1
Жақыптың хаты 4:7
Киелі кітап
КК 2010
Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар! Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.
နှိုင်းယှဉ်
Жақыптың хаты 4:7ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
2
Жақыптың хаты 4:8
Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
Жақыптың хаты 4:8ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
3
Жақыптың хаты 4:10
Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ.
Жақыптың хаты 4:10ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
4
Жақыптың хаты 4:6
Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Жақыптың хаты 4:6ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
5
Жақыптың хаты 4:17
Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі.
Жақыптың хаты 4:17ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
6
Жақыптың хаты 4:3
Сұрасаңдар да, ие бола алмайсыңдар, себебі ізгі ниетпен емес, арам құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін сұрайсыңдар.
Жақыптың хаты 4:3ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
7
Жақыптың хаты 4:4
Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.
Жақыптың хаты 4:4ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
8
Жақыптың хаты 4:14
сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Жақыптың хаты 4:14ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
ပင်မစာမျက်နှာ
သမ္မာကျမ်းစာ
အစီအစဉ်များ
ဗီဒီယိုများ