Жақыптың хаты 3

3
Өз аузыңа ие бол
1Бауырластарым менің, бәрің бірдей тәлім беруші болуға ұмтылмаңдар! Иеміздің бізге, тәлім беретіндерге, басқалардан гөрі қатаңырақ төрелік айтатынын#3:1 Қор1 3:12-17; Қор2 5:10. білесіңдер. 2Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.
3Мініс атын өз еркімізге көндіру үшін жай ғана ауыздық салып, бүкіл денесін бағындырып, бағыттаймыз. 4Немесе мысалға теңіз кемесін алайық. Ол қаншама үлкен болса да, күшті желмен ыққанда өте кішкентай тұтқасымен#3:4 Яки: кішкентай штурвалымен. басқарылып, оны ұстап тұрған кісінің қалаған бағытына жүреді. 5Сол сияқты, тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады.
От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! 6Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш.#3:6 Немесе: әділетсіздік әлемі (Мар 7:20-23). Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады.#3:6 Мат 5:22; Жох 8:44.
7Әр түрлі аңдар мен құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда.#3:7 Жар 1:28; 2:19; 9:2; Жыр 8:4-8. 8Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы. 9Біз тілімізбен Жаратқан Ие — Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз. Алайда Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды#3:9 Жар 1:27. сол тілімізбен қарғаймыз да! 10Осылайша алғыс та, қарғыс та бір ауыздан шығады.#3:10 Пет1 3:9; Рим 12:14.
Бауырластарым менің, бұлай болмасын! 11Бұлақ көзінен бір мезгілде тұщы да, ащы да судың шығуы мүмкін бе? 12Бауырластарым, ойлаңдаршы: өрік#3:12 Немесе: інжір (Мат 7:16; Лұқ 6:44). ағашы зәйтүн жемісін немесе жүзім бұтасы өрік жемісін бере ала ма? Әрине, бермейді. Дәл сол сияқты, ащы су шыққан бұлақтан тұщы су да шықпайды.
Шынайы даналық жанжалға бастамайды
13Араларыңдағы қайсың парасатты да саналысың? Сондай адам онысын үлгілі мінез-құлқымен, парасатты инабаттылығымен көрсетсін. 14Ал егер жүректерің удай қызғанышқа толып, қара бастарыңның абыройын ойласаңдар, онда даналықтарыңа мақтанбаңдар, әйтпесе шындықты бұрмалайсыңдар. 15Мұндай жалған «даналық» көктен келмейді. Керісінше, ол осы күнәкар дүниеге, өз бетімен жүрген ескі болмысымызға және жын-перілерге тән.#3:15 Яһд 1:19; Тім1 4:1; Қор2 1:12. 16Қай жерде қызғаныш пен қара бастың абыройын ойлау болса, тәртіпсіздік пен зұлымдық атаулы да сол жерде. 17Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады. 18Татуластырушылар «тыныштық тұқымын» себушілер іспетті. Бұл «тұқымның» жемісі болып әділ мінез-құлық орнығады.#3:18 Нқл 11:18,30; Иш 22:17; Ош 10:12; Мат 5:9; Флп 1:11.

הדגשה

שתפו

העתק

None

רוצים לשמור את ההדגשות שלכם בכל המכשירים שלכם? הירשמו או היכנסו