1
Лұқа 14:26
Киелі кітап
КК 2010
— Кім Маған келіп, Мені әке-шешесінен, әйелі мен балаларынан, бауырларынан және өз өмірінен артық көрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
비교
Лұқа 14:26 살펴보기
2
Лұқа 14:27
Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
Лұқа 14:27 살펴보기
3
Лұқа 14:11
Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.
Лұқа 14:11 살펴보기
4
Лұқа 14:33
Сол сияқты, сендердің ешқайсың да бар нәрсеңнен бас тартпай Менің шәкіртім бола алмайсыңдар.
Лұқа 14:33 살펴보기
5
Лұқа 14:28-30
Сендердің біреуің бір мұнара салғысы келеді дейік. Сонда ол құрылысты аяқтауға қаражатының жетер-жетпесін білу үшін алдымен отыра қалып, кететін шығынды есептеп алады. Ол солай етпесе, іргетасын қалағаннан кейін бастаған ісін аяқтай алмас еді. Мұны көргендердің бәрі: «Мынаның құрылысты бастағанымен аяқтауына шамасы жетпеді, ә?!» — деп оны мазақтар еді.
Лұқа 14:28-30 살펴보기
6
Лұқа 14:13-14
Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр! Олар саған есесін қайтара алмайтындықтан бақытты боласың. Әділдер қайта тірілетін қиямет күні саған соның есесі қайтарылатын болады, — деді.
Лұқа 14:13-14 살펴보기
7
Лұқа 14:34-35
(Тағамды бұзылудан сақтау үшін) тұз пайдалы. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады? Ол тіпті жер өңдеуге не қиға қосуға жарамсыз болып шыққандықтан, жұрт оны лақтырып тастайды. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!
Лұқа 14:34-35 살펴보기
홈
성경
묵상
동영상