Петірдің 1-хаты 5
5
Құдайдың рухани «отары» мен «бағушылары»
1Араларыңдағы қауым жетекшілері! Мен өзім де сендермен қызметтес қауым жетекшісімін, Мәсіхтің шеккен азаптарының куәсімін. Ол қайта оралғанда ашық көрінетін салтанатты ұлылығын бөлісетін де боламын. Сендерге ескертетінім мынау: 2Құдайдың өздеріңе сеніп тапсырған рухани «отарын» (яғни қауымын) қамқорлап бағыңдар!#5:2 Жох 21:15-17; Елш 20:28. Мұны лажсыздан емес, шын көңілден, Құдайдың еркіне сай орындаңдар. Оны ашкөз пайдақорлықпен де емес, адал ынта-жігермен істеңдер. 3Тәңір Иенің меншікті қауымдарына өктемдік жүргізбеңдер, қайта, рухани «отарға» үлгі-өнеге болыңдар! 4Осылай істесеңдер, «Бас Бағушымыз» (Мәсіх) қайтып келіп, анық көрінгенде, ешқашан солмайтын «салтанат тәжін» жүлде ретінде Оның қолынан аласыңдар.#5:4 1:4; Дан 12:3; Жақ 1:12.
5Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге#5:5 Яки: үлкендерге. мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».#5:5 Нқл 3:34; Жақ 4:6.
6Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ. 7Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!#5:7 (Жыр 54:23; Мат 6:25) Яки: Тәңір Иеге арт бар уайымыңды, Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды!
8Салауатты да сергек болыңдар!#5:8 1:13; Мат 24:42. Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.#5:8 Әйүп 1:7; 2:2; Мат 4:1; Жох 8:44; Еф 4:27; 6:11; Жақ 4:7; Тім2 4:17. 9Сенімдеріңе берік болып, оған төтеп беріңдер! Дүниенің төрт бұрышындағы құрбы қауымдастарыңның да дәл сондай азаптарды шегуге мәжбүр екенін білесіңдер ғой. 10Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды. 11Оның билігі мәңгілік бола берсін! Аумин.
Соңғы сәлемдер мен ақ бата
12Мен бұл қысқа сәлемхатымды адал бауырласымыз деп сенетін Сыйласқа#5:12 Немесе: Силуаносқа. (Сыйлас атының латынша түрі: Елш 15:22,40-41; 16:19; Сал1 1:1; 2-хат 1:1; Қор2 1:19.) жаздырдым. Сендерді жігерлендіріп, Құдайдың шынайы рақымы осы айтқандарымдай#5:12 Яки: өздерің қабылдап келгендеріңдей. екеніне куәлік етіп сендіргім келеді. Бұл рақымды қабылдай беріңдер!
13Құдай сендерді таңдағаны сияқты, Бабылда#5:13 Осында Бабыл (яки: Вавилон) Рим қаласының жанама аты ретінде қолданылған шығар (Аян 17:9-10). бірге таңдап алған сенушілер қауымы, сондай-ақ менің рухани ұлым Марқа#5:13 Марқа Петір елшінің көмегімен Құдай жолына түскен болар (Елш 12:12; Флм 10; Марқа жазған Ізгі хабардағы Жазба туралы мәліметті де қараңыз). да сендерге сәлем жолдауда. 14Сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,#5:14 Немесе: Сүйіспеншіліктің сүйісімен. бір-біріңмен амандасып, сәлемімізді жеткізіңдер. Мәсіх Иса Өзімен тығыз байланыстағы сендердің бәріңе амандық пен тыныштық сыйлай берсін! (Аумин.)
נבחרו כעת:
Петірдің 1-хаты 5: КК 2010
הדגשה
שתפו
העתק

רוצים לשמור את ההדגשות שלכם בכל המכשירים שלכם? הירשמו או היכנסו
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.