Петірдің 2-хаты 2

2
Жалған тәлім берушілерден сақтандыру
1Алайда сол заманда Құдай халқының арасында жалған пайғамбарлар да пайда болды. Дәл солай сендердің араларыңда да жалған тәлім берушілер болмақ. Олар жік салғыш зиянды ілімдерді жасырын енгізеді; тіпті өздерінің күнәларының құнын өтеп жанын құрбан еткен Әміршісі Мәсіхті де мойындамайды! Сондықтан олар бастарына кенеттен түсетін жойылуды өздері шақырып алады. 2Көптеген адамдар солардың азғындықтарына еріп кетпек. Оларға бола ақиқат жолы масқараланатын болады. 3Сол жалған тәлім берушілер сендерді ашкөздіктен өтірік сөздерімен алдап кетпек. Олардың үкімі әуелден-ақ бастарына төніп тұр; жойылулары кешікпей, сөзсіз іске аспақ!
Тәңір Иенің зұлымдарға қаһарын төгіп, әділдерді құтқаруы
4Себебі Құдай күнә жасаған періштелерді де аяған жоқ. Оларды қияметте сотталуға сақтау үшін тозақтың#2:4 (Аян 20:1-3) Яки: тұңғиық тозақтың (жаһаннамның). қара түнегіне ұстап беріп, шынжырлатып тастады. 5Тәңір Ие ежелгі дүниені де аямай, арсыз зұлымдардың әлеміне топан су жіберді. Жалғыз құтқарғаны әділдікті уағыздаушы Нұх пайғамбар мен оның отбасы, барлығы сегіз-ақ адам, болды.#2:5 Жар 6:5-10; 7:1; 8:15-16. 6Құдай Содом мен Ғомора қалаларын да үкімдеп, күл-талқандарын шығарды.#2:6 Жар 19:24-25,28. Ол солардың мысалымен болашақтағы зұлымдардың неге ұшырайтынын көрсетті. 7Ал әділ Лутты Тәңір Ие аман сақтап қалды. Ол айналасындағы арсыз адамдардың бұзық қылықтары үшін қатты қиналып жүрді.#2:7 (Жар 19:7-8,16,22,29; 13:13) Лут — Лут пайғамбар немесе Лот деп те аталады. 8Сол ізгі жан олардың арасында тұрып, Құдайдың бұйрығына қайшы іс-әрекеттерін күн сайын көріп, естіп, өзінің әділ ар-ұжданы алдында азап шекті.#2:8 Жыр 118:139,158.
9Бұл солай болғанда, Жаратқан Ие Өзіне ұнамды өмір сүретіндерді өтіп жатқан сынақтарынан құтқаруды,#2:9 Қор1 10:13; Мат 6:13. ал әділетсіздерді қиямет соты болатын күнге дейін сақтап, жазалауды, әрине, біледі. 10Әсіресе, күнәкар болмыстарының арам құмарлықтарының жетегіне ерген, ешбір билікті елемейтіндердің тағдырлары осындай болмақ!#2:10 Яһд 1:4,6-8,10,16.
Сондай тәкаппар да қиқар жалған тәлім берушілер#2:10 2:1,12. абыройлы билеушілерді балағаттаудан қаймықпайды. 11Тіпті күш-қуаттары әлдеқайда зор періштелер де соларды Жаратқан Иенің алдында ешқандай балағат сөзбен айыптамайды.#2:11 Яһд 1:9. 12Бірақ сол алдамшы тәлім берушілер ақылдарымен емес, жабайы аңдар сияқты түйсіктерімен ғана жүреді.#2:12 Яһд 1:10. Ал аңдар аулап, өлтіру үшін бар ғой. Сол адамдар түсінбеген нәрселері туралы жаман сөз айта береді. Ақырында жабайы аңдар сияқты олар да жойылмақ, 13осылай жасаған әділетсіз істеріне лайықты жазаларын тартпақ.
Мұндайлар тіпті күндіз#2:13 (Сал1 5:7) Яки: ұзақты күн. тәндік тәбеттерін қанағаттандырып, алдамшы ырду-дырдудан ләззат табады; өздеріңмен бірге тойлауларымен ар-ұяттарыңа дақ түсіріп, сендерді жұрт алдында ұятқа қалдырады.#2:13 Яһд 1:12. 14Олар ұдайы күнә жасаудың орайын іздеп, көздерімен әйелдерді «ішіп-жеп», сенімі тұрақсыздарды өздеріне еліктіріп отырады. (Солардың саны көбейе түссін деп) ашкөзденіп үйренген мұндайларды Құдайдың қарғысы атқан! 15Олар баяғыдағы Босор ұлы Балағамның жолына түсіп, тура жолдан тайып, адасып кетті. Балағам әділетсіз ісі үшін алатын сыйын қатты ұнатты,#2:15 Яки: Босор (Беғор) ұлы Балағам өзінің исраилдіктерді қарғап, әділетсіздік жасауы үшін алатын сыйын аңсады (Рул 22:4-20; Яһд 1:11). 16бірақ жаман қылықтары бетіне басылды: оның есегіне тіл бітіп, адам секілді сөйлеп, қиқар пайғамбардың ақымақ әрекетін тоқтатты!
17Сол жалған ілімді таратушылар қауымды алдап, тақырға отырғызатын, кеуіп қалған бұлақ көздеріне және дауыл айдаған, жаңбырсыз ақ бұлттарға ұқсайды. Оларға тозақтың қара түнегі дайын тұр.#2:17 Немесе: қара түнегі мәңгілікке дайын тұр (Яһд 1:6,13). 18Мұндайлар бос сөздермен мақтанып жүреді. Олар теріс жолмен жүргендердің арасынан жуырда ғана құтылып шыққан адамдарды#2:18 1:4; 2:20; Елш 2:40. күнәкар болмыстарының құмарлықтарын қайтадан жүгенсіздікпен қанағаттандыруға еліктіріп, торларына түсіреді. 19Олар осындай жандарға бостандықты уәде етеді, бірақ өздері азғындықтың құлдығында жүреді. Өйткені адам неден жеңілсе, соның құлы болар.#2:19 2:20; Жох 8:34; Рим 6:12,16,19; Тит 3:3.
20Осындайлар Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхті танып білгендері арқылы осы дүниелік арамдықтардан арылып, құтылған болатын. Алайда кейін қайтадан олардың шырмауына түсіп, жеңіледі. Сонда олардың соңғы жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болмақ.#2:20 Мат 12:45; Лұқ 11:26. 21Олар үшін әділдік жолын танып біліп, Мәсіхтің тапсырған қасиетті өсиеттерін қабылдап, кейін кері бұрылғаннан гөрі, сол жолды мүлдем білмегендері жақсы болар еді.#2:21 Езк 18:24; Жақ 4:17; Евр 6:4-6; 10:26-31. 22Бастарынан кешкендерінде мына тауып айтылған мақал-мәтел жүзеге асады:
«Төбет қайта оралар өзінің құсығына»,#2:22 Нқл 26:11.
«Жуылған шошқа қайтар аунайтын батпағына».

הדגשה

שתפו

העתק

None

רוצים לשמור את ההדגשות שלכם בכל המכשירים שלכם? הירשמו או היכנסו