1
Марқа 9:23
Киелі кітап
КК 2010
Иса оған: — «Қолыңыздан келсе» деген не сөз? Сенушіге бәрі де мүмкін, — деп жауап берді.
비교
Марқа 9:23 살펴보기
2
Марқа 9:24
Баланың әкесі (көзіне жас алып) дереу: — Мен сенемін. Сенімім жетіспегенде оны нығайта көріңіз! — деп дауыстап жіберді.
Марқа 9:24 살펴보기
3
Марқа 9:28-29
Иса шәкірттерімен үйіне барып, кірген соң, олар оңашада: — Неліктен біз жынды қуып шығара алмадық? — деп сұрады. Иса оларға былай деп жауап берді: — Мұндай жындарды тек Құдайға сиынып мінажат ету (және ораза ұстау) арқылы ғана қуып шығаруға болады.
Марқа 9:28-29 살펴보기
4
Марқа 9:50
(Тағамды бұзылудан сақтау үшін) тұз пайдалы. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады? Ендеше жан дүниелеріңде тазартатын «тұз» болсын! Осылай өзара тату-тәтті өмір сүріңдер!
Марқа 9:50 살펴보기
5
Марқа 9:37
— Кім Менің атымнан осындай бір сәбиді қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның тек Өзімді ғана емес, Мені Жібергенді де қабылдағаны, — деді.
Марқа 9:37 살펴보기
6
Марқа 9:41
Сендерге шындығын айтайын: Мәсіхтің жолымен жүргендерің үшін сендерге ең болмағанда бір тостаған су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр алақан қалмайды!
Марқа 9:41 살펴보기
7
Марқа 9:42
Алайда кім Маған сенетін осы кішкенелердің біреуін азғырып теріс жолға түсірсе, ол үшін мойнына диірменнің зор тасы байланып, теңізге лақтырылғаны жақсырақ болар еді!
Марқа 9:42 살펴보기
8
Марқа 9:47
Егер де сені көзің (секілді өте құнды нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін ойып тасталған сияқты жоқ болсын. «Екі көзіңмен» тозаққа лақтырылғаннан гөрі «сыңар көзбен» Құдайдың Патшалығына кіргенің артық болар еді.
Марқа 9:47 살펴보기
홈
성경
묵상
동영상