YouVersion လိုဂို
ရှာရန် အိုင်ကွန်

Жақыптың хаты 4

4
1Ендеше, араларыңдағы қастастық пен дау-жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы соғысып жатқан арам құмарлықтарыңнан туады емес пе?#4:1 1:14; 4:3; Тит 3:3. 2Сендер бір нәрсені аңсап, иемдене алмайсыңдар; сонда кісі өлтіретіндей жек көріп,#4:2 5:5-6; Мат 5:21-22; Жох1 3:15. қызғанасыңдар, алайда аңсаған нәрселеріңе қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып, төбелесесіңдер, бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны Құдайдан сұрамайсыңдар. 3Сұрасаңдар да, ие бола алмайсыңдар, себебі ізгі ниетпен емес, арам құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін сұрайсыңдар.
Құдайға шын жүректен мойынсұнып, бір-бірін жамандамау жайлы
4Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады. 5Киелі жазбадағы мынадай сөздер бекер айтылды деп санайсыңдар ма: Өмірімізден орын алған Құдайдың Рухы жалғыз Құдайды ғана сүйіп, Оған түгелдей бағышталуымызды аңсайды.#4:5 (Мыс 20:5; 34:14; Қор1 6:19; Ош 2:19-21; Қор2 11:2; Еф 5:26-27) Немесе: Құдай бізге (өмір беретін) рухты қондырғандықтан (Жар 2:7) оның тек Өзіне ғана бағышталуын аңсайды. Яки: Бойымызды мекендейтін рух басқаларды қызғаныштан көре алмайды (Уағ 4:4; Елш 7:9; Рим 1:29). 6Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».#4:6 Пет1 5:5; Нқл 3:34. 7Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар!
Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.#4:7 Мат 4:3-11; Пет1 5:8-9; Еф 4:27; 6:11-12.
8Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар! 9Өкініп, зар еңіреп жылаңдар, күлкілерің қайғыға, қуаныштарың қасіретке айналсын! 10Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ.
11Қымбатты бауырластар, бір-біріңді жамандап қорлауды доғарыңдар! Бауырластарыңды жамандағандарың не үкімдегендерің — (Иеміздің сүйіспеншілік туралы) өсиетін#4:11 2:8,12; Мат 7:1-5; Рим 14:4; Жох 15:12-13. қорлап үкімдегендерің. Ал өсиетті үкімдегенде оны орындаушы емес, соттаушы болып шығасыңдар. 12Өсиеттерді#4:12 Яки: Таурат заңын (Мыс 20:1-17; Мат 5:21-48; 25:31-46; Аян 19:11-12). шығарушы да, соттаушы да — Біреу-ақ. Ол құтқара да, құрта да алады. Маңайыңдағыларды үкімдейтін соншама сен кімсің?
Өз бетімен жоспарлап, өткінші байлыққа сүйенуден сақтандыру
13«Біз бүгін-ертең пәлен қалаға барып, сонда бір жыл тұрып, сауда жасап, олжаға батамыз» дейтіндерің құлақ түріңдер: 14сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер!#4:14 5:1; Нқл 27:1; Лұқ 12:18-20. Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?#4:14 Әйүп 7:7; Жыр 38:5-6; 101:4; 143:4. 15Оның орнына «Иеміз бұйыртса, аман болсақ, біз мынаны істейміз, не ананы істейміз» дегендерің дұрыс. 16Ал сендер паңданып мақтанасыңдар. Мұндай даңққұмарлық#4:16 Яки: мақтанушылық. атаулы жаман.
17Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі.#4:17 Лұқ 12:47; Жох 9:41; Пет2 2:21.

လက်ရှိရွေးချယ်ထားမှု

Жақыптың хаты 4: КК 2010

အရောင်မှတ်ချက်

မျှဝေရန်

ကူးယူ

None

မိမိစက်ကိရိယာအားလုံးတွင် မိမိအရောင်ချယ်သောအရာများကို သိမ်းဆည်းထားလိုပါသလား။ စာရင်းသွင်းပါ (သို့) အကောင့်ဝင်လိုက်ပါ