Римдіктерге хат 5
5
Мәсіхке сенетін біз Құдаймен татумыз, болашақтан үміттіміз
1Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз. 2Құдайдың осы рақымына бізге Иса Мәсіхтің арқасында, сенім арқылы жол ашылды. Енді Құдайдың рақымына бөленіп, салтанатты ұлылығын көреміз деген үмітімізге қатты шаттанамыз! 3Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. 4Шыдамдылықтан сенімділік#5:4 (Жақ 1:12; Флп 2:22) Яки: (сынақтан өткен) берік мінез, тәжірибе. туады, ал сенімділік бізге үміт береді. 5Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.#5:5 Жох 3:5; 14:16-17,21; Тит 3:4-7.
6Ақталуға ешқандай шарамыз болмай тұрғанда, Мәсіх Құдай алдын ала белгілеп қойған уақытында күнәкар біздер үшін жанын қиды! 7Тіпті әділ біреу үшін өмірін құрбан ететін ешкім жоқ іспетті. Тым болмағанда, шынайы ізгі адам үшін бірен-саран кісі өмірін қиюға даяр болуы мүмкін. 8Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.
9Енді біз Мәсіхтің қаны төгіліп құрбан болғандығы арқылы ақталған соң, Оның арқасында Құдайдың қаһарынан мәңгілік құтқарылатынымыз да сөзсіз! 10Себебі бұрын біз Тәңірге әлі де қас болған кезде Оның рухани Ұлының өлімі арқылы Құдаймен татулассақ, енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы толықтай құтқарылатынымыз#5:10 8:34; Евр 7:25. сөзсіз! 11Бұл ғана емес, біз Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдың Өзіне қатты шаттанып та жүрміз, өйткені Мәсіхтің арқасында Онымен татуластық.
Өлім — Адам атадан, өмір — Иеміз Иса Мәсіхтен
12Бұдан шығатын қорытынды мынау: бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім#5:12 Яғни тәндік ажал және мәңгілік рухани өлім (1:32; Жар 2:17; 3:22-24). келді. Адамдардың бәрі де ажалды болды, өйткені барлығы күнә жасады. 13Әрине, Мұса арқылы Таурат заңы берілгенге дейін де дүниеде күнә болған. Ал заң жоқ жерде күнәлар адамның мойнына артылмайды. 14Бірақ та өлім Адам атадан Мұсаның заманына дейін өзінің билігін жүргізіп келді. Дәл Адам атаның Құдайдың анық бұйрығын бұзғаны сияқты күнә жасамағандарға да өлім билігін жүргізді.
Адам атаға қарайтын болсақ, кейінірек келген Мәсіх жайында көп нәрселерді жақсырақ түсіне аламыз.#5:14 Немесе: Адам ата кейін келуге тиісті Кісінің бейнесі болды. (Адам атаның күнәсінің залалы бүкіл адамзатқа тарап кетті, осылайша Мәсіхтің құрбандығының берер шипасы да бүкіл адамзатқа арналған: Қор1 15:21-22.) 15Алайда Құдайдың беретін сыйын және Адам атаның күнә жасауын салыстыруға болмайды: сол бір кісінің күнәсі арқылы бүкіл адамзат ажалды болды, ал Құдайдың рақымы және Оның бір Кісінің, яғни Иса Мәсіхтің рақымы арқылы берген сыйы#5:15 Құдайдың Мәсіх арқылы берген сыйы: күнәларды кешіру, мәңгілік өмір, жан тыныштығы т.б. (3:24; 5:1; Елш 15:11; Жох 20:21-23). одан қаншама зор! Осы сый көптеген адамдарға молынан тиді. 16Құдайдың адамды тегін ақтауы мен Адам атаның күнә жасауы басқа жақтан қарағанда да тең емес: Адам атаның жасаған бір күнәсінен кейін Тәңір «кінәлісің» деген үкімін шығарды, ал адамзат жасаған көп күнәлардан кейін Ол «ақталдың» деген тегін сыйын берді! 17Күнә жасаған бір кісі — Адам ата арқылы өлім бүкіл адамзатқа билік жүргізіп келеді. Сол сияқты, Құдайдың шексіз рақымын және әділдіктің тегін сыйын қабылдағандар бір Кісі — Иса Мәсіх арқылы өмірде билік құрады.#5:17 Қор1 15:21-22,25,49,54-58; Тім2 2:12; Аян 22:5.
18Сонымен, бір кісінің күнәсі бүкіл адамзатқа өлім жазасын алып келді. Ал өзге бір Кісінің әділ ісі (Оған сенушілердің) бәрін ақтап, мәңгілік өмір сыйлады. 19Бір кісінің Құдайға мойынсұнбауы көптеген адамдарды күнәкар етті. Дәл солай, басқа бір Кісінің Құдайға мойынсұнуы арқылы көптеген адамдар ақталады.
20Ал Таурат заңы болса, күнә туралы түсінігіміздің көбейе түсуі үшін берілді.#5:20 (3:20; 7:7-8; Ғал 3:19) Немесе: Ал Таурат заңы берілген соң, ол көп рет бұзылды. Бірақ күнә қаншалықты көбейсе, Құдайдың рақымы одан да асып түсті. 21Сонымен, күнәнің адамзатты билеп-төстеп, өлімге алып келгеніндей, Құдайдың рақымы да билік құрып, адамдарды ақтап, Иеміз Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге жеткізеді.
Currently Selected:
Римдіктерге хат 5: КК 2010
Tõsta esile
Share
Kopeeri

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.