1
Салониқал. 2-хат 2:3
Киелі кітап
КК 2010
Ешкім сендерді амалын тауып алдап кетпесін. Себебі Иеміз келер алдында адамдар Құдайдан бас тартып, опасыздық жасайды, әрі әділетсіздіктің қолдаушысы, кейін мүлдем құритын кісі пайда болады.
Compare
Avasta Салониқал. 2-хат 2:3
2
Салониқал. 2-хат 2:13
Иеміз сүйген қымбатты бауырластар, сендер үшін Құдайға үнемі алғыс айтуға міндеттіміз. Себебі Ол сендерді Киелі Рухының арқасында Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүріп, әрі шындыққа сеніп құтқарылуларың үшін әуел бастан таңдап алған еді.
Avasta Салониқал. 2-хат 2:13
3
Салониқал. 2-хат 2:4
Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін бар нәрсеге қарсы тұрып, өзін олардан жоғары қояды, тіпті Құдайдың киелі үйінде отырып алып, өзін «құдаймын» деп жариялайды.
Avasta Салониқал. 2-хат 2:4
4
Салониқал. 2-хат 2:16-17
Лайым бізді сүйетін, әрі рақымын төгіп, мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Иеміз Иса Мәсіх пен Құдай Әкеміз жүректеріңді жігерлендіріп, сендерге іс жүзінде де, сөз жүзінде де ізгілік жасауға күш бергей.
Avasta Салониқал. 2-хат 2:16-17
5
Салониқал. 2-хат 2:11
Сондықтан да Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды.
Avasta Салониқал. 2-хат 2:11
6
Салониқал. 2-хат 2:9-10
Ал Құдайдың заңына қарсы тұрушы кісі келгенде, шайтанның әрекетіне сай зор күш-қуат, әр түрлі алдамшы ғажайып істер мен кереметтер көрсетпек. Ол кейін құритындардың бәрін күллі жамандықтармен тура жолдан адастырады. Себебі олар өздерін құтқара алатын шындықты ұнатпай, оны жүректеріне жолатпады.
Avasta Салониқал. 2-хат 2:9-10
7
Салониқал. 2-хат 2:7
Әрине, адамдарды Құдайдың заңына қарсы тұрғызатын құпия күштер қазірдің өзінде әрекет етуде! Бірақ соларды ашық шығармай, ұстап тұрған қасиетті күшті алдымен Құдай алып тастауы керек.
Avasta Салониқал. 2-хат 2:7
Home
Bible
Plans
Videod