1
Ғалаттықт. хат 3:13
Киелі кітап
КК 2010
Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды! Себебі Тауратта «ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады» деп жазылған.
Confronta
Esplora Ғалаттықт. хат 3:13
2
Ғалаттықт. хат 3:28
Бұл жерде яһуди мен басқа ұлт адамының, құл мен еріктінің, еркек пен әйелдің арасында айырмашылық жоқ, себебі барлығың Иса Мәсіхпен тығыз байланыста біртұтассыңдар.
Esplora Ғалаттықт. хат 3:28
3
Ғалаттықт. хат 3:29
Және сендер Мәсіхтікі болғандықтан, Ыбырайымның рухани ұрпағысыңдар, әрі Құдайдың оған уәде еткен игіліктерін иемденесіңдер.
Esplora Ғалаттықт. хат 3:29
4
Ғалаттықт. хат 3:14
Осылайша Құдай Ыбырайымға уәде еткен ақ батаны Иса Мәсіх арқылы басқа ұлттарға да берді. Енді Мәсіхке сенген бәріміз уәделенген Киелі Рухты сенім арқылы қабылдаймыз.
Esplora Ғалаттықт. хат 3:14
5
Ғалаттықт. хат 3:11
Ендеше Таурат заңын орындаған ешкімнің сол арқылы Құдай алдында ақтала алмайтыны анық. Өйткені «сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмірге ие болады».
Esplora Ғалаттықт. хат 3:11
Home
Bibbia
Piani
Video