1
Қорынттықт. 1-хат 15:58
Киелі кітап
КК 2010
Сонымен, сүйікті бауырластарым, табанды болып, сенімдеріңнен айнымай, Иеміздің ісін әрдайым молынан істей беріңдер! Өйткені Иемізбен жүріп атқарған еңбектеріңнің бекер еместігін біліп алдыңдар.
Vertaa
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:58
2
Қорынттықт. 1-хат 15:57
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:57
3
Қорынттықт. 1-хат 15:33
Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар! (Былай делінген ғой:) «Араммен араласып жүрген жан Айырылар адал салтынан».
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:33
4
Қорынттықт. 1-хат 15:10
Бірақ та Құдайдың рақымымен қазір қандай болсам, сондай болдым. Оның рақымы бойымда бекер болған да емес. Қайта, басқалардың барлығынан көп еңбек еттім, ал шын мәнісінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбектенді.
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:10
5
Қорынттықт. 1-хат 15:55-56
Өлім, қайда сенің жеңісің? О дүние, қайда улы тісің? Өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады.
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:55-56
6
Қорынттықт. 1-хат 15:51-52
Сендерге мына құпияны айтайын: бәріміз бірдей өлмейміз, бірақ бәріміз түгелдей өзгереміз. Бұл кенеттен, қас қағым сәтте, соңғы керней тартылған шақта іске асады. Сонда кернейдің үні естіліп, өлгендеріміз қайта тіріліп, біз де түгелдей өзгереміз.
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:51-52
7
Қорынттықт. 1-хат 15:21-22
Бір адам арқылы өлім дүниеге келді, сол сияқты бір Адам арқылы өлгендер қайта тіріледі: яғни Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі.
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:21-22
8
Қорынттықт. 1-хат 15:53
Өйткені қазіргі құрып шіритін тәндеріміз ешқашан жойылмайтын денелермен алмасуға тиіс.
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:53
9
Қорынттықт. 1-хат 15:25-26
Құдай «барлық жауларын Оның табанының астына салып бергенше», Мәсіх билік жүргізуге тиіс. Жойылатын соңғы жау — өлім.
Tutki Қорынттықт. 1-хат 15:25-26
Koti
Raamattu
Suunnitelmat
Videot