YouVersioni logo
Search Icon

Петірдің 2-хаты 3

3
Иеміздің дүниені соттауға қайтып келуін күтіп, лайықты өмір сүру
1Сүйікті бауырластарым, бұл менің сендерге жазған екінші хатым. Екеуінде де осы жайттарды естеріңе түсіре отырып, шындап ойлануларыңа түрткі салмақ болдым. 2Өткен замандарда Құдайға бағышталған пайғамбарлар#3:2 Яки: Құдайдың қасиетті пайғамбарлары (1:19-21; Лұқ 1:70; 24:47; Елш 3:18,24-26). айтып кеткен сөздерін және Иеміз әрі Құтқарушымыздың сендерге жіберген елшілері арқылы жеткізген өсиетін есте сақтағандарыңды қалаймын.#3:2 2:21; 3:15; Яһд 1:17.
3Ең бастысы, мынаны біліп қойыңдар: осы соңғы заманда#3:3 Немесе: соңғы күндері (яғни Мәсіхтің қайта оралуына дейінгі аралықта). арам құмарлықтарына салынып, сендерді келемеждейтін адамдар шығатын болады. 4Мұндайлар: «Иелеріңнің қайтып келетіні жайлы берген уәдесі қайда, ә? Аталарымыз#3:4 Яки: Қауымдардың алғашқы жетекшілері (Евр 13:7). қайтыс болғаннан кейін де барлық жайттар еш өзгеріссіз, жаратылыстың басталуынан бергі қалпында#3:4 3:8-9; Евр 10:35-39; 12:25-29; Сал1 5:1-11; Мат 24:48-51; Лұқ 21:25-28,33-36. қалып келеді ғой», — дейді. 5Солай ойлағанда олар мыналарды әдейі ескермейді: Құдайдың бұйрығымен#3:5 Яки: Құдайдың сөзімен (Жар 1:1-2; 6-10). көк баяғыдан бері бар болған, ал жер судан шығып, сумен қалыпқа келтірілді. 6Тәңір Иенің бұйрығына сай топан су кенеттен көне заманғы дүниені басып, адамзатты жойып жіберді. 7Сол сияқты, Құдай Өзінің әмірімен осы қазіргі аспан мен жерді де әділетсіздердің сотталып, тозаққа түсетін күні отпен қиратуға қалдырып отыр.
8Сүйікті бауырластар, Жаратқан Иенің алдында бір күн мың жылдай, ал мың жыл бір күндей екенін жақсылап ұғып алыңдар.#3:8 (Жыр 89:5) Яғни Құдай Өзі жаратқан уақытқа тәуелді емес. Ол жоспарларын Өзі белгілеген кезде орындайды (Абқ 2:3; Мар 1:15; Рим 5:6; Ғал 4:4). 9Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!
10Ұрының табан астынан түсетіні сияқты, Иеміздің қайта оралатын күні де білдіртпей кенеттен келмек. Сол күні аспан қатты шумен#3:10 Немесе: қатты гүрілмен (3:7,12). жоқ болып, дүниенің құрамдас бөліктері өртеніп құрып кетеді. Жердің өзі де, ондағы бүкіл жаратылыс пен адам қолымен істелгеннің бәрі де өртеніп жоқ болады.#3:10 Немесе: бәрінің күнәкарлығы әшкереленіп, сотталатын болады (Мат 24:35; 25:32; Евр 12:26-29; Аян 21:1).
11Бар дүние осылайша құрып кететіндіктен, сендер қандай болуларың керек? Жүріс-тұрыстарың Тәңір Иеге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс! 12Себебі сендер Құдайдың алдын ала белгілеген күнін сағына күтіп, оны тезірек келтіргілерің келеді.#3:12 Елш 3:19-20; Мат 6:10; Яһд 1:11. Сол күні аспан өртеніп құрып, дүниенің құрамдас бөліктері оттың жалынында балқып кетеді. 13Ал біз Құдайдың уәдесіне сай әділдік орнаған жаңа аспан мен жаңа жердің пайда болуын күтудеміз.#3:13 Иш 65:17; 66:22; Аян 21:1,5.
14Сонымен, сүйікті бауырластар, сендер бұлардың келуін күтіп жүргендіктен, Мәсіхтің алдында тұрғанда Оның сендерді мүлтіксіз пәк таза, тыныштықпен өмір сүрді деп табуы үшін осыған жан сала ұмтылыңдар! 15Иеміз төзімділік танытуда, себебі Ол адамдарды құтқарғысы келеді, мұны дұрыс ұғыңдар!#3:15 3:9.
Сүйікті бауырласымыз Пауыл да сендерге Тәңір Ие өзіне сыйлаған даналығымен осы туралы хат жазған болатын.#3:15 3:2; Еф 3:3. 16Ол бұл мәселеге тоқталып өткен барлық хаттарында да осылай дейді. Оларда бірқатар түсінуге қиын жерлер бар. Шынайы рухани тәлім алмаған, тұрақсыз адамдар өзге Киелі жазбаларды#3:16 Яки: Киелі кітаптың (Таурат, Забур, Пайғамбарлар жазбаларындағы) басқа жазбаларын (Мат 22:29; 26:54; Лұқ 24:27,44; Жох 5:39; Елш 17:2,11; Рим 1:2). бұрмалағандары сияқты, бұларды да бұрмалап, қате түсіндіреді. Сол арқылы олар тозаққа түсулеріне өздері себепші болады.
17Алайда сендер, сүйікті бауырластарым, бұны алдын ала біліп, сақ болыңдар: ұяты жоқ, тура жолдан адасқан адамдарға ілесіп, берік негіздеріңнен айырылып қалып жүрмеңдер! 18Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер!
Оның ұлылығы қазір де, мәңгілікте де даңқтала берсін!#3:18 Яки: Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх қазір де, қиямет күні де салтанатты ұлылыққа, даңқ пен құрметке ие болады! Аумин.

Tõsta esile

Share

Kopeeri

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in