1
Леуіліктер 26:12
Киелі кітап
КК 2010
Араларыңда жүріп, сендердің Құдайларың боламын, ал сендер Менің халқым боласыңдар.
對照
探尋 Леуіліктер 26:12
2
Леуіліктер 26:4
Мен мезгілінде жаңбыр жаудырамын, сонда жер өнімін, ағаштар жемісін береді.
探尋 Леуіліктер 26:4
3
Леуіліктер 26:3
Егер сендер ережелеріме бағынып, өсиеттерімді мұқият сақтап орындасаңдар
探尋 Леуіліктер 26:3
4
Леуіліктер 26:6
Мен елдеріңе тыныштық сыйлаймын, ешкім де сендерді мазаламай, алаңсыз ұйықтайтын боласыңдар. Мен бұл елден жыртқыш аңдарды жоямын. Жау семсері елдеріңді шауып та тастай алмайды.
探尋 Леуіліктер 26:6
5
Леуіліктер 26:9
Мен сендерге мейіріммен қарап, өсіріп-өндіріп сандарыңды көбейтемін. Сендермен жасаған Келісімімді берік сақтаймын.
探尋 Леуіліктер 26:9
6
Леуіліктер 26:13
Сендерді мысырлықтардың құлдығынан азат етіп, Мысырдан алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Мойындарыңа салынған құлдықтың мойынтұрығын Мен сындырдым, бойларыңды тік ұстап жүре алуларыңа мүмкіндік бердім.
探尋 Леуіліктер 26:13
7
Леуіліктер 26:11
Мен араларыңда Өзімнің жер бетіндегі тұрағым — киелі орынды құрып, сендерден еш жиренбейтін боламын.
探尋 Леуіліктер 26:11
8
Леуіліктер 26:1
Өздеріңе ешқандай тәңір бейнелерін жасамаңдар! Не бір тәңірдің ойып жасалған мүсінін, не киелі тас бағана орнатушы болмаңдар! Елде қашалған тас мүсін орнатып, оған тағзым етіп табынушы да болмаңдар! Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін.
探尋 Леуіліктер 26:1
9
Леуіліктер 26:10
Өткен жылғы астықты әлі жеп бітірмей, жаңа орған өнімді қоймаларыңа құю үшін өткен жылдан қалғандарын шығарып тастайтын боласыңдар.
探尋 Леуіліктер 26:10
10
Леуіліктер 26:8
Бесеуің — жүз, ал жүзің — он мың жауды қуатын боласыңдар. Жауларың алдарыңда семсерлеріңнің жүзінен ойсырай жеңіліп, қырылатын болады.
探尋 Леуіліктер 26:8
11
Леуіліктер 26:5
Молынан орған астықты жүзім жинайтын мерзімге дейін бастырып, ағыл-тегіл піскен жүзімді егіс науқанына дейін жинайтын боласыңдар. Осылай сендер тамақты тоя ішіп-жеп, елдеріңде аман-есен тұратын боласыңдар.
探尋 Леуіліктер 26:5
12
Леуіліктер 26:7
Қайта, сендер жауларыңды өкшелеп қуып, семсерлеріңнің жүзімен қырып-жоятын боласыңдар.
探尋 Леуіліктер 26:7
13
Леуіліктер 26:2
Маған бағышталған демалыс күндерін берік сақтап, Менің киелі үйімді терең қастерлеңдер! Мен Жаратқан Иемін.
探尋 Леуіліктер 26:2
首頁
聖經
計畫
視訊