Жоханның 1-хаты 3
3
1Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да!#3:1 2:29; 3:2,9-10; 5:19; Жох 1:12; 3:5,15; Еф 2:1,4-5,8-9. Осы күнәлі дүние кім екенімізді білмейді, себебі ол Құдайды білген жоқ. 2Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. 3Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
4Күнә жасаған әркімнің Құдайдың заңын бұзғаны, себебі күнә — Құдайдың заңын бұзғандық. 5Ал Мәсіхтің күнәларымызды алып тастауға келгенін де, Оның ешқандай күнә жасамағанын да білесіңдер. 6Сондықтан кім Мәсіхпен тығыз байланыста тұрса, сол күнә жасай бермейді. Күнә жасай беретін әркім Оны көрген де, таныған да емес.#3:6 3:9-10; 5:18; 1:8-2:2.
7Балаларым менің, сендерді ешкім де күнә жасауға азғырмасын! Әділдік істеуші адам Мәсіхтің Өзі сияқты әділ болады. 8Ал кім күнә жасай берсе, сол — шайтанның баласы,#3:8 Немесе: шайтанның адамы (құлы). (Оның өмірінен шайтанның жаман қасиеттері көрінеді: 3:10; Жох 8:44.) себебі шайтан әлем жаратылғаннан бері күнә жасап келеді. Бірақ Құдайдың рухани Ұлы шайтанның ісін жою үшін бұ дүниеге келді.#3:8 3:5; Жар 3:15; Жох 12:31; 16:11; Қол 2:15; Евр 2:14-15.
9Рухани мағынада Құдайдан туғандар күнә жасай бермейді, себебі олардың бойында Құдай сыйлаған жаңа өмір#3:9 Немесе: Құдайдың «тұқымы» (яғни рухани өмірі мен қасиеттері) (Пет1 1:23). қала береді. Осылайша олар Құдайдан туғандықтан күнә жасауларын жалғастыра алмайды. 10Құдайдың рухани балаларын шайтанның адамдарынан мынадан ажыратуға болады: әділ өмір сүрмейтін, әсіресе бауырласын сүймейтін, әркім Құдайдың рухани баласы емес.
Шынайы сүйіспеншілік пен нық сенім
11Сендер бастапқыда естіген хабар мынау: бір-бірімізді сүюіміз керек! 12Інісін ұрып өлтірген шайтанның адамы Қабылға ұқсамаңдар! Оны неліктен ұрып өлтірді? Өйткені өз іс-әрекеті әділетсіз, ал інісінікі әділетті болатын.#3:12 Жар 4:6-8; Евр 11:4. 13Сонымен осы күнәкар дүние сендерді жек көрсе, бұған таңғалмаңдар, бауырларым!
14Өзіміздің рухани өлілерден тірілерге айналғанымызды білеміз, себебі бауырларымызды сүйеміз. Бауырын сүймейтін адам өлі болып қала береді. 15Бауырын жек көретін әркім — кісі өлтіруші!#3:15 Яки: Адамның өзгені жек көруі Құдай алдында кісі өлтірумен бірдей (Мат 5:21-22). Ал мынаны білесіңдер: кісі өлтірушінің мәңгілік өмірі жоқ.
16Иса Мәсіхтің өз өмірін біз үшін қиғандығы арқылы нағыз сүйіспеншіліктің не екеніне көзіміз жетті. Біз де бауырларымыз үшін жанымызды қиюға даяр болуымыз керек. 17Ал егер осы дүниелік мал-мүлкі бар біреу басына қиыншылық түскен бауырына тасжүректік танытса, оның бойында Құдайдың сүйіспеншілігі бар ма?! 18Балаларым менің, сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік!
19Сөйтіп өзіміздің шынайы жолда екендігімізді біліп, Құдай алдында жүрегіміз орнығады. 20Себебі егер жүрегіміз бізді айыптаса да,#3:20 Яки: егер біз ар-ұжданымызда кінәлі сезінсек те (Евр 9:14; 10:22; Рим 5:1-2; 8:1-2; Түсіндірмедегі «Ар-ұжданды» да қараңыз). Құдай жүрегімізден жоғары ғой, Ол бәрін де біледі. 21Сүйікті бауырларым, жүрегіміз бізді айыптамағанда Құдай алдында нық сеніміміз болады және 22Одан не сұрасақ та, аламыз. Өйткені Құдайдың өсиеттерін орындап, Ол не қаласа, соны істейміз. 23Ал Құдайдың өсиеттері мынау: Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхке#3:23 Немесе: Иса Мәсіхтің атына (яки атағына) (Лұқ 24:47; Флп 2:8-11; Жох 3:16). сеніп, бір-бірімізді сүюіміз керек. 24Кім Оның өсиеттерін орындаса, ол Құдаймен және Құдай онымен тығыз байланыста тұрады. Құдайдың бізбен тығыз байланыста екенін Оның бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы білеміз.
လက်ရှိရွေးချယ်ထားမှု
Жоханның 1-хаты 3: КК 2010
အရောင်မှတ်ချက်
မျှဝေရန်
ကူးယူ

မိမိစက်ကိရိယာအားလုံးတွင် မိမိအရောင်ချယ်သောအရာများကို သိမ်းဆည်းထားလိုပါသလား။ စာရင်းသွင်းပါ (သို့) အကောင့်ဝင်လိုက်ပါ
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.