YouVersioni logo
Search Icon

Римдіктерге хат 10

10
1Қымбатты бауырластар, менің жүрегімнің тілегі және Құдайдан жалбарынып сұрайтыным — исраилдіктердің құтқарылуы. 2Олардың Құдай үшін ынта көрсетіп жүргендеріне куәмін, алайда ынталары дұрыс түсінікке негізделмеген. 3Өйткені олар Құдайдың адамды ақтау жолын ұқпай, өздерінің әділдігін орнатуға тырысты, осылайша Тәңір Иенің дайындаған ақтау жолын мойындамай қойды. 4Адамдардың Таурат заңын ұстануға ұмтылысын Мәсіх тоқтатты,#10:4 Яки: Мәсіх Таурат заңын орындап, оны мақсатына жеткізді (7:1-4; Ғал 3:24; Мат 5:17-20). енді Оның құрбандық өліміне сенетіндер ақталады.
5Таурат заңының ережелерін орындау арқылы ақталу туралы Мұса пайғамбар былай деп жазған: «Оларды бұлжытпай орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді».#10:5 (Леу 18:5; Езк 20:11) Демек, сондай адам Құдайдың зор жарылқауымен өмір сүреді. 6Ал сенім жолымен ақталу туралы Тауратта мына тәрізді сөздер айтылған: Кім көкке көтеріледі? Яғни кім Мәсіхті көктен алып келеді? — деп іштей сұрама. 7Немесе: Кім тұңғиыққа түседі? Яғни кім Мәсіхті өлімнен қайтарып алып келеді? — деп те айтпа.#10:7 Енді мұны істеудің қажеті жоқ, себебі Мәсіх бізді құтқару үшін көктен түсіп, жанын құрбан еткеннен кейін өлімнен қайта тірілді. 8Қайта, сенім жолымен ақталу жөнінде былай делінген: «Бұл сөз саған өте жақын, ол ауызыңда және жүрегіңде».#10:8 Заң 30:12-14; Пет1 1:23-25.
Сенім туралы біз жариялап жүрген сөз — осы. 9Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың. 10Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсінен ақталады, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады. 11Осы туралы Ишая пайғамбардың жазбасында «Оған сенімін артқан ешкім ұятқа қалмайтын болады лайым» делінген ғой.#10:11 9:33; Иш 28:16. 12Бұл жерде яһудилер мен басқа ұлттардың араларында айырмашылық жоқ, олардың жалғыз бір Жаратқан Иесі бар: Ол Өзіне сиынғандардың бәріне де шексіз рақымды. 13Себебі: «Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады» деп те жазылған.#10:13 Жое 2:32.
14(Енді былай деулерің де мүмкін:) «Олар Иемізге сенбесе, қалай Оған сиынады? Ол туралы естімесе, қалай сенеді? Оны ешкім уағыздамаса, қайдан естиді? 15Ал Құдай жібермесе, қалай уағыздайды?» Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер бар: (Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушілердің келгені қандай тамаша!#10:15 Иш 52:7.
16Бірақ Құдай Ізгі хабарды жіберген болса да, исраилдіктердің бәрі бірдей оған сенген жоқ, оны қабылдаған да жоқ. Осы туралы Ишая пайғамбар мынадай сөздер айтқан: Уа, Ием, біздің хабарымызға азғана кісілер сенді!#10:16 Иш 53:1. 17Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін#10:17 Немесе: Құдай сөзін (Ізгі хабарды). жариялаудан болады. 18Енді: «Олар хабарды естіген жоқ па?» деп сұрағым келіп тұр. Әрине, естіген. «Үндері жайылады бар жер бетіне, сөздері таралады жердің шетіне» деп (Забурда) жазылған ғой.#10:18 Жыр 18:5. (Адамдар аспанға қарап Жаратушының құдіретін көре алады. Сол сияқты, уағыздаушылар Ізгі хабарды шартарапқа таратқандықтан, ол яһудилердің бәріне дерлік жетті.) 19Онда мен: «Мүмкін Исраил халқы түсінбеген шығар?» деп сұраймын. Тіпті басқа ұлттық адамдар оны түсінді ғой! Мұса пайғамбар мұны бірінші болып Құдайдың мына тәрізді сөздерімен алдын ала айтты: «Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылы сендердің қызғаныштарыңды оятамын. Иә, өздерің түсінігі жоқ деп санайтын өзге халықпен сендерді ашуландырамын!»#10:19 (Заң 32:21) Яғни бұған дейін Құдайға мойынсұнбаған және Онымен қасиетті Келісімі болмаған халықтардың адамдары Исраил менсінбеген рақымды қабылдайды. 20Ишая пайғамбар бұл туралы батылдықпен Құдайдың мынадай хабарын жеткізді: «Іздемегендер Мені таба алды. Мен туралы сұрамағандарға Өзімді көрсеттім». 21Ал Исраил халқы жайында Құдай мына тәрізді сөздер айтты: «Мен құлақ аспайтын, қасарысқан халықты күні бойы қол созып шақырумен болдым».#10:21 Иш 65:1-2.

Tõsta esile

Share

Kopeeri

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in