YouVersion 標識
搜索圖示

Леуіліктер 18

18
Тыйым салынған қатынастар
1Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді:
2— Исраилдіктерге Менің мына сөздерімді жеткіз: Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. 3Сендер бұрын қоныстанған Мысырдың адамдарындай істемеңдер! Мен сендерді жетелеп бара жатқан Қанахан елінің адамдарындай да әрекет етпеңдер, әрі олардың (азғын) ережелеріне#18:3 (20:23; Мыс 23:24) Яки: әдет-ғұрыптарына. сәйкес ештеңе істемеңдер! 4Сендер Менің шешімдерімді орындап, ережелерімді сақтауларың керек. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. 5Сонымен Менің ережелерім мен шешімдерімді ұстаныңдар! Оларды бұлжытпай орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді.#18:5 Заң 4:1; Иш 55:3; Езк 18:9. Мен Жаратқан Иемін.
6Ешкім өзінің қандас туысымен жақындасып абыройын ашпасын! Мен Жаратқан Иемін. 7Әкең мен шешеңнің абыройын төгіп шешеңмен жақындаспа! Ол өз анаң ғой, оның абыройын ашпа! 8Әкеңнің өзге әйелімен де жақындаспа! Бұл әкеңнің де абыройын ашқаның. 9Өзіңнің бірге туған әпке-қарындасыңның немесе өзіңмен жартылай қандас не әкеңнің, не шешеңнің қызымен де жақындаспа! Ол сенімен бірге туып-өсті ме, жоқ па, бәрібір, оның абыройын төкпе! 10Ұлыңның не қызыңның қызымен жақындаспа! Бұл өзіңнің де абыройыңды ашқаның. 11Әкеңнің басқа әйелінен туған қызымен де жақындаспа! Ол сенің әпке-қарындасың ғой. 12Әкеңнің әпке-қарындасымен де жақындаспа! Ол әкеңнің қандас туысы ғой. 13Шешеңнің әпке-сіңлісімен жақындаспа! Ол шешеңнің қандас туысы ғой. 14Әкеңнің аға-інісінің әйелімен жақындасып, немере аға-ініңнің абыройын төкпе! Сол әйел сенің туысқан жеңгең не келінің ғой. 15Өз келініңмен де жақындаспа! Ол ұлыңның әйелі ғой, келініңнің абыройын ашпа! 16Аға-ініңнің әйелімен жақындаспа! Бұл ағаңның не ініңнің абыройын ашқаның.
17Бір әйелмен және оның қызымен немесе бір әйелмен және оның немере не жиен қызымен бірдей жақындаспа! Олар өзара қандас туыстар ғой. Бұл — жексұрын қылық. 18Әйеліңнің туған әпке не сіңлісін алып, онымен әйеліңнің көзі тірісінде жақындаспа! Бұдан сол екеуі күндес болар еді.#18:18 Жар 29:30,32; 30:15.
19Әйелдің айлық етеккірі келіп жүрген кезінде онымен жақындаспа!
20Басқа біреудің әйелімен еш жақындасып, өзіңді арамдама!
21Ұрпақтарыңды (жалған тәңір) Молохқа құрбан етіп#18:21 20:2; Заң 12:31; 18:10; Пат4 17:17. Құдайыңды қорлама! Мен Жаратқан Иемін.
22Еркекті әйелдей көріп онымен жақындаспа! Бұл — жексұрын қылық.
23Жануармен жақындасып, өзіңді арамдама! Әйел де жақындасу мақсатымен өзін жануарға ұсынбасын. Бұл — нағыз азғындық.
24Осындай қылықтармен өздеріңді еш арамдамаңдар! Мен алдарыңнан қуып шыққалы тұрған халықтар дәл осындай қылықтардың кесірінен өздерін арамдады. 25Олардың жексұрын қылықтарынан елдің өзі де арамданып кетті. Мен оның айыбына назар аударып, сол себептен енді елдің өзі тұрғындарын құсып шығарып тастайды. 26Ал сендер Менің ережелерім мен шешімдерімді орындауларың керек. Тумысынан исраилдік өздерің де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар да осындай жексұрын қылықтарды жасамасын!
27Себебі осындай жексұрындықтардың барлығын елде өздеріңнен бұрын тұрған халықтар істейтін еді, содан да жер арамданып кетті. 28Егер енді сендер елді арамдайтын болсаңдар, онда ел сендерді де бұрынғы халықтар сияқты құсып шығарып тастайтын болады.
29Ал егер біреу осы жексұрын қылықтардың кез келгенін істесе, сондай адам халық арасынан аластатылсын! 30Сондықтан да Менің бұйрықтарымды сақтап орындаңдар! Өздерің елге келмей тұрып сонда тараған жексұрын салт-дәстүрлерді ұстанбаңдар! Соларды істеп өздеріңді арамдамаңдар! Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін.

醒目顯示

分享

複製

None

想要在所有設備上保存你的醒目顯示嗎? 註冊或登入