Жоханның 1-хаты 2
2
1Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.#2:1 Яки: Әкенің алдында біз үшін өтініш жасаушымыз (яки ара түсушіміз) бар, Ол — әділ Иса Мәсіх (Иш 53:12). 2Ол өз жанын құрбан етіп,#2:2 Яки: құрбан етіп, Құдайдың әділ қаһарын өз басына алды да (4:10; Жох 3:16; Рим 3:25). күнәларымыздың құнын өтеді. Өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәларының құнын өтеді.
Бауырларын сүйгендер ғана Құдайды шын біледі
3Егер Құдайдың өсиеттерін орындасақ, Құдайды жақыннан танитынымызды білеміз. 4Құдайды танимын дей тұра, Оның өсиеттерін орындамайтын кісі — өтірікші, соның жан дүниесінен шындық орын алған жоқ. 5Құдайға деген сүйіспеншілік Оның сөзін орындаған кісіде шын мәнінде толық болып, мақсатына жетті. Құдаймен тығыз байланыста екенімізді мынаған қарап білеміз: 6Онымен қатынаста тұрмын дейтін кісі Иса Мәсіх қалай өмір сүрген болса, солай өмір сүруге тиіс.
7Сүйікті бауырларым, сендерге жазып отырғаным — жаңа өсиет емес, өздеріңе бастапқыдан белгілі көне өсиет. Осы көне өсиет — сендер Исаға сене бастаған сәтте-ақ естіген хабарларың. 8Дегенмен сендерге жаңа өсиет те жазып отырмын: ол бұрын Мәсіхтің өмірінде, қазір сендердің өмірлеріңде іске асуда. Себебі түнек түріліп, шынайы жарық нұрын шашып келе жатыр.#2:8 Сол сияқты, сендер де күнәлі іс-әрекеттеріңді доғарып, енді таза өмір кешудесіңдер (Рим 13:12-14; Еф 5:8-10).
9Нұрда жүрмін дей тұра, бауырын жек көретін кісі әлі де түнекте жүр. 10Ал бауырын жақсы көрген әркім нұрда жүріп, азғырылуға түспейді де, өзгені азғырмайды да. 11Бауырын жек көретіннің жүріс-тұрысы түнекте, ол қайда кетіп бара жатқанын білмейді. Себебі түнек оның жан дүниесін соқыр қылып қойған.
Құдайды білгендер, Ізгі хабарға сай таза өмір сүріңдер!
12Балаларым менің, Исаның құрбандығы арқасында күнәларың кешірілгендіктен сендерге осыны жазып отырмын.
13Рухани жағынан әке болғандар,#2:13 Яки: Рухани өмірлерінде жетіліп, мол тәжірибеге ие болғандар. өздеріңе осыны жазып отырмын, өйткені сендер әуел баста бар болған Мәсіхті білесіңдер.
Рухани жағынан жастар, өздеріңе осыны жазып отырмын, өйткені сендер әзәзілді жеңіп шықтыңдар.
Рухани жағынан балалар, өздеріңе осыны жаздым, өйткені сендер көктегі Әкені білесіңдер.
14Әке болғандар, өздеріңе осыны жаздым, себебі сендер әуел баста бар болған Мәсіхті білесіңдер.
Жастар, өздеріңе осыны жаздым, өйткені сендер күштісіңдер, әрі Құдайдың сөзі жан дүниелеріңнен орын алып, әзәзілді жеңіп шықтыңдар.
15Осы күнәлі дүниені#2:15 2:16-17; Жох 15:18-19; Жақ 4:4. және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ. 16Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы#2:16 Яки: өзінің мал-мүлкі мен жетістіктеріне мақтанып кеуде керуі (Жақ 4:4-7). көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған. 17Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.#2:17 Мат 12:50; 25:34,40; Жох 3:16,21.
Жалған уағызшылардан сақтаныңдар!
18Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі.#2:18 Немесе: осы заманның аяғы (яки соңғы күндері). Сендер Мәсіхке қарсы шығатын біреу#2:18 Яки: жалған «мәсіх». (Бұл мықты билеуші жер тұрғындарының көпшілігін азғыратын болады: Сал2 2:3-10.) келеді деп естідіңдер, ал қазірдің өзінде де Мәсіхке қарсы шығатын адамдар көп. Біз осыдан-ақ соңғы дәуірдің келгенін біле аламыз. 19Олар ортамыздан шықса да, біздікі болған жоқ, өйткені егер біздікі болса, бізбен бірге қалар еді. Бұлардың бәрінің біздікі болмағандықтары осылайша білініп қалды.
20Киелі Құдай сендерге Өзінің Рухын қондырғандықтан барлығын ажырата білесіңдер.#2:20 Немесе: Киелі Құдай сендерді май жағу рәсімінен өткізді, әрі сендер шындықты (яки: шынайы ілімді) білесіңдер. (Май жағу рәсімі осында Киелі Рухтың сенушіні кенелтуін астарлап білдіреді: 2:27; Иш 61:1; Лұқ 3:21; 4:18; Жох 15:26; 16:13; Елш 10:38; Түсіндірмені де қараңыз.) 21Сендер шынайы ілімді білмегендіктен емес, қайта, оны біліп, шындықтан өтірік тумайтынын да ұққандарыңа бола осыны жазып отырмын.
22Исаның Құдай жіберген Мәсіх екендігін мойындамайтын әркім — өтірікші. Көктегі Әкені және Оның рухани Ұлын мойындамайтындар — Мәсіхке қарсы шығушылар. 23Кім Ұлды мойындамаса, оның Әкеге қатысы жоқ. Ал кім Ұлды мойындаса, соның Әкеге де қатысы болады.#2:23 4:15; 5:1; Жох 14:7,9-10.
24Сондықтан бастапқыдан естіген шынайы ілімді ұстаныңдар! Егер осылай істесеңдер, онда Ұлмен және Әкемен тығыз байланыста өмір сүресіңдер. 25Ал Құдайдың бізге берген уәдесі — мәңгілік өмір.
26Осыны дұрыс жолдан азғырушылардан сақтандыру үшін жазып отырмын. 27Ал сендерге келсек, Құдайдан алған Киелі Рух#2:27 2:20; Жох 14:26; 15:26; Қор2 1:21-22. өздеріңде қалады. Сол себептен сендерге жаңа ілім үйрететін біреудің қажеті жоқ, өйткені қажеттілердің бәрін де Киелі Рух үйретеді. Оның сендерге үйреткендері еш өтіріксіз, шынайы, сондықтан Киелі Рухтың үйреткені бойынша әрекет ете беріңдер.#2:27 Немесе: Киелі Рухтың үйреткені бойынша Онымен байланыста бола беріңдер (Жох 14:23,26; 15:4-5,16).
Рухани балаларына деген Құдайдың сүйіспеншілігі
28Ал енді, балаларым менің, Мәсіхпен тығыз байланыста қала беріңдер! Сонда Ол қайтып келгенде нық сеніміміз болып, Оның алдында ұятқа қалмаймыз. 29Құдайдың әділ екенін білесіңдер, сондықтан әділдік істейтін әркімнің рухани мағынада Құдайдан туғанын#2:29 Яки: Құдайдың рухани өмірін қабылдағанын (Жох 1:13; 3:5; Пет1 1:3). ұғасыңдар.
လက်ရှိရွေးချယ်ထားမှု
Жоханның 1-хаты 2: КК 2010
အရောင်မှတ်ချက်
မျှဝေရန်
ကူးယူ

မိမိစက်ကိရိယာအားလုံးတွင် မိမိအရောင်ချယ်သောအရာများကို သိမ်းဆည်းထားလိုပါသလား။ စာရင်းသွင်းပါ (သို့) အကောင့်ဝင်လိုက်ပါ
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.