1
Тімотеге 1-хат 6:12
Киелі кітап
КК 2010
Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан. Құдай сені осыған шақырды, өзің де көптеген куәлардың алдында Ізгі хабарды мойындадың.
Compare
Avasta Тімотеге 1-хат 6:12
2
Тімотеге 1-хат 6:10
Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті.
Avasta Тімотеге 1-хат 6:10
3
Тімотеге 1-хат 6:6
Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді.
Avasta Тімотеге 1-хат 6:6
4
Тімотеге 1-хат 6:7
Бұ дүниеге ештеңе де әкелген жоқпыз, одан ештеңе алып кетпейтініміз де айдан анық.
Avasta Тімотеге 1-хат 6:7
5
Тімотеге 1-хат 6:17
Осы дүниелік мал-мүлікке бай сенушілерге мынаны ескерт: олар менмен болмасын және сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол адамдар рақатын көрсін деп игіліктердің бәрін сыйлайды.
Avasta Тімотеге 1-хат 6:17
6
Тімотеге 1-хат 6:9
Ал баюға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құрып кетуге апаратын көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі.
Avasta Тімотеге 1-хат 6:9
7
Тімотеге 1-хат 6:18-19
Байлар жақсылық жасай беріп, игі істерге дарқан әрі жомарт болып, басқалармен бөліссін. Осылай олар өздеріне келешек заман үшін игілікті негіз болатын рухани қазына жинап, мәңгілік, шынайы өмірді берік ұстанбақ.
Avasta Тімотеге 1-хат 6:18-19
Home
Bible
Plans
Videod