1
Қорынттықт. 2-хат 4:18
Киелі кітап
КК 2010
Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.
နှိုင်းယှဉ်
Қорынттықт. 2-хат 4:18ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
2
Қорынттықт. 2-хат 4:16-17
Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде. Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді!
Қорынттықт. 2-хат 4:16-17ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
3
Қорынттықт. 2-хат 4:8-9
Жан-жақтан қысым көрудеміз, бірақ тапталған жоқпыз, шарасыз болып қысылудамыз, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз. Қуғынға түссек те, Тәңір Ие бізді жалғыз қалдырған жоқ; жығылсақ та, жойылмаймыз.
Қорынттықт. 2-хат 4:8-9ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
4
Қорынттықт. 2-хат 4:7
Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр.
Қорынттықт. 2-хат 4:7ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
5
Қорынттықт. 2-хат 4:4
Бұлар оған сенбейді, себебі осы күнәкар дүниенің «тәңірі» (әзәзіл шайтан) олардың ой-саналарын соқыр қылып қойған. Содан олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайды. Ал Мәсіх Құдайдың қандай екенін айқын көрсетеді.
Қорынттықт. 2-хат 4:4ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
6
Қорынттықт. 2-хат 4:6
Жаратылыстың басталуында қараңғылықтан нұрдың жарқырауын бұйырған Құдай жан дүниемізді де жарқыратып, бізді Иса Мәсіхтің бетінен көрінетін Өзінің салтанатты ұлылығын білуіміз арқылы нұрландырды.
Қорынттықт. 2-хат 4:6ရှာဖွေလေ့လာလိုက်ပါ။
ပင်မစာမျက်နှာ
သမ္မာကျမ်းစာ
အစီအစဉ်များ
ဗီဒီယိုများ