Қорынттықт. 1-хат 5
5
Қауым күнә жасайтындардан тазару керек
1Араларыңда азғындық — тіпті басқа ұлттардың адамдары жасамайтын азғындық бар деген шүбәсіз хабар маған да жетті: араларыңдағы біреуің әкесінің жұбайымен#5:1 Яки: өгей шешесімен. көңілдес екен. 2Ал сендер көкіректеріңді көтересіңдер! Оның орнына қайғыланып, осындай қылықты жасағанды орталарыңнан шығарып тастағандарың дұрыс болар еді!#5:2 5:5; Мат 18:17.
3Тәнім алыста болғанмен, рухыммен орталарыңдамын. Сондықтан мен араларыңда жүргендей, осыны істеген күнәкарға үкім шығарып қойдым: 4сендер Иеміз Иса Мәсіхтің атынан#5:4 Яки: Иеміз Исаның еркіне бағынып. жиналыңдар, мен де рухыммен орталарыңда боламын. Сонда Иеміз Исаның билігімен 5әлгі адамды ескі күнәкар болмысын әлсірету үшін қауымнан шығарып, шайтанның қолына тапсырыңдар.#5:5 Тім1 1:20; Мат 18:17. Осылай ол теріс жолынан қайтып, жаны Иеміз қайта оралатын күні құтқарылсын.
6Мақтанғандарың еш дұрыс емес. «Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады»#5:6 Яки: «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». (Бір мүшесінің күнә жасауы не жалған ілім таратуы бүтін қауымды арамдайды: Ғал 5:9.) дегенді білмейсіңдер ме? 7«Ескі ашытқыдай» (күнә атаулыны) араларыңнан шығарып тастаңдар! Сонда «жаңа қамырдай» рухани таза боласыңдар.#5:7 Құтқарылу мейрамының қарсаңында Исраил халқы үйлерін ашытқы атаулыдан тазартуға тиіс болатын (Мыс 12:3-8; 13:3-7; Түсіндірмедегі «Құтқарылу мейрамын» да қараңыз). Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін құрбан етті. Сол арқылы сендер жаңа, пәк таза адам болдыңдар.#5:7 6:11; Қор2 5:17. 8Сондықтан да бұрынғы зұлым да сұрқия әдеттеріміздің «ескі ашытқысынан» арылып, қасиетті өмір кешіп, адалдық пен ақиқаттың «тәтті нанының» дәмін татып, тойлайық!
9Өткендегі хатымда сендерге «Азғындармен араласпаңдар!» деп жазған болатынмын. 10Онда мен осы дүниелік азғын, дүниеқоңыз, қарақшы немесе жалған тәңірлерге құлшылық етуші адамдарды ойлаған жоқпын. Әйтпесе бұ дүниеден түгелдей безіп кетуге тиіс болар едіңдер ғой. 11Алайда өзін сенімдегі бауырласпын деп атағанмен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастарқандас та болмаңдар.
12Қауымнан сырт адамдарды соттау біздің шаруамыз ба? Неге ішіндегілердің күнәларын тергемейсіңдер? 13Сыртта жүргендердің үкімін Құдай шығарады. Ал өздерің «зұлымдық жасайтынды араларыңнан аластатыңдар!»#5:13 5:5,7; Заң 13:5; 17:7; 21:21; 22:21-22,24; Мат 18:17.
Currently Selected:
Қорынттықт. 1-хат 5: КК 2010
Tõsta esile
Share
Kopeeri
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: