YouVersion 標識
搜索圖示

Леуіліктер 27

27
Құдайға бағышталған нәрселердің құнын төлеу
1Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деп бұйырды:
2— Исраил халқына мынаны айт: Егер біреу Жаратқан Иеге қызмет етуге бір кісіні бағыштауға ерекше ант еткен болса,#27:2 Пат1 1:11,28. онда сол кісі үшін берілетін төлемді төмендегідей мөлшерде белгілесін. 3Егер сол кісі жасы жиырма мен алпыстың арасындағы ер адам болса, ол үшін берілетін төлем киелі орында қолданылатын ресми өлшем бойынша#27:3 27:25; Мыс 30:13. елу мысқал, 4жасы сол аралықтағы әйел адамның төлемі — отыз мысқал күміс болады. 5Егер жасы бес пен жиырманың арасында болса, ұл баланың төлемі — жиырма мысқал, қыз баланың төлемі — он мысқал күміс, 6жасы бір ай мен бес жастың арасында болса, ұл баланың төлемі — бес мысқал, қыз баланың төлемі — үш мысқал күміс болады. 7Жасы алпыстан асқан ер адамның төлемі — он бес мысқал, әйелдің төлемі — он мысқал күміс.
8Егер ант еткен адамның осы көрсетілген төлемді төлеуге жағдайы көтермесе, сонда ол Жаратқан Иеге бағыштаған кісісін діни қызметкерге алып келсін. Діни қызметкер сол кісінің төлемін ант берушінің жағдайына қарай белгілейді.
9Егер Жаратқан Иеге антпен бағышталған жануар құрбандыққа шалуға болатын адал хайуан болса, оны Жаратқан Иеге бағышталған деп есептеу керек.#27:9 Демек, оны төлемін төлеп қайтарып алуға болмайды. 10Оны ауыстырып не жақсысын жаманымен, не жаманын жақсысымен алмастыруға болмайды. Егер орнына басқа бір малды беремін десе, онда сол малдардың екеуі де Жаратқан Иеге бағышталған деп есептелінеді. 11Ал егер Жаратқан Иеге құрбандыққа шалуға болмайтын хайуан#27:11 Мысалы, есек не түйе (Мыс 13:13; 34:20). бағышталса, онда оны діни қызметкерге алып бару керек. 12Діни қызметкер оны жақсы ма, жаман ба қарап шығып, құнын белгілейді. Оның белгілеген құны өзгеріссіз болып қалады. 13Қожайыны осындай малын төлемін төлеп қайтарып алғысы келгенде, құнының үстіне оның бестен бір бөлігін қоса төлеп, малды қайтарып алсын.
14Егер біреу өзінің үйін Жаратқан Иеге бағышталған деп арнаса, сонда діни қызметкер барып, сол үйдің жақсы ма, жаман ба қандай жағдайда екенін бағаласын. Діни қызметкердің үйге белгілеген құны өзгеріссіз болып қалады. 15Сол адам құнын төлеп, үйін қайтарып алғысы келсе, құнының үстіне оның бестен бір бөлігін қоса төлесін. Содан үй қайтадан онікі болады.
16Егер біреу өзінің отбасына тиісті мұралық жердің бір бөлігін Жаратқан Иеге бағыштағысы келсе, оның құны сонда себуге болатын тұқымның мөлшеріне байланысты белгіленеді. Он пұт арпа тұқымы себілетін егістіктің құны елу мысқал күміс болады. 17Егер біреу егістігін Жаратқан Иеге Мереке жылында#27:17 27:17; 25:8-34. бағыштаса, жердің белгіленген құны өзгеріссіз болып қалады. 18Ал егер ол егістігін сол жылдан кейін бағыштаса, жердің құнын діни қызметкер келесі Мереке жылына дейін қалған жылдардың санына сай белгілеп, құны соған сәйкес төмендейді. 19Егер егістігін бағыштаған адам оны қайтарып алғысы келсе, жердің белгіленген құнының үстіне оның бестен бір бөлігін қоса төлесін, сонда егістігі қайтадан өзінікі болады. 20Ал егер ол егістігін құнын төлеп қайтарып алмаса немесе (діни қызметкер) оны басқа біреуге сатып жіберген болса, онда оны қайтарып алуға ешбір мүмкіндік жоқ. 21Осындай егістік Мереке жылында бұрынғы иесінен босайды. Ол Жаратқан Иеге бағышталған жер сияқты, ешкімге беруге болмайтын киелі болады#27:21 Яки: ешкімге беруге болмай, Жаратқан Иеге бағышталады (27:28; Заң 13:17). да, діни қызметкерлердің үлесіне тиеді.
22Егер біреу өзінің мұралық иелігіне жатпайтын басқа біреуден сатып алған егістік жерін Жаратқан Иеге бағыштаса, 23діни қызметкер жердің құнын келесі Мереке жылына дейін қалған жылдардың санына сәйкес белгілейді. Ана адам жердің құнын Жаратқан Иеге бағышталған тарту ретінде сол күні-ақ төлесін. 24Келесі Мереке жылы келгенде егістік оны сатып жіберген бастапқы иесіне қайтарылады. 25Осындай істерде құн киелі орында қолданылатын ресми өлшем бойынша мысқалмен есептелінеді. Ал бір мысқалдың салмағы жиырма гераһқа тең.#27:25 (27:3; Мыс 30:13) Мысқал: 11,5 г, гераһ: 0,6 г.
26Малдың тұңғышын Жаратқан Иеге бағыштауға болмайды, себебі мал мен адамның тұңғышы онсыз да Жаратқан Иенікі болып табылады. Не мүйізді ірі қара, не ұсақ малдың тұңғышы болсын, олар Жаратқан Иенікі.#27:26 Мыс 13:2,12-13; 22:30. 27Егер біреу Жаратқан Иеге қандай да бір арам мал бағыштаса,#27:27 27:11. оның белгіленген құнының үстіне соның бестен бір бөлігін қоса төлеп, оны қайтарып алуға болады. Егер де құнын төлеп қайтарып алмаса, сол малды белгіленген құны бойынша басқа біреуге сату қажет.
28Алайда ешкімнің де өзінің антпен Жаратқан Иеге бағыштаған меншікті нәрсесін сатып жіберуіне немесе құнын төлеп қайтарып алуына болмайды. Ол не адамы, не малы, не мұралық жері болсын, бәрібір антпен Жаратқан Иеге бағышталғанның бәрі де ерекше киелі.
29Жаратқан Иенің бұйрығына сай түгелдей жойылуға белгіленген ешбір кісіні#27:29 Мысалы, азғындыққа біржола салынған зұлым адамды (Рул 21:2-3; Заң 2:34; 20:16-18; Еш 6:17,21). төлемін төлеу арқылы содан босатуға болмайды. Ондай адам өлтірілсін.
30Елдің барлық өнімінің: егістіктерде өскен астықтың және ағаштардан жиналған жемістердің он бөлігінің бірі Жаратқан Иеге тиісті. Ол Жаратқан Иеге бағышталған киелі.#27:30 Рул 18:21; Заң 14:22-29. 31Егер біреу беруге тиіс он бөлігінің бірінен бір нәрсені құнын өтеп өзінде қалдырғысы келсе, онда ол соның құнының үстіне оның бестен бірін қоса төлесін.
32Отарлар мен табындардың он бөлігінің бірі де Жаратқан Иеге тиесілі. Малын санаған малшының асатаяғының астынан өткен әр он малдың біреуі Жаратқан Иеге бағышталуға тиіс. 33Мал иесі малының жақсыларын алып қалып, жамандарын беруші болмасын! Бір малды басқа малмен ауыстыруға да болмайды. Егер ол бір малды басқа малға ауыстырар болса, сол малдың екеуі де Жаратқан Иеге бағышталуға тиіс. Сондықтан бұрынғы иесіне оларды құнын төлеп қайтарып алуына болмайды.
34Жаратқан Иенің Синай тауында Исраил халқына Мұса пайғамбар арқылы табыстаған бұйрықтары,#27:34 Немесе: өсиеттері (заңдары). міне, осылар.

醒目顯示

分享

複製

None

想要在所有設備上保存你的醒目顯示嗎? 註冊或登入