). Енох: Жар 5:18. (Ол Ыдырыс пайғамбар деп те аталады.) пайғамбар былай деп алдын ала айтқан еді: «Тыңдаңдар, Иеміз Өзінің он мыңдаған қасиетті нөкерлерін ертіп көктен түспек! 15Ол бәрін де соттап, әділетсіздердің зұлымдықпен істеген барлық жаман істерін де, арсыз күнәкарлардың Оған қарсы айтқан күллі қатал сөздерін де әшкерелеп, жазаларын тартқызатын болады». 16Мұндайлар ұдайы наразылық білдіріп, күңкілдеп жүреді. Олар жаман құмарлықтарына салынып, бас пайдалары үшін мақтанып, өзгелерге жағымпазданады.
Таза өмір сүріп, рухани дамып, күнәкарларды құтқару туралы
17Ал сендер, сүйікті бауырластарым, Иеміз Иса Мәсіхтің елшілерінің алдын ала айтып кеткендерін естеріңе түсіріңдерші! 18Олар сендерге: «Осы соңғы заманда өздерінің арсыз құмарлықтарына салынып, шынайы ілімді келемеждеп жүрген адамдар шығады!» — деген еді.#1:18 Пет2 3:3; Елш 20:29; Тім2 3:1-5; 4:3. 19Қауымдарға жік салатын мұндайларда Киелі Рух болмайды, қайта, олар күнәкар болмыстарының жетегінде жүреді.
20Ал сендер, сүйікті бауырластарым, өздерің сенетін Тәңір Иенің қасиетті де пәк таза ілімінің негізінде рухани өсіп толысуға ұмтылыңдар; Киелі Рухтың жетелеуімен сиыныңдар.#1:20 Яки: Киелі Рухқа кенеліп дұға етіңдер. 21Әрдайым Құдайдың сүйіспеншілігіне бөленіп, жамандық атаулыдан сақтаныңдар. Иеміз Иса Мәсіхтің қайта оралғанда өздеріңе шапағатын тигізіп, мәңгілік өмірге жеткізуін аңсап күтіңдер! 22Ізгі хабарға күмәнданып жүргендерге қайырымды болып, 23оларды ынта-жігермен тозақ отынан құтқарып алыңдар! Ал (жалған ілімдерді ұстанған) басқаларға аяушылық танытқанда, күнәнің ықпалынан шошына сақтаныңдар! Олардың азғын болмыстарынан бастау алатын арам істерінен жиреніп, аулақ жүріңдер!#1:23 Немесе: Ал басқалар болса, жамандық атаулыдан шошына сақтанып, олардың қателіктерін әшкерелеңдер.
24Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен, мүлтіксіз таза күйлеріңде өз алдына тұрғызуға 25бірден-бір Құдайымыздың құдіреті жетеді. Ол бізді Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарған еді ғой. Даңқ пен ұлылық, құдірет пен билік күллі өткен дәуірлерде болғандай, қазір де, мәңгілік те Онікі! Аумин.
လက်ရှိရွေးချယ်ထားမှု
Яһуданың хаты 1: КК 2010
အရောင်မှတ်ချက်
မျှဝေရန်
ကူးယူ

မိမိစက်ကိရိယာအားလုံးတွင် မိမိအရောင်ချယ်သောအရာများကို သိမ်းဆည်းထားလိုပါသလား။ စာရင်းသွင်းပါ (သို့) အကောင့်ဝင်လိုက်ပါ
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.