YouVersion လိုဂို
ရှာရန် အိုင်ကွန်

Петірдің 1-хаты 4

4
Құдайға бағышталған жаңа өмір
1Сонымен, Мәсіхтің Өзі тәнімен азап шеккендіктен, сендер де (жақсылық үшін азап шегуге дайын) болыңдар! Осындай ой-ниет өздеріңді қорғайтын қалқан іспетті. Тәні азап шегіп жатқан сенуші күнәлі құмарлықтарына берілмейді.#4:1 (2:21; Рим 6:7; Еф 6:13-14) Немесе: Себебі Мәсіхтің шеккен азабына ортақтас болған сенуші бұдан былай күнә жасамауға шешім қабылдады. 2Бұдан былай осы дүниедегі өміріңнің қалған кезеңін ескі күнәкар болмыстарыңның құмарлықтарына сай емес, Құдайдың еркіне мойынсұнып өткізулерің керек. 3Өткен кезде сендер ұзақ уақыттарыңды Оған мойынсұнбайтындарға ұнайтынды жасап өткіздіңдер: өмірлерің жүгенсіздік, нәпсіқұмарлық, маскүнемдік, ырду-дырду ойын-сауықтар, мас жын-ойнақтармен және Құдайға жек көрінішті жалған тәңірлерге құлшылық етумен өтіп келді. 4Бұрынғы серіктерің өздерінің иіріп, тартып әкететін азғын өмір салттарына енді батпағандықтарыңа таңғалып, налып, сендерді жамандайды. 5Қиямет сотында олар тірілер мен өлілерге үкім шығаруға дайын тұрған Иемізге есеп бермек. 6Ізгі хабардың кейін өлген сенушілерге де уағыздалғандығының себебі мынау: Тәңір Ие адамзатқа күнәкарлығы үшін ажалды етіп үкім шығарғандықтан, сол сенушілердің де тәндері өлді#4:6 (Евр 9:27) Немесе: Ізгі хабардың өлілерге де уағыздалғандығының себебі — олар әрбір адам сияқты тәндік болмыстарында сотталып, өлді.. Бірақ жандары Құдайдың еркі бойынша мәңгі тірі болмақ.#4:6 4:1-2; Жох 5:25-26; Ғал 2:20.
7Күллі дүние атаулының ақыры таяп келеді. Сондықтан сиынып дұға ете алу үшін байсалды да салауатты болыңдар! 8Ең бастысы, бір-біріңді шынайы сүйіңдер, сондай сүйіспеншілік адамдардың көптеген күнәларын кешіреді.#4:8 Немесе: жауып тастайды (Мат 18:22; Жақ 5:20). 9Ешбір наразылықсыз өзара қонақжай болыңдар. 10Тәңір Ие рақым етіп сыйлаған алуан түрлі рухани дарындарыңды жақсылап қолданыңдар. Әрқайсыларың қабылдаған дарындарыңмен бір-біріңе адал қызмет етіңдер:#4:10 Яки: Киелі Рухтан қабылдаған дарындарыңмен (Қор1 11:1,4-5; 12:28; 14:1) бір-біріңе адал басқарушы іспетті (Мат 24:45) қызмет етіңдер. 11уағыз айтатындарың Құдай сөзін уағыздай беріңдер; қызмет көрсететіндерің Тәңір Иенің өздеріңе берген күш-қуатымен қызмет ете беріңдер! Осылайша барлық істе де Құдай Иса Мәсіх арқылы мадақталсын. Ұлылық, даңқ және билік мәңгі Онікі! Аумин.
Мәсіхші ретінде азап шегудегі төзімділік
12Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды#4:12 Яки: өздеріңнің алтынның отпен сыналып, тазартылғанындай азап шеккендеріңді (1:6-7). оғаш нәрсе деп ойламаңдар. 13Қайта, неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.#4:13 1:7. 14Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер, бақыттысыңдар, себебі ұлылыққа бөлейтін Құдайдың Рухы сендерге орнығады.#4:14 (2:12; 3:16; Мат 5:1; Елш 5:41; Қор2 4:10-11,16) Немесе: сендерге қонады. (Құдайдың Рухы олар арқылы қорланғанмен, сендер арқылы мадақталады.)
15Алайда егер қайсыбіреулерің азап шексеңдер, бұл, әрине, кісі өлтіріп, ұрлық не өзге қылмыс жасаудың немесе басқаның шаруасына қол сұғудың зардабы болмауға тиіс! 16Ал мәсіхші#4:16 Яғни Мәсіхтің жолымен жүруші (Елш 11:26; 26:28). болғандарыңа бола жәбірленсеңдер, одан ұялмаңдар, керісінше, Мәсіхтің атымен аталғандарың үшін Құдайды мадақтаңдар.#4:16 Яки: Мәсіхтің атынан соған төзіп Құдайды мадақтаңдар.
17Осылай Тәңір Иенің ең алдымен өз халқын соттай бастайтын уақыты келді. Ал сот бізден басталса, онда Құдайдың Ізгі хабарына бағынбайтындардың ақыры қандай болмақ! 18Әділ жанның өзі зорға құтқарылғанда, арамза, күнәлі адаммен не болмақ?!#4:18 Яки: құдайсыздармен, күнәкарлармен не болмақ?! (Нқл 11:31)
19Сонымен, Құдайдың еркі бойынша азап шегіп жүрген сендер, жандарыңды әрдайым уәдесін орындайтын Жаратушыға сеніп тапсырыңдар, әрі игі істер жасай беріңдер!

လက်ရှိရွေးချယ်ထားမှု

Петірдің 1-хаты 4: КК 2010

အရောင်မှတ်ချက်

မျှဝေရန်

ကူးယူ

None

မိမိစက်ကိရိယာအားလုံးတွင် မိမိအရောင်ချယ်သောအရာများကို သိမ်းဆည်းထားလိုပါသလား။ စာရင်းသွင်းပါ (သို့) အကောင့်ဝင်လိုက်ပါ