Жақыптың хаты 2

2
Бауырластарды алалап әділетсіздік жасаудан сақтандыру
1Бауырластарым менің, сендер салтанатты ұлылыққа бөленген Иеміз Иса Мәсіхке сенгендіктен, адамдарды сыртына қарап алаламаңдар!#2:1 3:17. 2Айталық, қауым жиналыстарыңа алтын жүзік тағып, жалтыраған сәнді киім киген кісі, сондай-ақ, жұпыны киінген кедей де келді дейік. 3Сонда сендер жүзік таққан байға: «Төрге шығып, жайғасыңыз» деп, ерекше назар аударасыңдар. Ал мүсәпірге: «Ана жерге тұр» немесе «Мұнда, аяқ жағыма отыр» дейсіңдер. 4Осылайша адамдарды алалап, жаман пиғылды төрешілерге айналасыңдар,#2:4 Яки: жаман пиғылмен адамдардың құндылығын белгілейсіңдер (1:9-11,27; 2:8-9; 4:11; Жох 7:24). солай емес пе?
5Сүйікті бауырластарым, ден қойып тыңдаңдаршы! Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой. 6Ал сендер кедейлерді кемсітіп келесіңдер! Өздеріңді жәбірлеп, сотқа тартатындар сол байлар емес пе?! 7Сендерге берілген ізгі есімді#2:7 (Елш 11:26) Яки: Сендер бағышталған Иеміз Мәсіхтің сыйлы есімін. масқаралайтын да солар ғой.#2:7 Жыр 72:7-9; Мат 12:24.
8Киелі жазбада берілген «асыл заң»#2:8 Яки: берілген «патша заңы» (Мат 5:43-48; 7:9-12). мынау: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды#2:8 Немесе: басқаларды, яки өмір жолыңда Құдай өзіңе кездестірген адамдарды (Леу 19:18; Лұқ 10:27-29,36-37). да солай сүй!» Осыны іс жүзінде орындасаңдар, дұрыс істегендерің. 9Егер адамдарды сыртына қарап алаласаңдар, күнә жасап Құдайдың заңын бұзушы болып әшкереленесіңдер.
10Тіпті бүкіл Таурат заңын орындай тұра, бір жерінде сүрінген адам оны түгел бұзғандай айыпты. 11Тауратта «Неке адалдығын бұзба!» деп бұйырған Тәңір Иеміз «Кісі өлтірме!» деп те айтты.#2:11 Мыс 20:13-14; Заң 5:17-18. Егер де неке адалдығын бұзбай, кісі өлтірсең, бәрібір Құдайдың заңын бұзушы болып табыласың. 12Мәсіх сендерге рухани азаттық әкелген өз тәлімі#2:12 Немесе: өз өсиеті (Жох 8:36; 13:34-35). бойынша төрелік ететін болады. Сөздерің мен іс-әрекеттерің соған сай болсын! 13Мейірім көрсетпеген адамға сот та мейірімсіз болмақ.#2:13 Нқл 21:13; Мат 5:7; 18:32-35; Лұқ 6:37-38. Мейірім соттаудан үстем!
Шынайы сенімнің нәтижесі — игі істер
14Бауырластарым менің, біреу сенемін дей тұра, игі істер жасамаса, онысынан не пайда?! Сондай сенімі оны Тәңір Иенің қаһарынан құтқара ала ма?#2:14 1:22-23; 2:26; Мат 5:20; 7:21,26-27; Еф 2:8-10. 15Айталық, сендердің сенуші бауырластарың, не еркек, не әйел заты болсын, киер киім мен ішер тамаққа зәру жүр дейік. 16Араларыңдағы біреуің оларға: «Аман-сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп тілек білдіріп, солардың тәндік қажеттерін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?!#2:16 Мат 25:44-45; Жох1 3:17-18. 17Ендеше, сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол — өлі сенім.#2:17 2:20,26; Ғал 5:6.
18Мүмкін кейбіреу: «Сенің сенімің бар, ал мен игі істер жасаймын» дер. Игі істер тудырмайтын сеніміңнің шынайылығына көзімді жеткізші, ал мен жасаған игі істерім арқылы сенімімді дәлелдеймін.#2:18 Мат 7:16-17; Ғал 5:6; Евр 11:33. 19Сен «жалғыз Құдай бар» деп сенесің.#2:19 Заң 6:4; Мар 12:29. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның қаһарынан қорқып дірілдейді.#2:19 Мар 1:24; 5:7; Пет2 2:4; Аян 20:1-3.
20Қандай ақымақтық! Ей, пенде, игі іс-әрекетсіз сенімнің пайдасыз екенін ұқпайсың ба? 21Түп атамыз Ыбырайым баласы Ысқақты құрбандыққа ұсынғанда сол ісі арқылы Құдай алдында ақталды емес пе?#2:21 Жар 22:2,9-13,15-18; 15:6. 22Байқайсың ба: Ыбырайым Құдайға сенді, сондай-ақ Оның айтқаны бойынша әрекет етті де. Осылайша сол істегендері арқылы Ыбырайымның сенімі кемеліне жетті. 23Сонда Киелі жазбадағы мына сөздер жүзеге асты: «Ыбырайым Құдайға сенді, сондықтан Оның алдында ақталды». Содан Ыбырайым тіпті «Құдайдың досы» деген атаққа да ие болды.#2:23 Жар 15:6; 18:17-19; Шеж2 20:7; Иш 41:8. 24Өздерің көріп отырғандай, Тәңір Иенің алдында адамды тек оның сенімі ғана емес, істегендері#2:24 Яғни сол сенімі арқылы істегендері (2:18; Мат 25:31-46). де ақтайды.
25Сол секілді, бұрын жеңіл жүрісті әйел болған Рахаб та (Құдайға сеніп) барлаушыларды үйіне түсіріп, басқа жолмен қашып құтылуларына жағдай жасады. Рахаб осы ісі арқылы ақталды емес пе?#2:25 Еш 2:4-6,15; Евр 11:31.
26Демек, жансыз тәннің өлі екеніндей, әрекетсіз#2:26 Яки: игі істерге бастамайтын (2:17). сенім де өлі.

하이라이트

공유

복사

None

모든 기기에 하이라이트를 저장하고 싶으신가요? 회원가입 혹은 로그인하세요