Жоханның 1-хаты 5
5
Сенім мен сүйіспеншіліктің жеңімпаздығы
1Исаны Мәсіх деп сенетін әркім — Құдайдың рухани баласы. Әкені сүйетіндер Оның балаларын да сүйеді. 2Біз рухани балаларын сүйетінімізді Құдайды сүйіп, Оның өсиеттерін орындауымыздан білеміз. 3Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес. 4Өйткені Құдайдың рухани балалары осы күнәлі дүниені жеңеді. Осы дүниені жеңген күш — біздің сеніміміз. 5Кім осы күнәлі дүниені жеңе алады? Исаны Құдайдың рухани Ұлы деп сенген кісі ғана оны жеңе алады.
Мәсіхтің адамзатты құтқаруға келгендігін Киелі Рух растайды
6Иса Мәсіх бізге келгенде сумен шомылдыру рәсімін де, жанын қиып, қанын төгуді де басынан өткізді.#5:6 Немесе: Сумен және қанмен келген — Бұл, Иса Мәсіх (Лұқ 2:10-11; 3:21; 23:46; 24:46). Ол келгенде тек сумен шомылдыру рәсімінен өтіп қана қойған жоқ, жанын қиып, қанын төкті де. Киелі Рух бұған куә, себебі Киелі Рух — шындық. 7Сонымен куә болатындар үшеу: 8Киелі Рух, су және қан; бұл Үшеуінің айғақтығы бірдей.#5:8 Немесе: Көкте Үшеу куәлік береді: Әке, Сөз және Киелі Рух. Осы Үшеуі бірлікте. Жерде де Үшеу куәлік береді: Рух, су және қан; Үшеуінің куәлігі бір жайт туралы (2:26-27; Жох 1:32-34; 14:23-26).
9Адамдардың куәлігін қабылдап жүрміз. Ал Құдайдың куәлігі адамдікінен гөрі салмақтырақ. Сондықтан Құдайдың Өзінің рухани Ұлы жайында берген куәлігіне сенуге тиіспіз. 10Оның рухани Ұлына сенген кісінің жүрегінде Құдайдың куәлігі жүреді. Ал Құдайға сенбеген кісі Оны өтірікші етіп көрсетеді, себебі ол Құдайдың Өзінің рухани Ұлы туралы берген куәлігіне сенбейді.
11Бұл куәліктің мәнісі мынадай: Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлады. Осы өмір Оның рухани Ұлында: 12Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмірге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмір де жоқ.#5:12 Жох 3:16; 15:4-5.
Құдаймен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір
13Сендер Құдайдың рухани Ұлына сенгендіктен мәңгілік өмірге иесіңдер. Оған сенім артқан сендердің соны білулерің үшін бұларды жазып отырмын.
14Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз. 15Не сұрасақ та, Құдай бізге құлақ салады деп білсек, Оның тілегенімізді беретінін де білеміз.
16Бауырының өлімге апармайтын күнә#5:16 Яки: кешіруге болатын күнә (Жақ 5:15). жасап жатқанын көрген кісі ол үшін Құдайға сиынсын. Сонда күнә жасағанның өмірі сақталады. Алайда өлімге апаратын күнә#5:16 Яки: тәндік өлімге апаратын күнә (Елш 5:1-11; Қор1 11:30; Жақ 5:14-16). Немесе: мәңгілік өлімге апаратын күнә. (Мысалы, біле тұра Құдайдың ісіне қарсы шығып, тіл тигізе беру: Мар 3:28-30; Евр 6:4-9; 10:26.) да бар. Құдайға сиынсын дегенде сондай күнә туралы айтып отырған жоқпын. 17Әділетсіздіктің бәрі — күнә, ал өлімге апармайтын күнә да бар.
Қорытынды
18Мынаны білеміз: кім Құдайдың рухани баласы болса, сол күнә жасай бермейді. Құдайдың рухани Ұлы оны сақтағандықтан,#5:18 Немесе: Құдайдың рухани баласы сақтанып жүргендіктен (Сал1 5:22; Сал2 3:3-5; Жох 10:27-29). шайтан оған тиісе алмайды. 19Біз Құдайданбыз, бірақ бүкіл дүниеге шайтан билігін жүргізіп отыр, бұны білеміз. 20Құдайдың рухани Ұлының келгенін де білеміз; біздің шынайы Құдаймен танысуымыз үшін Ол көзімізді ашты. Сондықтан шынайы Құдаймен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз. Ол — шынайы Құдай және мәңгілік өмір.
21Балаларым менің, жалған тәңірлерден аулақ болыңдар!#5:21 Яки: Балаларым, өз өмірлеріңде Құдайдың орнын басқысы келетін кез келген нәрселерден сақтанып жүріңдер! (Қор1 10:14; Қол 3:5)
Currently Selected:
Жоханның 1-хаты 5: КК 2010
Tõsta esile
Share
Kopeeri

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: