1
Марқа 14:36
Киелі кітап
КК 2010
«О, Абба, Әкем! Сенің қолыңнан бәрі де келеді. (Қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» — деп мінажат етті.
താരതമ്യം
Марқа 14:36 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
2
Марқа 14:38
Азғырылмау үшін сергек болып сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді.
Марқа 14:38 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
3
Марқа 14:9
Сендерге шын айтамын: осы Ізгі хабар қай жерде болмасын бүкіл дүние жүзінде уағыздалғанда, осы әйелді де еске алып, істегенін айтатын болады.
Марқа 14:9 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
4
Марқа 14:34
Иса үш шәкіртіне: «Жаным өлердей қайғырып тұр. Сендер осында қалып, ұйықтамай сергек болыңдар!» — деп тапсырды.
Марқа 14:34 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
5
Марқа 14:22
Олар тамақ ішіп отырғанда, Иса қолына нан алып, шүкірлік етіп бата берді. Нанды үзіп, шәкірттеріне беріп жатып: — Алып жеңдер, бұл — Менің денем, — деді.
Марқа 14:22 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
6
Марқа 14:23-24
Иса тостағанды да алып, шүкірлік етіп, оларға берді. Одан бәрі де ішті. Иса оларға: — Бұл — көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) Келісімді бекітетін Менің қаным.
Марқа 14:23-24 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
7
Марқа 14:27
Жолшыбай Иса шәкірттеріне тіл қатып былай деді: — (Бүгін түнде) бәрің де Менен безіп кетесіңдер. Себебі (Пайғамбарлар жазбаларында мынадай сөздер) жазылған: «Бақташыны» ұрып өлтіремін, сонда «қойлары» бытырап кетеді.
Марқа 14:27 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
8
Марқа 14:42
Міне, Мені ұстап беруші таяп қалды. Тұрыңдар, соған қарай жүрейік!» — деді.
Марқа 14:42 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
9
Марқа 14:30
Иса: — Саған шындығын айтайын: осы түні-ақ әтеш екі рет шақырғанша, сен Менен үш рет танасың! — деп жауап қайтарды.
Марқа 14:30 പര്യവേക്ഷണം ചെയ്യുക
ആദ്യത്തെ സ്ക്രീൻ
വേദപുസ്തകം
പദ്ധതികൾ
വീഡിയോകൾ