Леуіліктер 6
6
1 # 6:1 Бірнеше аудармада 1-7 аяттар 5:19-дан кейін беріліп, 6 тараудағы аяттардың сандары осыған сәйкес өзгерген. Жаратқан Ие Мұсаға тағы да нұсқау беріп былай деді: 2-3Егер біреу басқа бір кісінің өзіне сеніп тапсырған немесе қарамағына қалдырған нәрсесін не өтірік айтып, не ұрлап, не мәжбүрлеп иемденіп алса, немесе біреудің жоғалтып алған нәрсесін тауып алып, ол туралы айтпай, антпен де мойындамаса, немесе адам осы сияқты басқа да күнә жасаса, онда сол адамның Жаратқан Иеге де опасыздық жасағаны.
4Біреу осылай күнә жасаса, айыпты болып қалады. Онда ол ұрлап не мәжбүрлеп алып қойғанын, сондай-ақ, біреудің өзіне сеніп тапсырғанын, не біреудің жоғалтып, ал өзі иемденіп алғанын, 5не жалған ант ішіп иемденіп алғанын түгелдей қайтаруы керек. Адам өзінің айыбын мойындаған күні#6:5 Немесе: айыбын өтейтін тартуды ұсынған күні. сол заттың толық құнын, үстіне құнның бестен бірін қосып иесіне қайтарып беруге тиіс.
6Адам өзінің айыбын өтейтін құрбандығын діни қызметкерге алып келіп, оны Жаратқан Иеге ұсынсын. Құрбандығы еш мінсіз, құны белгілі мөлшерге сәйкес қошқар болсын. 7Осылайша діни қызметкер Жаратқан Иенің алдында адамды жасаған күнәсінің арамдығынан тазартып, адам өзін айыпты қылған осы істерінің бәрі үшін Жаратқан Иенің кешіріміне ие болады.
Шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық жайлы қосымша нұсқаулар
8Жаратқан Ие Мұсаға тағы да нұсқау беріп былай деді:
9— Діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына мына бұйрықты жеткіз: Шалынып түгелдей өртелетін құрбандық туралы нұсқаулар мынадай: Осы құрбандық өртеліп жатқанда құрбандық үстелінің үстінде түні бойы таң атқанша қалуы керек. Құрбандық үстеліндегі от өшіп қалмай, түні бойы жанып тұрсын. 10Таңертең діни қызметкер өзінің бәтестен жасалған сырт киімі мен шалбарын#6:10 16:4; Мыс 28:42. кисін. Ол өртелген құрбандықтың күлін құрбандық үстелінен алып, оның жанына қойсын. 11Содан соң діни қызметкер үстіндегі сол киімдерін шешіп, басқасын киіп, күлді ел қонысының сыртына бір таза жерге апарсын.
12Құрбандық үстеліндегі отты ұдайы жандыра беру керек, ол ешқашан сөнбесін. Әр күні таңертең діни қызметкер оған ағаш отын салып, оттың үстіне түгелдей өртелетін құрбандықты салып өртесін және онда қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандығының майлы бөліктерін де өртейтін болсын. 13Сонымен құрбандық үстеліндегі отты ұдайы жандыра беру керек, ол ешқашан сөнбесін.
Астық тартуы жайлы қосымша нұсқаулар
14Астық тартуы жайындағы нұсқаулар мынадай: Һаронның ұлдары оны құрбандық үстелінің алдына Жаратқан Иеге арнап алып келсін. 15Діни қызметкер таңдаулы бидай ұнынан бір уыс, аздап зәйтүн майынан және астық тартуының үстіндегі барлық хош иісті шайырды алып, астық тартуының осы естелік бөлігін Жаратқан Иеге ұнамды, хош иісті тарту ретінде құрбандық үстелінде өртесін. 16Һарон мен оның ұлдары астық тартуының қалған бөлігін ашымаған нан ретінде кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеулері керек. 17Осы нанды ешқашан ашытқымен пісіруге болмайды.#6:17 2:11. Мен (Жаратқан Ие) оны Өзіме арнап өртелу арқылы ұсынылатын тартулардан олардың үлестері ретінде діни қызметкерлерге беремін. Күнәнің құнын өтейтін және айыпты өтейтін құрбандықтар сияқты бұл тарту да ерекше киелі.#6:17 6:25-26,29; 7:7; 10:16-18. 18Һаронның барлық еркек кіндікті ұрпақтарының одан жеулеріне болады. Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылатын тартулардың барлығынан оларға әрдайым бұйырылған үлес осы болмақ. Онымен жанасқан әр нәрсе де Жаратқан Иеге бағышталып киелі болады.#6:18 (6:27) Немесе: Оған жанасқан әркім Жаратқан Иеге бағышталып киелі болуға тиіс (22:3-6).
19Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деп нұсқау берді:
20— Діни қызметкер май жағу рәсімі арқылы тағайындалған күні#6:20 Мыс 28:41; 29:2,7. Һарон мен оның ұлдары (Маған) Жаратқан Иеге мына астық тартуын ұсынулары керек: пұттың оннан бір бөлігіндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын. Бұл күн сайынғы астық тартуы болады. Оның жартысын олар таңертең, қалған жартысын кешке ұсынулары керек. 21Сол ұнды зәйтүн майымен жақсылап араластырып, жалпақ табада пісіріп,#6:21 2:5; 7:9. үзіп-үзіп астық тартуы ретінде Жаратқан Иеге ұсыну қажет. Бұл Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды сый-тарту болады. 22Һаронның діни қызметкер болып тағайындалып, май жағу рәсімінен өткен әрбір еркек кіндікті ұрпағы да болашақта осы тартуды Жаратқан Иеге ұсынатын болсын. Бұл — мәңгілік ереже. Тарту Жаратқан Иеге арналып түгелдей өртелсін. 23Діни қызметкердің өзі ұсынған әрбір астық тартуын түгелдей өртеп жіберу қажет. Оның ешқандай бөлігін жеуге болмайды.
Күнәнің құнын өтейтін құрбандық жайлы қосымша нұсқаулар
24Содан соң Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
25— Һаронға және оның ұлдарына мынаны айт: күнәнің құнын өтейтін құрбандық жайлы нұсқаулар мыналар. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық Жаратқан Иенің алдында, түгелдей өртелетін құрбандықтар шалынатын орында шалынсын. Ол ерекше киелі. 26Күнәнің құнын өтейтін құрбандықты ұсынған діни қызметкер оның етін жесін. Оны кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеуі керек. 27Құрбандықтың етіне жанасқан әр нәрсе Жаратқан Иеге бағышталып киелі болады.#6:27 6:18. Егер құрбандықтың қаны киімге тамса, сол киімді киелі орында жуу керек. 28Құрбандықтың еті пісірілген ыдыс қыштан жасалған болса, сол ыдысты сындырып тастау керек, ал қоладан жасалған болса, оны ысқылап тазалап, сумен жуып-шаю керек. 29Тек діни қызметкердің отбасындағы барлық ер адамдардың ғана сол құрбандықтың етін жеулеріне болады. Ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі.
30Ал егер күнәнің құнын өтейтін құрбандықтың қанының бір бөлігі киелі орында адамды күнәсінің арамдығынан тазарту мақсатында ұсынылу үшін#6:30 (4:6-7) Немесе: адамның орнына оның құнын өтеуші тарту ретінде ұсынылу үшін. кездесу шатырының ішіне әкелінсе, сондай құрбандықты жеуге болмайды. Оны түгелдей өртеп жіберу керек.#6:30 4:1-21.
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.