1
Леуіліктер 26:12
Киелі кітап
КК 2010
Араларыңда жүріп, сендердің Құдайларың боламын, ал сендер Менің халқым боласыңдар.
Konpare
Eksplore Леуіліктер 26:12
2
Леуіліктер 26:4
Мен мезгілінде жаңбыр жаудырамын, сонда жер өнімін, ағаштар жемісін береді.
Eksplore Леуіліктер 26:4
3
Леуіліктер 26:3
Егер сендер ережелеріме бағынып, өсиеттерімді мұқият сақтап орындасаңдар
Eksplore Леуіліктер 26:3
4
Леуіліктер 26:6
Мен елдеріңе тыныштық сыйлаймын, ешкім де сендерді мазаламай, алаңсыз ұйықтайтын боласыңдар. Мен бұл елден жыртқыш аңдарды жоямын. Жау семсері елдеріңді шауып та тастай алмайды.
Eksplore Леуіліктер 26:6
5
Леуіліктер 26:9
Мен сендерге мейіріммен қарап, өсіріп-өндіріп сандарыңды көбейтемін. Сендермен жасаған Келісімімді берік сақтаймын.
Eksplore Леуіліктер 26:9
6
Леуіліктер 26:13
Сендерді мысырлықтардың құлдығынан азат етіп, Мысырдан алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Мойындарыңа салынған құлдықтың мойынтұрығын Мен сындырдым, бойларыңды тік ұстап жүре алуларыңа мүмкіндік бердім.
Eksplore Леуіліктер 26:13
7
Леуіліктер 26:11
Мен араларыңда Өзімнің жер бетіндегі тұрағым — киелі орынды құрып, сендерден еш жиренбейтін боламын.
Eksplore Леуіліктер 26:11
8
Леуіліктер 26:1
Өздеріңе ешқандай тәңір бейнелерін жасамаңдар! Не бір тәңірдің ойып жасалған мүсінін, не киелі тас бағана орнатушы болмаңдар! Елде қашалған тас мүсін орнатып, оған тағзым етіп табынушы да болмаңдар! Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін.
Eksplore Леуіліктер 26:1
9
Леуіліктер 26:10
Өткен жылғы астықты әлі жеп бітірмей, жаңа орған өнімді қоймаларыңа құю үшін өткен жылдан қалғандарын шығарып тастайтын боласыңдар.
Eksplore Леуіліктер 26:10
10
Леуіліктер 26:8
Бесеуің — жүз, ал жүзің — он мың жауды қуатын боласыңдар. Жауларың алдарыңда семсерлеріңнің жүзінен ойсырай жеңіліп, қырылатын болады.
Eksplore Леуіліктер 26:8
11
Леуіліктер 26:5
Молынан орған астықты жүзім жинайтын мерзімге дейін бастырып, ағыл-тегіл піскен жүзімді егіс науқанына дейін жинайтын боласыңдар. Осылай сендер тамақты тоя ішіп-жеп, елдеріңде аман-есен тұратын боласыңдар.
Eksplore Леуіліктер 26:5
12
Леуіліктер 26:7
Қайта, сендер жауларыңды өкшелеп қуып, семсерлеріңнің жүзімен қырып-жоятын боласыңдар.
Eksplore Леуіліктер 26:7
13
Леуіліктер 26:2
Маған бағышталған демалыс күндерін берік сақтап, Менің киелі үйімді терең қастерлеңдер! Мен Жаратқан Иемін.
Eksplore Леуіліктер 26:2
Akèy
Bib
Plan yo
Videyo