YouVersioni logo
Search Icon

Римдіктерге хат 8

8
Күнәнің құлдығынан азат етуші — Киелі Рух
1Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.) 2Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.#8:2 Яки: Себебі Мәсіх Исадағы өмір Рухының заңдылығы мені күнә мен өлімнің заңдылығынан босатты. 3Біздің ескі күнәкар болмысымыз (Таурат заңын мүлтіксіз орындауға) дәрменсіз болғандықтан, осы заң істей алмағанды Құдайдың Өзі істеді: Ол Өзінің рухани Ұлын күнәміздің құнын өтеп құрбандық болу үшін күнәлі біздердің денеміздей денемен#8:3 Әрине, Мәсіхтің Өзі еш күнәсіз қасиетті еді (Пет1 2:22; Жох1 3:5; Қор2 5:21; Евр 4:15; 7:26). осы дүниеге жіберді. Біздің күнәмізге бола Құдай Оған үкім шығарып, Оның денесіне өлім жазасын тартқызды. 4Ондағы мақсаты — біздің ескі күнәкар болмысымыздың еркі бойынша емес, Киелі Рухтың еркіне сай#8:4 Яғни Құдайдың Киелі Рухының еркіне сай (8:9). өмір сүріп, Құдайдың заңының әділ талаптарын орындауымыз.
5Өзінің ескі күнәкар болмысының еркі бойынша өмір сүретін әрбір жан#8:5 Яки: Күнәлі құмарлықтарына сай өмір сүретін жан. сол болмысының қалауын жүзеге асыруға ұмтылады. Ал Киелі Рухтың жетелеуімен өмір сүретіндер Киелі Рухтың қалауын орындауға ниет етеді. 6Күнәкар болмыстың қамын ойлау мәңгілік өлімге, ал Киелі Рухтың еркін орындау шынайы өмір мен тыныштыққа жеткізеді.#8:6 Яки: Ескі күнәкар болмыстың ниеті — Құдайдан ажырау, ал Киелі Рухтың ниеті — шынайы өмір және (Құдаймен) татулық (1:32; 5:1). 7Ескі күнәкар болмысымыздың ниеті Құдайға қас, ол Құдайдың заңына бағынбайды, әрі бағына алмайды да. 8Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
9Бірақ Құдайдың Рухы өмірлеріңнен орын алғандықтан, сендер ескі күнәкар болмыстарыңның емес, Құдай Рухының жетелеуімен өмір сүрудесіңдер. Ал бойында Мәсіхтің Киелі Рухы жоқ адам — Мәсіхтің адамы емес. 10Егер де Мәсіх (Өзінің Рухы арқылы) өмірлеріңнен орын алған болса, онда тәндерің күнәнің кесірінен ажалды болғанмен,#8:10 (5:2; 8:11; Қор2 4:11; 5:1-4) Немесе: тәндерің күнәнің кесірінен рухани өлі (әрі жақсылыққа қабілетсіз) болғанмен (7:5,14,18,25). рухтарың ақталудың арқасында мәңгілік өмірге ие. 11Өлімнен Иса Мәсіхті қайта тірілткен Құдайдың Киелі Рухы өмірлеріңнен орын алды. Сондықтан Құдай бойларыңда тұратын Өзінің Киелі Рухы арқылы сендердің денелеріңді де өлімнен тірілтіп алатын болады.
12Сондықтан, қымбатты бауырластар, ескі күнәкар болмысымыздың еркімен өмір сүруге міндетті емеспіз! 13Өйткені егер оның еркіне сай өмір сүрсеңдер, Құдайдан ажырап, мәңгілік өлімге ұшырайсыңдар.#8:13 1:32; 7:10. Ал егер Киелі Рухтың күшімен күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетінен мүлдем бас тартсаңдар,#8:13 Немесе: іс-әрекетін «өлтірсеңдер». шынайы өмір сүресіңдер. 14Өйткені Құдай Рухының жетелеуімен жүретіндер — Құдайдың рухани балалары.
15Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!»#8:15 Немесе: «Абба, Әке!» («Абба» сөзі көне арамей тілінде «әкетай» дегенді білдіреді.) деп шақырамыз. 16Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға#8:16 Яки: ішкі дүниемізге. Немесе: өз рухымызбен бірге (Қор2 1:21-22; Жох 1:12; 3:3,8,16; 16:23,27; Жох1 3:1,10). растайды. 17Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ.#8:17 Немесе: баласы болғандықтан, Құдайдан «еншімізді» (яки «мұрамызды») қабылдап, Мәсіхпен «еншілес» боламыз (Еф 1:11,14; 3:6). Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз.
