1
Римдіктерге хат 3:23-24
Киелі кітап
КК 2010
бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды. Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады.
Compare
Avasta Римдіктерге хат 3:23-24
2
Римдіктерге хат 3:22
Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ
Avasta Римдіктерге хат 3:22
3
Римдіктерге хат 3:25-26
Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді. Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Avasta Римдіктерге хат 3:25-26
4
Римдіктерге хат 3:20
Себебі Таурат заңын орындау арқылы бірде-бір адам Құдай алдында ақтала алмайды. Керісінше, сол заң адамның күнәлі екенін әшкерелейді.
Avasta Римдіктерге хат 3:20
5
Римдіктерге хат 3:10-12
Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ, ақылды ешкім де жоқ, Құдайға бет бұратын да жоқ. Бәрі тайып кетті теріс жолға, әбден бұзылып кетті бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
Avasta Римдіктерге хат 3:10-12
6
Римдіктерге хат 3:28
Сонымен біз адам заң бойынша жасаған игі істері арқылы емес, сенімі арқылы ғана ақталады деген қорытындыға келеміз.
Avasta Римдіктерге хат 3:28
7
Римдіктерге хат 3:4
Жоқ, мүлдем олай емес! Керісінше, адамдардың барлығы бірдей өтірікші болса да, Құдай берген сөзінен таймайды. Бұл туралы Забурда мынадай сөздер жазылған: Осылай айтқандарыңның әділ екені көрінеді, Сен айыпталғанда жеңімпаз болып шығасың.
Avasta Римдіктерге хат 3:4
Home
Bible
Plans
Videod