1
Лұқа 6:38
Киелі кітап
КК 2010
Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап толтырып, тасып-төгілген мөлшерде салып беріледі. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.
比較
Лұқа 6:38で検索
2
Лұқа 6:45
Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам арам жан дүниесінен арамдық алып шығады. Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар.
Лұқа 6:45で検索
3
Лұқа 6:35
Бірақ сендер жауларыңды да жақсы көріңдер! Жақсылық істеп, жарлыларға ештеңе дәметпестен қарыз беріңдер! Сонда көктегі сыйларың зор болып, Құдай Тағаланың рухани балалары боласыңдар! Ол тіпті рақмет айтуды білмейтіндер мен жамандарға да мейірімді.
Лұқа 6:35で検索
4
Лұқа 6:36
Сонымен көктегі Әкелерің қандай қайырымды болса, сендер де сондай қайырымды болыңдар!
Лұқа 6:36で検索
5
Лұқа 6:37
Басқаларға үкім айтпаңдар, сонда сендерге де үкім шығарылмайды. Айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де айыпталасыңдар. Кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер.
Лұқа 6:37で検索
6
Лұқа 6:27-28
Бірақ, Мені тыңдаушылар, сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді жек көретіндерге жақсылық жасап, қарғайтындарға да игілік тілеп, өкпелететіндер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!
Лұқа 6:27-28で検索
7
Лұқа 6:31
Басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер!
Лұқа 6:31で検索
8
Лұқа 6:29-30
Бетіңнің бір жағын ұрғанға екінші жағын да тос! Шапаныңды тартып алғанның көйлегіңді де алуына кедергі жасама! Сұраған әркімге мұқтажын бер, өзіңдікін тартып алғаннан оны қайта сұрама!
Лұқа 6:29-30で検索
9
Лұқа 6:43
Жаман жеміс беретін жақсы ағаш жоқ, жақсы жеміс беретін жаман ағаш та жоқ.
Лұқа 6:43で検索
10
Лұқа 6:44
Әр ағаш өзінің жемісімен танылар: «Шомырттан өрік, жабайы бұтадан жүзім жинамас».
Лұқа 6:44で検索
ホーム
聖書
読書プラン
ビデオ