Құдай бізге болашақта беретін салтанатты ұлылық
18Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін. 19Бүкіл жаратылыс Құдай Өзінің рухани балаларын анық көрсететін күнді сағына күтіп отыр. 20Өйткені жаратылыс өз еркімен емес, Құдайдың үкімімен өткіншілікке бағынды.#8:20 Немесе: жаратылыс басқаның (яғни Адам атаның) күнәсі арқылы бекершілікке тәуелді етілді (5:12; Жар 2:17; 3:17-18). 21Солай бола тұра, Құдай бізге болашақта жаратылыс та өткіншіліктің құлдығынан#8:21 Жаратылыс та бұзылып құрып кетудің құлдығынан. босатылып, Құдайдың рухани балаларының салтанатты ұлылығы мен бостандығына жетеді деген үміт берді.
22Қазірге дейін бүкіл жаратылыстың толғақ азабы секілді бейнет шегіп, ыңқылдай күрсініп жатқанын білеміз. 23Бірақ ол ғана емес, Құдайдың алғашқы сыйы ретінде Киелі Рухты қабылдаған#8:23 Қор2 1:22; 5:5. біз де іштей ыңқылдай күрсіне отырып, Құдай бізді рухани баласы ретінде Өзіне алатын, осылай тәнімізді өткіншіліктен азат ететін күнді сағына күтудеміз.#8:23 8:21; Қор2 5:2-4. 24Құтқарылғаннан бері біздің осындай үмітіміз бар. Ал орындалған үмітті ешкім үміт демейді, өйткені ол іске асқанда үміт болудан қалады. 25Енді біз әлі де орындалмаған нәрсеге үміт артқандықтан, оны сабырмен сағына күтеміз.
Әлсіреген бізді Киелі Рух қолдайды
26Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп,#8:26 Яки: біз үшін ара түсіп (8:15-16,27,34; Жох 14:16; Еф 6:18). сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді. 27Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары#8:27 Яки: Құдайға бағышталған (қасиетті) сенушілер (1:7; 12:13). үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.
Құдайдың сүйіспеншілігінен бізді еш нәрсе ажырата алмайды
28Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді,#8:28 Яки: Құдайды сүйетіндер үшін барлық жағдайлар жақсылыққа көмектеседі (8:32,35-39; 5:3-4; Қор2 4:15-17; Флп 1:19-23; Евр 12:11). себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды. 29Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді. 30Құдай кімдерді бұрыннан белгілеп қойса, соларды шақырып алды, шақырып алғандарын ақтап та алды, ақтап алғандарына ұлылық та сыйлады.#8:30 Яки: ақтап алғандарын Құдай, сөзсіз, салтанатты ұлылыққа бөлейтін болады (8:18,21; 9:23-26; Қор2 4:17).
31Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?! 32Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды.#8:32 5:8; 8:38-39; Жох 3:16; 15:13. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін#8:32 Яки: Құдайдың даңқын арттыруға қажетті нәрселердің бәрін. қалайша сыйламайды? 33Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды, 34ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.#8:34 Яки: біз үшін ара түсуде (8:27; Жох 17:20-24; Жох1 2:1-2; Евр 4:14-15; 7:25; 9:24).
35Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? 36Забурда мына сөздер жазылған: «Сен үшін жау бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда».#8:36 Жыр 43:23; Жох 16:2; Қор2 4:11. 37Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.#8:37 Жох 16:33; Қор1 15:57.
38Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! 39Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!

Tõsta esile

Share

Kopeeri

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in