1
Марқа 10:45
Киелі кітап
КК 2010
Себебі Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізу үшін емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеп жанымды қию үшін осы дүниеге келдім.
Kokisana
Luka Марқа 10:45
2
Марқа 10:27
Иса оларға қарап: — Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан келеді. Оның қолынан бәрі де келеді! — деді.
Luka Марқа 10:27
3
Марқа 10:52
Иса оған: — Жүре бер, сен сенімің арқылы құтқарылдың, — деді. Сол сәтте-ақ оның көзі ашылып, көретін болды! Содан Бартімей Исаға еріп жолға шықты.
Luka Марқа 10:52
4
Марқа 10:9
Сонымен Құдай қосқандарды адам баласы ажыратпасын!
Luka Марқа 10:9
5
Марқа 10:21
Иса оған қарап тұрып, сүйіспеншілікпен: — Саған бір нәрсе жетіспейді: барып, қолыңдағы мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер! — деді.
Luka Марқа 10:21
6
Марқа 10:51
Иса: — Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Зағип: — Ұстаз, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді.
Luka Марқа 10:51
7
Марқа 10:43
Бірақ сендердің араларыңда ондай болмасын! Керісінше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін!
Luka Марқа 10:43
8
Марқа 10:15
Сендерге шындығын айтайын: кім Құдайдың Патшалығын бала сияқты қабылдамаса, оған кіре алмайды.
Luka Марқа 10:15
9
Марқа 10:31
Сол заманда көптеген алдыңғы қатарлылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады.
Luka Марқа 10:31
10
Марқа 10:6-8
Алайда жаратылыстың басталуында-ақ «Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты». «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады» (деп те Тауратта жазылған). Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас!
Luka Марқа 10:6-8
Ndako
Biblia
Bibongiseli
Bavideo