1
Матай 15:18-19
Киелі кітап
КК 2010
Бірақ адамның аузынан шыққандары оның жүрегінен, яғни ішкі дүниесінен, шығады. Адамды арамдайтын, міне, осылар! Себебі жүректен шығатындар мыналар: жаман ойлар, кісі өлтіру, неке адалдығын бұзу, азғындық, ұрлық, өтірік, жамандау.
비교
Матай 15:18-19 살펴보기
2
Матай 15:11
адамның аузынан енген нәрселер оны арамдай алмайды. Керісінше, аузынан шыққандары адамды арамдайды».
Матай 15:11 살펴보기
3
Матай 15:8-9
«Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, бірақ солары бекершілік!»
Матай 15:8-9 살펴보기
4
Матай 15:28
Иса: — Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті.
Матай 15:28 살펴보기
5
Матай 15:25-27
Әйел Оның алдына келіп, иіліп тағзым етіп: — Тақсыр, маған көмектесе көріңіз! — деп жалынғанда, Иса оған астарлап: — «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес», — деді. Әйел: — Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де иелерінің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой, — деп жауап берді.
Матай 15:25-27 살펴보기
홈
성경
묵상
동영상