YouVersioni logo
Search Icon

Қорынттықт. 2-хат 13

13
Әркімнің өзін сынап, түзелуін ескерту
1Сонымен сендерге үшінші рет бармақпын. «Әрбір іс#13:1 Яки: сөз (Заң 19:15). ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек» (деп Тауратта жазылғандай, мәселелеріңді қайтадан дұрыстап тексермекпін). 2Екінші рет қастарыңда болған кезде ескерткенмін, қазір де сендерден алыс жүріп, осы хат арқылы ескертемін: қайтадан барғанымда бұрын күнә жасағандарды және кез келген басқаларыңды да еш аямаймын!#13:2 10:2,11; 12:20; Қор1 4:19-21; 5:5. 3Мен арқылы Мәсіх шынымен айтып тұр ма, жоқ па, соған дәлел талап етіп отырсыңдар. Мен бұған былай деймін: өздеріңе әрекет жасағанда Мәсіх күшсіз емес, Ол араларыңда күшті болады. 4Кезінде Мәсіх өз құдіретінен бас тартып, айқышқа шегеленіп өлсе де, қазір Құдайдың құдіретімен тірі! Онымен тығыз байланыстағы біз де күшсізбіз, алайда сендерге әрекет жасағанда Құдайдың құдіреті арқылы Мәсіхпен бірге тіріміз!
5Шынында да сенім жолымен жүрсіңдер ме, жоқ па, соларыңды тексеріңдер! Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар: әрине, жүректеріңнің төрінен Иса Мәсіхтің орын алғанын білесіңдер. Егер Ол орын алмаған болса, шынымен сенім жолында емессіңдер!#13:5 Яки: орын алғанын ұқпайсыңдар ма? Әрине, сол сынақтан өтсеңдер (яғни шынайы сенушілер болсаңдар) ғана осылай болғаны (Жох1 3:6-10; 3:21-24; Рим 8:5-14; Қор1 11:28). 6Алайда біздің (елшілік өкілеттілігіміздің) дәлеліне көздерің жететін болады деп сенемін. 7Дегенмен, сендер бұдан былай жамандық жасаудан бас тартсын деп Құдайдан өтініп сиынамыз. Ондағы мақсатымыз — біздің абыройлы болып көрінуіміз емес, сендердің жақсылық жасауларың. Егер осылай (бізге елшілік өкілеттілігіміздің дәлелін келтіруге орайы болмай) өзіміз абыройсыз болып көрінсек, мейлі, солай-ақ бола қойсын.#13:7 Себебі, егер олар өкініп, түзелсе, елшінің алдын ала айтқан қатаң шара қолдануының реті болмай қалады; сонда кейбіреулері оны тағы да айтқанынан тайды деп айыптайтын шығар (1:16-17). 8Себебі біз ақиқатқа қарсы емес, ақиқатты жақтап күш саламыз.#13:8 Яки: ақиқатты жақтап күштіміз. 9Өзіміз күшсіз, ал сендер күшті болсаңдар, соған қуанып шаттанамыз. Дәл осыны, түгелдей түзелулеріңді, сұрап Тәңір Иеге сиынамыз. 10Сондықтан бұларды алыста жүріп өздеріңе жазып отырмын. Иеміздің маған күйрету үшін емес, нығайту үшін берген билігін сендерге барған кезімде қатаңдықпен қолданғым келмейді.
Соңғы сәлемдер мен ақ бата
11Сонымен, қымбатты бауырластар, қош-сау болыңдар! Түзеле беріңдер, жігерленіңдер, бір ниеттес, тату болыңдар! Сонда сүйіспеншілік пен тыныштықтың бастауы — Құдай сендерге жар болады. 12Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,#13:12 Немесе: Бір-біріңді қасиетті сүйіспен сүйіп. (Яғни шын жүректен беттеріңнен сүйіп: Қор1 16:20.) сәлемімізді жеткізіңдер. Құдайдың барлық адамдары сендерге сәлем жолдауда.
13Лайым Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы, Құдайдың сүйіспеншілігі және Киелі Рухпен қарым-қатынастарың бәріңде бола берсін! (Аумин.)

Tõsta esile

Share

Kopeeri

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in