Мысырдан шығу 28
28
Діни қызметкерлердің арнайы киімдері
1Бүкіл Исраил үрім-бұтағының арасынан Менің діни қызметкерлерім болу үшін ағаң Һаронды ұлдары Надаб, Әбиһу, Елазар, Ітамармен бірге қасыңа шақырып алдырт. 2Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін ағаң Һаронға арнайы#28:2 Яки: киелі (яғни Құдайдың қызметіне ғана бағышталған). (Түсіндірмені де қараңыз.) киімдер тіккіз. 3Һаронның Менің қызметіме бағышталып тағайындалу рәсімі кезінде киетін сол киімдерін дайындау жайында Өзім ерекше дарынға кенелткен барлық парасатты адамдарға нұсқау бер. 4Олар жасап дайындауға тиіс киімдер мыналар: төс қалта, жеңсіз сырт киім,#28:4 Яки: мыналар: төс алқа, ефод (28:15-30; 28:6-14). сырт көйлек, бедерленіп тоқылған ұзын көйлек, сәлде және жалпақ белбеу. Маған діни қызмет көрсетулері үшін ағаң Һарон мен оның ұлдарына арнап шеберлер осы киімдерді дайындасын. 5Сол үшін алтын талшықтар, әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптер қолданылсын.
Жеңсіз сырт киім
6Шеберлер жеңсіз сырт киімді алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестелеп тоқып дайындасын. 7Сырт киімнің алдыңғы, артқы бөліктерінің жоғарғы жақтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын екі иық жапсырмасы болсын. 8Сырт киімді байлап тұратын белбеу де дәл сол сияқты алтын талшықтармен әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын.
9Екі оникс тасын алып, олардың бетіне Исраилдің он екі ұлының аттарын#28:9 Яғни Исраилден (Жақыптан) тараған он екі рудың есімдерін (1:2-3). 10туу реттеріне сай, алтауын бір тасқа, қалған алтауын келесісіне ойып жаздырт. 11Осылай тастан ойып мөр жасайтын зергер мәнерімен Исраилдің руларының аттарын екі оникс тасқа ойып жаздыртқаннан кейін, оларды әшекейлі алтын жиектемелерге#28:11 Яки: алтын оправаларға. қондырғызып, 12сырт киімнің иық жапсырмаларына бекіттір. Сол екі тас — Исраилдің үрім-бұтағының естелігі: Һарон өзінің діни қызметін атқарғанда, Жаратқан Иенің (оларды рақым етіп таңдап алғанын) есіне салып отыру үшін рулардың аттарын ұдайы екі иығында алып жүретін болсын.
13Әшекейлеп екі алтын шығыршық жасат. 14Саф алтын талшықтардан арқан сияқты екі бау ширата өргізіп, шығыршықтарға бекіттірт.
Кеуде қалта
15Құдайдың еркін#28:15 Яки: Құдайдың үкімін. білуге көмекші құрал болатын кеуде қалта жасалсын. Ол да жеңсіз сырт киім сияқты алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын. 16Қалта ені мен көлденеңі бір қарыстан#28:16 Яғни жарты шынтақтан (шамамен 22 см). төрт бұрышты екі қабат етіп дайындалсын. 17Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалсын: бірінші қатарға рубин, топаз, изумруд, 18екіншісіне лағыл, сапфир, алмас, 19үшіншісіне жақұт, жүзақ, аметист, 20ал төртінші қатарға зүбәржат,#28:20 (39:13; Езк 1:16; Дан 10:6) Яки: хризолит; немесе: топаз. оникс, яспис тастарын алтын жиектемелерге безендіріп қондырғыз. 21Асыл тастардың саны он екі болсын, Исраилдің әрбір ұлы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылсын.
22Кеуде қалта үшін саф алтын талшықтардан арқан тәрізді ширатып екі шынжыр бау өргізгеннен кейін#28:22 28:14. 23екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның жоғарғы екі бұрышына бекіттір. 24Өрілген екі алтын шынжыр бау қалтаның жоғарғы екі бұрышындағы алтын шығыршықтардан өткізілсін. 25Екі баудың қалған ұштары екі жиектемеге бекітілсін, сонда олар иық жапсырмаларымен алдыңғы жақтан байланысады. 26Тағы екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекіттір. 27Осындай басқа да екі алтын шығыршық жасат. Олар сырт киімнің алдыңғы жағында, оның артқы, алдыңғы бөліктерінің түйіскен жеріне таман қолтықтың астынан,#28:27 Яки: иық жапсырмаларының астынан. белбеудің үстінен бекітілсін. 28Бұл шығыршықтар қою күлгін баулар арқылы қалтаның төменгі жағындағы шығыршықтармен байланыстырылсын. Сонда кеуде қалта өз орнынан қозғалмай, белбеудің үстіңгі жағында берік тұратын болады.
29Осылайша Һарон киелі орынға#28:29 Яғни киелі шатырға (26:33; 28:12,35; 29:30). кірген сайын Исраил руларының аттарын жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында естелік ретінде алып жүрмек. 30Кеуде қалтаға «Нұр және Кемелділік»#28:30 Яки: «Адал және Ақиқат». Түпнұсқада: «Ұрим және Тұммим». (Бас діни қызметкер оларды Құдайдың еркін біліп алуға қолданатын: Рул 27:21; Пат1 23:9-12; 30:7-8.) деген қасиетті жеребелерді салып қой. Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ. Сонда Һарон Исраилдің үрім-бұтағына Жаратқан Иенің шешімдерін білдіретін сол құралдарды әрқашан жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында алып жүретін болады.
Діни қызметкерлердің басқа киімдері
31Жеңсіз сырт киімнің#28:31 Яки: Ефодтың (28:6). ішінен киетін бір түсті қою күлгін сырт көйлек дайындат: 32оның жоғарғы жағында#28:32 Немесе: ортаңғы жағында (тоқылған матаның дәл ортасында). бас сыятындай ойығы болсын. Ал тарқатылып кетпеуі үшін ойықты айналдыра жаға іспетті қаптама тоқылсын. 33-34Көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері және солардың араларында кішкене алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрсын. 35Һарон қызметін атқарғанда осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс. Ол Жаратқан Иенің алдына барып, киелі орынға кіріп-шыққан кезде өліп қалмауы үшін қоңыраушалардың сыңғыры естілуі қажет.#28:35 Һарон арнайы киімін киіп, қызметін атқарып жүрмегенде киелі шатырға кірмеуге тиіс еді.
36Саф алтыннан кішкене тақташа жасатып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойып жаздырт. 37Алтын тақташаны қою күлгін баумен алдыңғы жағынан сәлдеге бекіттір. 38Һарон Исраилдің үрім-бұтағының Құдайға бағыштаған барлық құрбандықтарының, сый-тартулары мен қызметтерінің мінсіз еместігінің кінәсін өз мойнына алуы үшін, осы алтын тақташа оның маңдайына тағылып жүруге тиіс. Осылай сол құрбандықтар, сый-тартулар және қызметтер Жаратқан Иеге ұнамды болады.#28:38 Леу 23:11.
39Сәлде бәтестен,#28:39 Бәтес: жіңішке ақ зығыр жіптен тоқылған асыл мата (Жар 41:42). ұзын көйлек бедерлі бәтестен тігіліп, жалпақ белбеу кестеленіп тоқылсын. 40Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін Һаронның ұлдарына да ұзын көйлек, белбеу мен баскиімнен дайындат. 41Осы киімдерді ағаң Һаронға және оның ұлдарына кигізіп, оларға май жағу рәсімін орында. Діни қызметкерлерім болу үшін оларды Маған бағыштап, тағайында.#28:41 Яки: бағыштап, қолдарын (Маған арнаған құрбандықтар мен сый-тартуларға) толтыр (29:1,24-25). 42Тәндерін белінен тізесіне дейін жабу үшін бәтес шалбар#28:42 (Леу 16:4) Яки: бәтес іш киім. дайындат. 43Һарон мен оның ұлдары киелі орында қызмет ету үшін кездесу шатырына#28:43 27:21. кіріп не құрбандық үстеліне жақындап барған сайын осындай киімдерді киіп жүруге тиіс. Олай етпесе, олар кінәлі болып, өлім құшады.
Бұл — Һаронға және оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже.
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.