1
Лұқа 8:15
Zhana Osiet
ZO
Ал құнарлы жерге түскен дәндер естіген жақсы сөзді мейірімді, адал жүрегіне сақтап қойғандықтан, мол жеміс әкеледі.
Comparar
Explorar Лұқа 8:15
2
Лұқа 8:14
Тікенді өсімдіктердің арасына түскен дәндер болса, олар сөзді естісе де, тіршіліктің қамын жеп, байлық пен өмірдің ләззатына беріліп, сөздің ақырына дейін өсіп шығуына мүмкіндік бермей, тұншықтырып тастайды.
Explorar Лұқа 8:14
3
Лұқа 8:13
Ал тастақ жерген түскен дәндер-олар сол сөзді естігенде, оны қуанышпен қабылдағандар, алайда тамыры болмағандықтан, олар сөзге аз уақыт қана сеніп, ал сынақтан өтетін кез келгенде, кейін шегінеді.
Explorar Лұқа 8:13
4
Лұқа 8:25
Содан кейін Иса шәкірттеріне: -Сендердің сенімдерің қайда кеткен? -деді. Сол кезде олар қорқып әрі таңғалып тұрып, бір-біріне: -Сонымен, Бұл Кім болды?! Ол, тіпті, жел мен суға бұйрық берсе, олардың өзі Оған бағынады! -десті.
Explorar Лұқа 8:25
5
Лұқа 8:12
Жол бойына түскен дәндер-сөзді естігендер, кейін олар сөзге сеніп, құтқарылмаулары үшін, шайтан олардың жүректерінен сол сөзді алып тастайды.
Explorar Лұқа 8:12
6
Лұқа 8:17
Өйткені жасырын қалатын еш құпия болмайды әрі ашылмайтын ешбір сыр да жоқ, бәрі ашылып, анықталатын болады.
Explorar Лұқа 8:17
7
Лұқа 8:47-48
Сонда өзінің белгісіз болып қала алмайтынын білген әйел Исаның аяғына келіп жығылып, қандай себеппен Оның киіміне қолын тигізгенін және сол сағатта өзінің қалай сауыққанын сол жерде тұрған бүкіл халықтың алдында толықтай айтып берді. Сонда Иса оған: -Қызым -сені құтқарған сенімің, енді тыныштықпен бара бер, - деді.
Explorar Лұқа 8:47-48
8
Лұқа 8:24
Сол кезде шәкірттері Исаның қасына барып: -Ұстаз, Ұстаз, құритын болдық! -деп Оны оята бастады. Иса оянған соң жел мен дауылға тыйым салды, сол сәтте айналада жым-жырт тыныштық орнады.
Explorar Лұқа 8:24
Inicio
Biblia
Planes
Vídeos