Қорынттықт. 1-хат 4
4
Еңбектерімізді бағалаушы — Мәсіхтің Өзі
1Сондықтан бізге#4:1 Яғни Пауыл, Аполлос және басқа елшілерге (3:5-6,22). Мәсіхтің нөкерлері ретінде, әрі Құдай Өзінің ашып білдірген құпия хабарын басқаруды сеніп тапсырғандары ретінде қарау керек. 2Ал басқарушылардың әрқайсысынан сенімді болуы талап етіледі. 3Менің сенімділігімді сендер тексеріп, бағалайсыңдар ма, әлде осы дүниелік басқа мекеме ме, оған қам жемеймін, өзіме-өзім де баға қоймаймын. 4Өзімді айыптайтын ешқандай қылығым есімде жоқ, алайда бұл мінсіз екеніме жеткілікті дәлел бола алмайды. Себебі мені тексеріп, бағалайтын — Иеміздің Өзі. 5Сондықтан уақыты келместен бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол әзірше қараңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрегіміздің ой-ниеттерін ашып көрсетеді. Сол кезде Құдай әрқайсымызға лайықты мақтауын береді.#4:5 3:8; Қор2 10:18.
6Бауырластарым, бұған дейін мен Аполлос екеуіміз туралы осы нәрселерді сендерге мысал ретінде айттым. Сендердің бізден үлгі алып, «Киелі жазбаларда айтылғандардан артыққа бармау керек» деген қағиданың мәнін ұғынғандарың игі. Сонда сендер жетекшілердің біреуін екіншісінен жоғарылатып, мақтанбайсыңдар. 7Әлдекім сендерді басқалардан ерекше етті ме? Құдайдан қабылдамаған нелерің бар? Бәрін қабылдаған соң, несіне өз жетістігіміз деп мақтанасыңдар?
«Күштілік» пен «әлсіздік»
8Сендер тойынып, рухани байыпсыңдар, біздің қолдауымызсыз-ақ патшадай билік құра бастапсыңдар! Шынымен рухани билік құрғандарыңды сондай қалар едім. Егер солай болса, біз де сендермен бірге билік жүргізген болар едік қой! 9Құдай біздерге, яғни елшілерге, өлімге кесілген тұтқындар іспетті «салтанатты жүрістің ең соңында» жүруді бұйырды деп ойлаймын.#4:9 Жеңімпаз қолбасшылар соғыстан Римге қайтып келгенде, салтанатты шерулерінің соңында өлімге кескен тұтқындарын ойын-сауық алаңына шығарып көрсететін (Қор2 2:14-16). Себебі біз бүкіл әлемге — періштелер мен адамдарға масқара көрініс болдық.
10Мәсіхке қызмет еткеніміз үшін біздер «ақымақ», ал сендер «Мәсіхпен жүрген данышпан» екенсіңдер, біз «күшсіз», сендер «күшті», біз «қадірсіз», сендер «қадірлі» екенсіңдер! 11Күні бүгінге дейін аштық көріп, шөлдеп келеміз, кигеніміз алба-жұлба, жегеніміз таяқ, үйсіз-күйсіз қаңғып, 12қолмен ауыр жұмыс істеп өз күнімізді көрудеміз. Бізді жамандағандарға ақ бата тілейміз, қудаласа, оған да төземіз; 13қаралағандарға жылы сөйлеп ескертеміз.#4:13 Немесе: қаралағандарды өкініп тәубеге келуге жігерлендіреміз. Бүгінге дейін дүниенің «қоқысы», адамзаттың «сыпырындысы» болып келдік.#4:13 Жоқт 3:45.
14Мұны ұялту үшін емес, сүйікті рухани балаларым ретінде ескертіп жазып отырмын. 15Мәсіхпен жүрген тіпті он мың ұстаздарың болса да, «рухани әкелерің» көп емес. Себебі мен Ізгі хабарды уағыздап, сендерді Мәсіх Исаның жолына түсіріп, жаңа өмірге ие еттім. 16Енді: «Менен үлгі алыңдар!» — деп өтінемін.
Пауыл мен Тімотенің сапар жоспарлары
17Сол үшін Тімотені жіберіп отырмын, ол — Иемізге берілген сүйікті де қымбатты рухани ұлым.#4:17 Тім1 1:2; Елш 16:1-3. Менің Мәсіх Исаның жолымен қалай жүріп жатқанымды Тімоте естеріңе түсіретін болады. Қай жердегі қай қауымда болмасын, дәл сол тәлімді беріп келемін.
18Мені келмейді деп, кейбіреулеріңе көкірек бітіпті. 19Бірақ Иеміз қаласа, сендерге жуырда барып қалармын. Сонда көкірек біткендердің сөздерін емес, құдіреттерін анықтаймын. 20Себебі Құдайдың Патшалығы сөзбен ғана емес, Оның құдіретімен көрінеді. 21Енді не қалайсыңдар? Сендерге таяқпен келейін бе, әлде сүйіспеншілік пен ілтипаттылық рухымен бе?
Currently Selected:
Қорынттықт. 1-хат 4: КК 2010
Tõsta esile
Share
Kopeeri
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: