Матай 1
КК 2010

Матай 1

1
Құдай уәде еткен Құтқарушы Патшаның ата-тегі
1Ыбырайым атаның#1:1 Ыбырайым ата: Исраил халқының түп атасы. Жаратқан Ие ол арқылы барлық ұлттарды жарылқауға уәде берген (Жар 12:1-3). ұрпағы Дәуіт патшаның әулетінен шыққан Иса Мәсіхтің ата-тегінің шежіресі#1:1 Яғни Иса Мәсіхтің өгей әкесі Жүсіптің шыққан ата-тегінің шежіресі (1:16,18). (Иса: 1:21; Мәсіх: Құдай жіберуге уәде еткен Құтқарушы Патша; Түсіндірмедегі «Иса», «Мәсіх» және «Дәуіттің Ұрпағын» да қараңыз.) былай құралған:
2Ыбырайымнан Ысқақ, Ысқақтан Жақып, Жақыптан Яһуда мен оның аға-інілері, 3ал Яһудадан Парес пен Зарах туды, олардың анасы Тамар болатын. Парестен Хесрон, Хесроннан Рам, 4Рамнан Әминадап, Әминадаптан Нағасон, Нағасоннан Салмон, 5Салмоннан Боғоз тарады, оның анасы Рахаб болатын. Боғоздан Ғабит туды, оның анасы Рут еді. Ғабиттен Есей, 6Есейден Дәуіт патша туды.#1:6 Рут 4:22; Пат1 16:1,11-13; 17:12.
Дәуіттен Сүлеймен туды, оның анасы Ұрияның бұрынғы әйелі болатын.#1:6 Пат2 12:24. 7Сүлейменнен Рохабоғам, Рохабоғамнан Абиях, Абияхтан Аса, 8Асадан Жосапат, Жосапаттан Жорам, Жорамнан Ұзиях, 9Ұзияхтан Жотам,#1:9 Ұзиях Озия не Азариях, ал Жотам Жоқатам не Иоафам деп те аталатын (Шеж1 3:12). Жотамнан Ахаз, Ахаздан Езекия, 10Езекиядан Манаса, Манасадан Амон, Амоннан Жосия, 11Жосиядан Ехониях#1:11 Немесе: Жосиядан Жохақым (яки Ехойәкім), ал одан Ехониях (Шеж1 3:15-16). пен оның аға-інілері тарады. Бұл, яһуди халқының көпшілігі Бабыл еліне жер аударылмас бұрын болған еді.#1:11 Пат4 24:10-12,14-16.
12Бабылға жер аударылғаннан кейін Ехонияхтан Салатиел, Салатиелден Зоробабел, 13Зоробабелден Әбиуд, Әбиудтен Елиәкім,#1:13 Пат4 18:18. Елиәкімнен Азор, 14Азордан Садық, Садықтан Әкім, Әкімнен Елиуд, 15Елиудтен Елазар, Елазардан Маттан, Маттаннан Жақып, 16Жақыптан Мәриямның күйеуі Жүсіп тарады. Ал Мәриямнан Иса дүниеге келді, Ол Мәсіх («Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша») деп те аталады.#1:16 1:1; 2:4,6.
17Осылай Ыбырайымнан Дәуітке дейін он төрт ата, Дәуіттен халықтың Бабыл еліне жер аударылғанына дейін де он төрт ата, жер аударылғаннан Мәсіхке дейін де он төрт ата болды.
Құтқарушы Патшаның дүниеге келуі
18Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: Оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Ал екеуі әлі де қосылмай тұрғанда-ақ, Киелі Рухтың құдіретімен Мәриямның аяғы ауыр екендігі#1:18 Лұқ 1:35. белгілі болды. 19Болашақ күйеуі Жүсіп әділ кісі болғандықтан, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. 20Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп:
«Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. 21Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса#1:21 Ешуа не Иесус деп те дыбысталатын осы есімнің мағынасы: «Жаратқан Ие — Құтқарушы» (Лұқ 1:31,68-69; Рул 27:18). деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
22Мұның бәрі Жаратқан Иенің (Ишая) пайғамбар арқылы алдын ала айтқанының жүзеге асуы үшін солай болды. 23Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге»,#1:23 Яки: «Құдай бізге жар (бола гөр)» (Иш 7:14). деген ат қояды».
24Жүсіп оянып, орнынан тұрғаннан кейін Жаратқан Иенің періштесінің бұйрығын орындап Мәриямға үйленді. 25Ал Мәриям босанып, Ұлын тапқанша, Жүсіп онымен жақындасқан жоқ. Нәресте дүниеге келгеннен кейін Оның атын Иса деп қойды.#1:25 1:21.

© Yeni Yaşam Yayınları (New Life Publications), Istanbul, 1993, 1996, 2000, 2010.


Learn more about Киелі кітап

Encouraging and challenging you to seek intimacy with God every day.


YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy.