Жоханның 2-хаты 1
1
Арнау және сәлем
1Құдай таңдаған бәйбіше мен оның балаларына ақсақалдан#1:1 Немесе: Қауымға және оның мүшелеріне жетекшіден. (Сенушілер сол заманда қуғын көргендіктен кейде бүркеншік аттар қолданатын: Пет1 5:13; Аян 18:10.) дұғай сәлем! Сендерді шын жүректен жақсы көремін. Бұл жөнінде мен жалғыз емеспін, шындықты білетіндердің бәрі де сендерді жақсы көреді. 2Өйткені шындық өзімізде қазір бар және мәңгі бола береді. 3Құдай Әке мен Оның рухани Ұлы Иса Мәсіх рақымын, мейірімін және тыныштығын, сонымен қатар шындық пен сүйіспеншілігін бәрімізге сыйлай бермек.#1:3 Немесе: сендерге сыйлай берсін.
Шындық пен сүйіспеншілік
4Балаларыңның#1:4 Немесе: Қауым мүшелерінің. арасынан шындық жолымен жүрген бірнешеуін көргеніме қатты қуандым: Құдай Әке бізге солай өмір сүруге өсиет етті. 5Сондықтан, бәйбіше, мынаны өтінемін: бәріміз бір-бірімізді жақсы көрейік. Мұны жаңа өсиет ретінде жазып отырған жоқпын, бұл өсиет бізде бастапқыдан бар.
6Ал осы сүйіспеншілік Оның өсиеттері бойынша жүруімізде. «Сүйіспеншілікке сай әрекет ету керек» деген бұл өсиетті бастапқыдан бері естіп келесіңдер.#1:6 Жох 13:34-35; 15:12; Жох1 3:11; 4:7,11.
Мәсіхке адал болу
7Дүниеге көптеген азғырушылар келе жатыр. Олар Иса Мәсіхтің жер бетіне адам бейнесінде келгенін мойындамайды. Азғырушыларды және Мәсіхке қарсы шығушыларды осыдан білуге болады. 8Еңбекпен қол жеткізгендеріңді жоғалтпай, Иемізден толық сыйларыңды алу үшін#1:8 Мат 10:40-42; Лұқ 18:29-30; 19:16-19; Қор1 1:8,12-14; Евр 10:35. байқап жүріңдер! 9Мәсіхтің ілімімен жүрмей, одан шығып кеткен адамның Құдаймен қатынасы жоқ. Ал Оның ілімімен жүргендер көктегі Әкемен де, Оның рухани Ұлымен де тығыз байланыста болады. 10Сондықтан да біреу келіп, осы ілімге қарсы бір нәрсе үйретсе, ондайды үйлеріңе кіргізбеңдер, тіпті сәлемін де алмаңдар!#1:10 Рим 16:17; Сал2 3:6,14; Тит 3:10. 11Себебі біреудің сәлемін алған адам соның жамандық істеріне ортақ болады.
Қоштасу
12Сендерге әлі көп нәрсе айтар едім, бірақ оны жазбаша жасағым келмейді. Өзім келіп, ауызба-ауыз сөйлессек деп ойлаймын, сонда зор қуанышқа кенелеміз.
13Құдай таңдаған бауырласыңның балалары#1:13 Немесе: Құдай тағайындаған әпкеңнің (сіңліңнің) балалары. Яки: Ағайындас қауымның мүшелері. (Бұл Жоханның өзі жетекші болған қауым шығар.) дұғай сәлем жолдайды.
Currently Selected:
Жоханның 2-хаты 1: КК 2010
Tõsta esile
Share
Kopeeri

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: