1
Жаратылыстың баст. 9:12-13
Киелі кітап
КК 2010
Мұнан соң Құдай тағы былай деді: «Менің сендермен және қастарыңда жүрген бүкіл тіршілік иелерімен барлық болашақ ұрпақтар үшін де жасаған Келісімімнің белгісі мынау: Мен садаққа ұқсас кемпірқосағымды бұлтқа орнатамын, бұл — Менімен жердің арасындағы Келісімнің белгісі.
సరిపోల్చండి
Жаратылыстың баст. 9:12-13 ని అన్వేషించండి
2
Жаратылыстың баст. 9:16
Бұлттың арасында тұрған кемпірқосақты көрген сайын, Мен жер бетіндегі әр түрлі тіршілік иелерімен мәңгілікке жасасқан Келісімімді есіме аламын».
Жаратылыстың баст. 9:16 ని అన్వేషించండి
3
Жаратылыстың баст. 9:6
Кімде-кім адамның қанын төксе, оның да қаны адам арқылы төгілетін болады, себебі Құдай адамды Өзіне (рухани жағынан) ұқсас етіп жаратты.
Жаратылыстың баст. 9:6 ని అన్వేషించండి
4
Жаратылыстың баст. 9:1
Құдай Нұх пен оның ұлдарына былай деп бата берді: «Өсіп-өніп, ұрпақтарың көбейіп, жерді толтырыңдар.
Жаратылыстың баст. 9:1 ని అన్వేషించండి
5
Жаратылыстың баст. 9:3
Қимылдап жүргендер мен кеудесінде жаны барлардың бәрі сендерге қорек болады. Өсімдіктерді бергенім сияқты, қазірден бастап сендерге бәрін де беремін.
Жаратылыстың баст. 9:3 ని అన్వేషించండి
6
Жаратылыстың баст. 9:2
Сендерді көргенде, барлық жер бетіндегі аңдар мен аспандағы құстарды, жер үстінде қыбырлап жүргендер мен теңіздегі балықтарды үрей мен қорқыныш билесін. Себебі олар сендердің биліктеріңе берілді.
Жаратылыстың баст. 9:2 ని అన్వేషించండి
7
Жаратылыстың баст. 9:7
Ал сендер өсіп-өніп көбейіп, жер бетін жайлаңдар».
Жаратылыстың баст. 9:7 ని అన్వేషించండి
హోమ్
బైబిల్
ప్రణాళికలు
వీడియోలు