Римдіктерге хат 3
3
Құдайдың берген уәдесіне адалдығы
1«Олай болса, яһуди болудың артықшылығы не? Сүндеттелудің пайдасы қандай?» (деп сұрауларың мүмкін.) 2Әрине, яһудилердің қай жағынан болса да артықшылықтары бар. Ең алдымен, Құдайдың сөзі ата-бабаларымызға сеніп тапсырылды. 3Рас, олардың біразы Құдайға адал болған жоқ.
«Ал олардың адал болмағандығы Құдайдың өз уәдесіне деген адалдығын жоя ма?» 4Жоқ, мүлдем олай емес! Керісінше, адамдардың барлығы бірдей өтірікші болса да, Құдай берген сөзінен таймайды. Бұл туралы Забурда мынадай сөздер жазылған: Осылай айтқандарыңның әділ екені көрінеді, Сен айыпталғанда жеңімпаз болып шығасың.#3:4 Жыр 50:6.
5«Егер біздің әділетсіздігіміз арқылы Құдайдың әділдігі айқындала түссе, не деуіміз қажет? Онда Құдай бізге#3:5 Яғни яһудилерге. қаһарын төккенде әділетсіз болып шықпай ма?» — Мұны адамдық тұрғыдан айтып отырмын. — 6Жоқ, мүлдем олай емес! Құдай әділетсіз болса, қалайша әлемді Соттаушы бола алар еді?
7«Егер мен әділетсіздік жасаған сайын Құдайдың адалдығы мадақталып, Оның даңқы артатын болса, онда неге мен әлі де күнәкар деп айыпталамын?» (деп қайсыбіреудің айтуы да мүмкін.) 8Әлде «Жақсылық шықсын деп жамандық істей берейік» деуге бола ма? Жоқ, болмайды! Ал кейбіреулер бізді осылай тәлім берді деп жала жауып жүр. Олар Тәңірдің үкіміне лайық!
Құдай алдында ешкім де өздігінен әділ емес
9«Сонымен қалай болды? Басқалардың алдында (яһуди халқынан шыққан) біздердің артықшылығымыз бар ма?» Жоқ, ешқандай! Яһудилер де, басқа ұлттың адамдары да бірі қалмай күнәнің билігінде екенін жоғарыда дәлелдедік. 10Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ, 11ақылды ешкім де жоқ, Құдайға бет бұратын да жоқ. 12Бәрі тайып кетті теріс жолға, әбден бұзылып кетті бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.#3:12 Жыр 13:2-3; 52:3-4; Уағ 7:20. 13Арандары олардың көрдей ашық,#3:13 Немесе: Айтқандары ашық көрдің иісіндей жаман. майда тілдерімен айтады жалғандық. Сұр жыланның уы тілдерінен тамады. 14Ауызынан шыққандар: қарғыс, өтірік, жалғандық. 15Аяқтары жазықсыз қан төгуге асығады. 16Олар жүрген жерлерін қиратып, азап шеккізеді. 17Татулық дегенді олар білмейді.#3:17 Жыр 5:10; 139:4; 9:28; Иш 59:7,8. 18Құдайды қастерлейтін ниеттері жоқ.#3:18 (Жыр 35:2) Немесе: Оларда Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеу деген атымен жоқ.
19Ал Таурат заңының күллі ережелері оған бағынышты адамдар үшін#3:19 Яғни яһудилер (Исраил халқы) және оларға қосылып Таурат заңына мойынсұнған басқа ұлттық адамдар үшін. күшінде екенін білеміз. Сондықтан (басқа ұлттардың да, яһуди халқының да) барлық адамдары ешбір сылтау таппай, үндері өшеді.#3:19 Яки: ешбір сылтау таппай, ақтала алмайды (2:12; 3:9). Осылай бүкіл адамзат та Құдай алдында күнәлі болып, сотталатын болады. 20Себебі Таурат заңын орындау арқылы бірде-бір адам Құдай алдында ақтала алмайды. Керісінше, сол заң адамның күнәлі екенін әшкерелейді.#3:20 Яки: Адам Құдайдың заңын неғұрлым жақсы таныса, өзінің күнәлі екенін соғұрлым терең түсінеді (5:13,20; 7:7; Ғал 2:16).
Құдайдың адамдарды ақтау жолы
21Ал енді Құдайдың адамдарды ақтау жолы көрсетілді. Бұл жолға заңды ұстанудың қатысы жоқ. Ол туралы Таурат пен Пайғамбарлар жазбалары білдірген еді.#3:21 Жар 3:15; 15:6; Жыр 31:1-2; 102:8-12; Иш 12:2; 43:22-25; 53:4-6,11. 22Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ: 23бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.#3:23 Немесе: бәрі де күнә жасағандықтан, Құдайдың оларға белгілеген ұлы қасиеттері мен армандарынан құр алақан қалды (3:4,9-20; 8:21,30; Жар 1:26-28; 3:16-18,23-24; 6:3; Жыр 8:4-8; Иш 59:2-15). 24Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады.
25Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті:#3:25 Яки: Құдай Өзінің қаһарын басып, күнәларды мойнына алып кететін құрбандық ретінде Мәсіхті көрсетті (Мыс 25:17; Жох1 4:10; Евр 2:17; 9:28). Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді. 26Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.#3:26 3:24,28; 5:1,9; Жох 3:16; 6:47.
27«Ал енді, мақтануымызға бола ма?» Мақтанатын түгіміз жоқ. «Не себептен бұлай? Игі істер жасау арқылы ақтала аламыз ба?» Жоқ, сену арқылы ғана ақтала аламыз. 28Сонымен біз адам заң бойынша жасаған игі істері арқылы емес, сенімі арқылы ғана ақталады деген қорытындыға келеміз.
29«Әлде Құдай тек яһудилердің Құдайы болып, басқа ұлттарды қабылдамай ма?» Әрине, қабылдайды, Ол басқа ұлттардың да Құдайы ғой! 30Себебі жалғыз бір-ақ Құдай бар. Ол сүндеттелген яһудилерді де, сүндеттелмеген халықтарды да сенімдері арқылы ақтап алады. 31Біз «адамдар сенім арқылы ақталады» деп, Құдайдың заңын күшінен айырамыз ба? Жоқ, мүлдем олай емес! Керісінше, біз Құдайдың заңының күшін нығайтамыз.#3:31 7:7-14,25; 13:8-10; Мат 5:17-48.
Currently Selected:
Римдіктерге хат 3: КК 2010
Tõsta esile
Share
Kopeeri

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: