1
Жаратылыстың баст. 45:5
Киелі кітап
КК 2010
Ал енді, ештеңені уайымдамаңдар, мені осында сатып жібердік деп өздеріңді кінәламаңдар! Өйткені Құдайдың Өзі мені осы жерге өмірлеріңді сақтап қалу үшін сендерден бұрын жіберді.
Primerjaj
Razišči Жаратылыстың баст. 45:5
2
Жаратылыстың баст. 45:8
Осылайша сендер емес, Құдай мені бұл жерге жіберді! Ол мені перғауынға әке іспетті бас кеңесші қылып тағайындап, сарайына қожайын, бүкіл Мысыр еліне билеуші етіп қойды.
Razišči Жаратылыстың баст. 45:8
3
Жаратылыстың баст. 45:7
Ұрпақтарыңның жер бетіндегі өмірін жалғастыру үшін сендерді ұлы іспен құтқарып, аман-есен қалдыру үшін Құдай мені мұнда өздеріңнен бұрын жіберді.
Razišči Жаратылыстың баст. 45:7
4
Жаратылыстың баст. 45:4
Жүсіп оларға: — Маған жақындаңдар! — деп, олар қасына келгенде мынаны айтты: — Мен сендер Мысырға сатып жіберген Жүсіппін!
Razišči Жаратылыстың баст. 45:4
5
Жаратылыстың баст. 45:6
Елді аштық жайлағалы екі жыл өтті, енді келесі бес жыл бойы да жер өңделіп, астық егілмейді.
Razišči Жаратылыстың баст. 45:6
6
Жаратылыстың баст. 45:3
Жүсіп бауырларына қарап: — Мен Жүсіппін ғой! Әкем шынында да әлі күнге дейін тірі ме? — деп сұрады. Бірақ олар оның алдында қатты абыржып қалғандықтан жауап бере алмады.
Razišči Жаратылыстың баст. 45:3
Domov
Sveto pismo
Bralni načrti
Videoposnetki