Леуіліктер 11
11
Адал және арам тағамдар
1Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға нұсқау беріп былай деді:
2— Исраил халқына мынаны айтыңдар: Жер бетіндегі бар хайуандардың ішінен мыналарды жеулеріңе болады: 3Тұяғы екіге бөлінген ашатұяқты#11:3 Яғни айыртұяқты. әрі күйіс қайыратын барлық хайуандардың етін жеулеріңе болады.
4Бірақ күйіс қайыратын немесе ашатұяқты хайуандар арасынан мыналардың етін тамаққа пайдалануға болмайды: түйе күйіс қайырса да, тұяқтары екіге бөлінген аша емес,#11:4 Яғни тұяқтары түгелдей бөлінген емес. сол себепті оның еті сендер үшін арам. 5Майбасар#11:5 Немесе: қосаяқ; яки: таутышқан. күйіс қайырса да, ашатұяқты емес, сол себепті оның еті сендер үшін арам. 6Қоян күйіс қайырса да, ашатұяқты емес, оның еті сендер үшін арам. 7Ал шошқа тұяғы екіге бөлінген, ашатұяқты болғанмен, күйіс қайырмайды, сондықтан да сендер үшін арам. 8Осы хайуандардың не етін жеулеріңе, не өлімтігіне жанасуларыңа болмайды. Ондайлар сендер үшін арам.
9Суды мекендейтін мақұлықтардың қайсыларында қанаттары мен қабыршақтары болса, соларды азық етулеріңе болады. Олар қай суда болмасын, теңізде болсын, өзенде болсын, жеулеріңе болады. 10Бірақ теңізде не өзенде құжынап жүзіп жүретін және суды мекендейтін басқа да мақұлықтардың қайсысында қанаттары мен қабыршақтары болмаса, оларды жеуге болмайтын, жиренішті деп санаңдар! 11Олар сендер үшін жиренішті болғандықтан, етін жемей, өліктерінен де жеркенулерің керек. 12Суды мекендейтін, қабыршақтары мен қанаттары жоқ кез келген мақұлық сендер үшін жиренішті.
13Бірқатар құстарды да жиренішті деп біліңдер, соларды жеулеріңе болмайды. Олар: бүркіт, күшіген, тазқара,#11:13 Яки: қозықұмай, су қарақұс. 14қызыл кезқұйрық, қара кезқұйрықтың кез келген түрі, 15қарғаның кез келген түрі, 16түйеқұс, батпақ жапалағы, шағала, қаршығаның кез келген түрі, 17байғыз, суқұзғын, құлақты жапалақ, 18ақ үкі, бірқазан, тұйғын, 19ләйлек, құтанның кез келген түрі, бәбісек және жарқанат.
20Аяқтарымен жерде құжынап жүретін және ұшатын жәндіктердің бәрі#11:20 Немесе: Ұшатын қанаттары бар, төрт жұп аяқтарымен жорғалап құжынаған барша жәндіктер мен шыбын-шіркейлер. (Жәндіктерде әдетте үш жұп аяқ бар, осындағы төртінші жұп мұртшалар болуы мүмкін.) сендер үшін жиренішті. 21Барлық қанаттарымен ұшып, аяқтарымен жер басып жүретіндердің арасындағы тек сирақтары ұзын, секіре алатындарын ғана азық етулеріңе болады. 22Олар: шегіртке, шекшек шегіртке, қара шегіртке, саяқ шегіртке және бұлардың барлық түрлері. 23Алайда аяқтарымен жерде құжынап жүретін және ұшатын жәндіктердің бәрі сендер үшін жиренішті.
24Осы жәндіктер адамды арамдайды. Олардың өліктерімен жанасқан адам кешке дейін арам болып саналады. 25Кім солардың өлігін алып жүрсе, сол киімдерін жусын, ал өзі кешке дейін арам болып саналады.
