Леуіліктер 24
24
Киелі шатырдағы шамдар
1Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
2— Исраилдіктерге кездесу шатырындағы шамдардың сөнбей жанып тұруы үшін зәйтүннен сығып алынған таза майды алып келуді тапсыр. 3Шамдар кездесу шатырындағы ең қасиетті бөлменің және ондағы Келісім айғақтары (сақталған сандықтың) алдында ілінген шымылдықтың сыртқы жағында орналасқан. Һарон осы шамдардың Жаратқан Иенің алдында күн батқаннан таң атқанша жанып тұруын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл — кейінгі ұрпақтарыңа да берілген тұрақты ереже. 4Һарон саф алтын шам қойғыштағы шамдарды Жаратқан Иенің алдында ұдайы реттеп, сөндірмей жандырып қоюы керек.
Алтын үстелге қойылатын нан тартулары
5Таңдаулы бидай ұнынан он екі күлше пісір. Олардың әрқайсысына пұттың#24:5 Яки: ефаның. оннан екісіндей мөлшерде ұн қолдан. 6Нанды#24:6 Мыс 25:30; 39:36; 40:23. Жаратқан Иенің алдындағы саф алтын үстелдің үстіне, алты-алтыдан екі қатар етіп қой. 7Әр қатарға таза да хош иісті шайырды қой. Осы хош иісті шайыр кейін Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын естелік іспетті нанның орнын басады. 8Бұл күлшелерді Һарон Жаратқан Иенің алдына әр сенбі сайын қоятын болсын. Мұны ол Исраил халқының атынан мәңгілік Келісімге сай істеуге тиіс. 9Осы нан Һаронға және оның ұлдарына тиесілі, олар сол күлшелерді киелі орында#24:9 Яғни киелі кездесу шатырының ауласында (6:16-17). жеулері қажет. Бұл — Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын тартулардан оларға тиісті үлестің ерекше киелі бөлігі.
Әділ жазалаудың мысалдары
10Бірде мысырлыққа күйеуге шыққан исраилдік әйелдің ұлы исраилдіктердің арасына келді. Ол ел қонысында жүргенде бір исраилдікпен төбелесіп қалды. 11Сонда осы исраилдік әйелдің ұлы Жаратқан Иенің есімін балағаттап қарғады. Сол себепті оны Мұсаның алдына әкелді. Сол жігіттің анасының аты-жөні Дан руынан шыққан Дибри қызы Шеломит болатын. 12Бұл жігіт туралы Жаратқан Иенің еркі анық болғанша ол қамауға алынды.
13Содан соң Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деп бұйырды:
14— Жаратқан Иенің есімін қарғағанды ел қонысының сыртына алып шығыңдар. Оның айтқандарын естігендердің бәрі қолдарын оның басына қойсын. Бұдан кейін Исраилдің бүкіл қауымы оны таспен атқылап өлтірсін. 15Исраил халқына тағы мынаны айт: Құдайын қарғаған әркімнің күнәсі өз мойнында. 16Жаратқан Иенің есімін балағаттаған әркім өлтірілсін! Исраилдің бүкіл қауымы оны таспен атқылап өлтіруге тиіс. Егер жат жұрттық не исраилдік болып туған біреу Менің есімімді балағаттаса, соны өлтіру керек.
17Кісіні ұрып өлтірген әркім де өлтірілсін.#24:17 Алайда ешқандай қара ниетсіз абайсызда біреуді өлтіріп алған адамдар бас сауғалайтын қалалар белгіленді (Рул 35:14). 18Өзге біреудің малын ұрып өлтірген әркім басқа бас төлеп, оның орнын толтырсын. 19Өзге біреуді жарақаттаған әркімге оның соған істегені өзіне істелінсін:#24:19 Осы ережеде үкім кесуге арналған қағида белгіленген: жаза тек жасалған қылмысқа сай келсін, оның одан асуына болмайды. 20сыныққа — сынық, көзге — көз, тіске — тіс. Ол өзге адамды қалай жарақаттаса, оның өзіне де солай істелінсін. 21Сонымен бір малды ұрып өлтірген әркім оның орнын толтырсын. Бірақ кісіні ұрып өлтіргеннің өзі өлтірілсін. 22Исраилдік болып туған адамды да, жат жұрттықты да бірдей заңмен соттауларың керек. Себебі Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін.
23Мұса осы ережелерді Исраил халқына айтып жеткізді. Олар Жаратқан Иенің есімін қарғағанды ел қонысының сыртына алып шығып, тас лақтырып өлтірді. Мұны Жаратқан Иенің Мұсаға берген бұйрығына сай істеді.
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.