26Тұяғы толықтай емес, аздап қана бөлінген немесе күйіс қайырмайтын кез келген хайуан сендер үшін арам. Ондаймен жанасқан әркім арамданады. 27Тұяғы жоқ, төрт аяқтап табанымен жүретін барлық хайуандар сендер үшін арам. Кімде-кім сондай жануардың өлігімен жанасса, сол кешке дейін арам болып саналады. 28Кімде-кім солардың өлігін алып жүрсе, сол киімдерін жусын, ал өзі кешке дейін арамданған болып саналады. Ондай хайуандар сендер үшін арам.
29Жер бетінде құжынаған мыналар да сендер үшін арам: көртышқан, тышқан, ешкіемердің кез келген түрі,#11:29 Немесе: аққалақ, егеуқұйрық, үлкен кесірткенің кез келген түрі. 30тағы да жармасқы кесіртке, келес, кәдімгі кесіртке, дала кесірткесі және құбылғы.#11:30 Немесе: жармасқы кесіртке, геккон, варан, сцинк және хамелеон. 31Жер бетіндегі бауырымен жорғалап құжынаған барлық мақұлықтардың ішіндегі арамдары — осылар. Олардың өліктерімен жанасқан әркім кешке дейін арамданған болып саналады. 32Егер сол жануарлардың бірінің өлігі бір бұйымға құлап түссе, сол бұйым қандай заттан жасалған болса да: ағаш болсын, мата, тері немесе кенеп болсын, қандай пайдалы болса да арамданып қалады. Ондай бұйымды суға салып қою керек. Ол кешке дейін арам болып саналып, содан кейін адал болады. 33Ал егер сондай жануардың өлігі қыш ыдыстың ішіне түсіп кетсе, онда ішіндегінің бәрі арамданады. Ондай ыдысты сындырып тастау керек. 34Егер осындай ыдыстың ішінен жеуге болатын тамаққа су ақса, онда тамақ та арамданады. Ондай ыдыстан ішетін сусын да ішуге жарамсыз арам болады.
35Осындай жануардың өлігінің кез келген бөлігі түскен заттың бәрі де, ошақ не тамақ даярлайтын ыдыс болсын, арамданады. Оларды сындырып тастау керек. Олар арамданған және оларды әрдайым арам деп санауларың керек. 36Ал осындай жануардың өлігі бұлаққа не су жинайтын құдыққа түссе, олар таза болып қала береді. Бірақ өлікке жанасқан адам немесе зат арамданады. 37Егер өлік себілетін дәнге түссе, дән таза болып қала береді. 38Бірақ егер өлік суға малынған дәнге түсетін болса, онда дән арамданады.
39Егер етін тамаққа қолдануға болатын хайуан өлсе, онда соның өлігімен жанасқан әркім кешке дейін арамданған болып саналады. 40Өліктің етін жеген не өлікті көтеріп алып жүрген адам киімдерін жууы керек, оның өзі кешке дейін арамданған болып саналады.
41Жер бетінде бауырымен жорғалап құжынаған барлық мақұлықтардан жиреніп, азық етпеңдер! 42Бауырымен жорғалайтындарды, аяқтарымен жүретіндерді, не жер бетімен жорғалайтындардың ішіндегі көпаяқтыларды жемеңдер! Өйткені олар жиренішті. 43Кез келген құжынап жүретін мақұлықтар арқылы өздеріңді жиренішті етіп, арамдамаңдар!
44Өйткені Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін.#11:44 11:45; 19:2; Мыс 6:7. Мен киелімін,#11:44 Пат1 6:20; Жыр 98:5,9; Иш 6:3-5. сондықтан сендер де Өзіме бағышталып, киелі болыңдар!#11:44 10:3; 11:45; 19:2; 20:7,26; Мыс 19:6, Заң 14:2. Жер бетінде жорғалап жүретін ешбір мақұлықпен өздеріңді арамдаушы болмаңдар!#11:44 20:25-26; 22:5. 45Құдайларың болу үшін өздеріңді Мысыр елінен азат етіп алып шыққан Жаратқан Ие Менмін. Мен киелімін, сондықтан сендер де киелі болыңдар!
46Хайуандар, құстар, суда жүзетін және жер бетімен жорғалап жүретін барлық мақұлықтар туралы заң, міне, осы. 47Арамды адалдан әрі жеуге болатын жануарларды жеуге болмайтындарынан ажырата біліңдер!
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.